Текст книги "Сөнбеген жалын"
Автор книги: Бекзат Шарипов
Жанр: Современная русская литература, Современная проза
Возрастные ограничения: +16
сообщить о неприемлемом содержимом
Текущая страница: 1 (всего у книги 2 страниц) [доступный отрывок для чтения: 1 страниц]
Сөнбеген жалын
Бекзат Насриденович Шарипов
© Бекзат Насриденович Шарипов, 2023
ISBN 978-5-0060-9490-1
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Алғы сөз
«Махахаббат – екінші рет дүниеге келу». Сол себепті ғашық болған адам бала секілді. Айтылған сөз құлағынан ағып кетеді. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезімдердің бірі. «Махаббаттан құдіретті дін жоқ», – деп бекер айтпаса керекті.
Адамдар дүниеге келеді, жүреді-жүреді, соңында қайтыс болады. Бәрі де бірсарынды. Тек айырмашылық – жүрегінде. Жүрегі махаббатқа толы жанның ғұмыры мағыналы болады, оның қуанышы қойнына сыймайды. Барлығының да бастамасы махаббат болып табылады. Ол – сезім оты. Оған күйесің, жанасың, тіпті өртенесің. Ғашық болған адам сүйген кісіден басқа ешкімді ойламайды. Күндіз де, түнде де көз жанарын ілмей ғашығын ғана ойлайды. МАХАББАТ. Бар жоғы сегіз әріптен құралған жалғыз сөз. Ал осы сөздің ішінде қаншалықты күш-қуат бар екенін бәрі біле бермейді. Бұл – жерді аспанға шарықтатып, көк аспанды жерге түсіретін ғаламат күш. Бал арасы гүлдің ең әдемісіне, ең тәттісіне қонғандай, махаббат та жан дүниесі кіршіксіз, рухы биік жандарда ғана болады. Тіршілікті гүл десек, махаббат сол гүлдің нәрі. Біреулер ойлайды: үріп ауызға салғандай қызды көріп, оны ұнатса болды, мен ғашық болып қалдым, махаббат деген осы екен деп! Бірақ та шынайы махаббаттың оянуы оңай емес. Махаббат деген әртүрлі болады. Сүйіктісіне, ата-анасына, Отанға, кейбір жансыз заттарға деген сүйіспеншілік… Біз бәріміз біреуді немесе бір нәрсені жақсы көреміз, ол солай болған және де солай болып қала бермек. Ғашық жанның жарғақ құлағы жастыққа тимейді. Ол махаббат дертінен зардап шегеді. Көзі тұманданып, соқыр болады, есінен айырылады. Ондай адамда шыдам болмайды, ал егер де шыдамы бар болса, ол ғашық та болмайды.
Жаныңызды өзге түгіл өзіңіз түсініп білмейтін күйге бөлейтін жағдайды басыңыздан өткіздіңіз бе? Әрине өткіздіңіз, себебі ешбір жанды айналып кетпей, жүрегіңізге келіп, мәңгі орнығатын ол махаббат деген ұлы күш. Ақындарға өлең жаздыратын, содан соң олардың жүректерін тоздыратын, компазиторларға шабыт беретін, ал біздерге бірде қуаныш, бірде мұң сыйлайтын махаббат емес пе? Махаббатты ешкім де қолмен ұстап көрген емес, бірақ ол кімнің болсын да жүрегінде. Мәңгі ескірмейтін, мәңгі өлмейтін махаббат қайдасың?
«Махаббаттың қиындығы мол. Ғашық болдың ба, зардабына да дайын бол?!» (Шарипов Бекзат)
1 Бөлім
Қыс. Бұл мезгіл ашулы мінезімен, сықырлаған аязымен, кіршіксіз аппақ қарымен ерекше. Міне, таңның сазы да біліне бастады. Ауа-райы болса күннен күнге дейін суытып барады. Даладағы аяздың қаҺарына төтеп беру мүмкін емес. Желдің ығына да қарсы шыға алмассың. Қара жердің бетін басқан аққұба ару секілді үлпүлдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Түс ауа күннің көзі әлсің-әлсің болса да, арайлы сарғылт жүзін әлемге көрсете бастады. Жел де саябырсыды.
Осы кезде Бекарыс дүние есігін ашты. Ол Жанболат пен Айнагүлдің баласы еді. Жанболат ұзын бойлы, қара торы келген, ірі денелі адам. Ал Айнагүл орта бойлы, үріп ауызға салғандай келбетті еді. Оның мөлдіреген көздері түнде жарық беретін жұлдыздар секілді, тұла бойы шыбықтай келген, еріндері шиедей болған.
Әкесі баласының қақап тұрған суықта емес, сәл болса да жылынып тұрған мезгілде туғаның жақсылыққа жорыды. «Жолы болғыш бала екен», – деді Жанболат.
…Арада бір жыл өтті. Айнагүл о дүниелік болды. Әрине, Бекарыс үшін бұл тансық нәрсе еді. Ол анасының омырауынан шығып үлгерген. Бірақ бала шешесінің жоқтығын сезеді ме, көп жылай береді?! «Қиыңдыққа мойымаймын», – деген Жанболат бар күшін жинап алды. Тағдырға өз мінезін көрсете білді. Өзі де анасынан ерте айырылған еді, анасыз өмір сүрудің не екенің жақсы біледі.
…Енді міне Бекарыс мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қасында анасының жоқтығын біледі. Іші алай-дүлей болса да, сыртқа оны көрсетпейді. Жанболат барынша Айнагүлді жоқтатпауға тырысып жүр. Дегенмен бала үшін шешенің орны бөлек. «Әкесіз жетім – пұл жетім, Анасыз жетім – тұл жетім», – деп халық бекер айтпаған.
Күз. Жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Жерге алтын кілем төселгендей. Осы бір құбылмалы айда білім күні басталады. Бекарыс та мектепке келді. Жан тәні қайғы-қасіретке толы болса да, бар назарын оқуға аударуға тырысады. Анасынан ерте айырылған бала өзгелерден мінезімен де, тапқырлығымен де ерекшеленді.
Бір күні Бекарыс үйге жылап оралды. Бұл кезде әкесі үйде еді. Баласының көз жасын көріп:
– Не болып қалды?, – деді әкесі.
– Ештеңе, – деп жауап қатты баласы. Бірақ іштей барлығын айтқысы келіп тұр. Оны әкесі де сезіп тұрғандай, баласына телміріп қадала қалды. Біраз уақыттан кейін Бекарыс қайта тіл қатты.
– Әке, – деді, сәл кідіріп, көз жасын сүртіп алды. —Бізге тапсырма берілді. Әкесі мен баласы сөйлескенде бір-бірінің сөзін бөлмейтін. Тіпті қазір де бұл үрдіс сақталып қалды. -«Менің отбасым» тақырыбында шығарма жазу керек. Жанболат баласын бірден құшағына алды. Бірақ не дерін білмеді. Сәлден кейін баласының көзіне тура қарап, күлімсіреп тұрды. Бекарыс әкесінің бұл қылығын түсіне алмады. Содан кейін Жанболат:
– Сенің отбасын бар. Бұл шығарманы бірге жазамыз. Бес деген баға аласын. Осыдан көрде тұр, – деді.
– Барлығы аналары туралы көп нәрсе жазады. Ал мен не жаза аламын? Тіпті анамның бейнесін де білмеймін.
– Ол үшін қапа болма. Айнагүлдің қандай болғаның білемін-ғой. Басқа балаларға қарағанда көп сөз жазасын. Сонда осыған бола жыладың ба?
– Иә. Не істерімді білмедім. Аз сөз жазып, төмен баға алып қаламын деп ойладым.
– Барлық қиыңдықтан өтесің. Саған арқау боламын. Бұны естен шығарма. Енді бұндай түймедей нәрсеге бола жылаушы болма. Түсіндің бе, балам?
– Түсіндім, әке, – деді Бекарыс.
Келесі күні Бекарыс мектептен күлімсіреп оралды. Жазған шығармасы үшін бес алды. Бірден әкесін құшақтады.
– Рахмет саған, әке, – деді.
– Сенің күлімдеп жүргенің мен үшін үлкен бақыт.
– Маған барлығы қол шапалақтап, қошемет көрсетті. Мұғалім де таңғалды. Шығарманы сенімен бірге жазғанымды айттым. «Ендеше әкене де бес қояйық», – деді Жанар Мұратқызы. Сен де бес алдың, әке.
– Өте қуаныштымын, балам. Бізді алда әлі көптеген жеңістер күтіп тұр.
2 Бөлім
…Бекарыс төртінші сыныпта оқып жүрген кез еді. Бір күні Жанболатқа мектеп директоры хабарласты. Бекарыс пен оның сыныптасы Қайсар төбелесіп қалыпты.
Жанболат бұл хабарды естіп, бірден мектепке келді. Директордың бөлмесіне жол тарты.
– Сәлеметсіз бе, Сара Қайратқызы!
– Сәлеметсіз бе, Жанболат Бердібекұлы! Төрлетіңіз, отырыңыз. Сәлден кейін Қайсардың анасы да келуі тиіс.
Бес минуттан кейін есік ашылды. Ішке аққұба жүзді, қыпша белді, орта жасар әйел кіріп келді. Бұл Қайсардың анасы еді.
– Қош келдіңіз, Жайнагүл Рахманқызы.
– Қош көрдік.
– Барлығымыз жиналып қалыппыз, болған жағдайды талқылайық.
– Талқылайтын ештеңе жоқ. Менің Қайсарыма қол көтерген баланы мектептен шығару керек. Ондай бала басқаларға да қол көтереді. Бұндай бұзақыларға мектеп керек емес. Көше кезіп жүре берсін.
Жанболат қаншалықты ашуланса да, ашуын қамшылай білді, айтылған сөздерге барынша сабырлықпен қарады. Бір шикілік бар екенін сезіп отыр. Себебі баласын бес саусағындай біледі.
– Жайнагүл Рахманқызы, сабыр етіңіз. Сіздерді шақырған себебім, мәселені ушықтырмай шешу. Әр бала болған жағдайды өзінше айтып берді. Екеуінің айтып отырғаны бір-бірінің айтқанына ұқсамайды.
«Қарға баласын аппағым дейді, Кірпі баласын жұмсағым дейді». Бұл сөздер Жанболаттың ойына бекер түскен жоқ. Енді ол тіл қатты:
– Әрине әркім өз баласына сенеді. Бұл жағдайда кім кінәлі болса да, баланы оқудан шығару бұрыс шешім болады.
Осы кезде бөлмеге біреу жүгіріп келді. Қос бұрымы өрілген, ашық жүзді, жайдары қыз екен. Бөлмедегілер не болғаның түсінбеді. Қыз бала бірден сөзін бастады:
– Рұқсатсыз кіргенім үшін кешіріңіздер! Айтайын дегенім, Бекарыс кінәлі емес.
Бәрі де таңғалып қалды.
– Сонда менің баламды кінәләп тұрсың ба?, – деді Жайнагүл, қызып тұрған ашуың баса алмай.
– Алдымен кісінің сөзін бөлмеуді үйреніп алыңыз, әйтпесе мәдениетсіздігіңізді көрсетесіз, – деді Жанболат, шыдай алмай.
– Ал сіз балаңызға ие болыңыз, – деп Жайнагүл бөлмеден шығып кетті.
Бірер минутта бөлменің іші тым-тырыс болып тыңа қалды. Бұл тыныштықты бөлмеге жүгіріп келген қыз бұзды. Ол өз сөзін жалғай түсті:
– Қайсар Бекарысқа жетімексің деді. Жанжал содан кейін ғана басталды. Бар айтарым осы.
Бұл қыз төртінші сыныпқа келген балалардың жаңа сыныптасы еді.
– Батыл, әрі шыншыл қыз екенсің. Есімін кім?, – деді Жанболат
– Менің атым Айнагүл.
Бұл есімді естігенде Жанболаттың жүрегі дүрс-дүрс соғып қоя берді. Бірақ ештеңе де айта алмады.
– Айнагүл, сыныбыңа бара бер, біз сенің айтқанынды естідік, соған байланысты шешім қабылдаймыз, – деді Сара Қайратқызы.
Айнагүл бөлмеден ақырындап шыға берді.
– Жанболат мырза, бәрі жақсы ма?
Бұл сұрағына өзі де қысылып қалды. Жағдайдың қандай мүшкіл екенін көріп тұр-ғой.
– Бәрі жақсы. Мен баламмен сойлесемін. Ешкімді оқудан шығарудың қажеті жоқ. Мәселені ым жымсыз шешеміз.
Айнагүл деген есімді естігенде көз алдына марқұм әйелінің бейнесі шыға келді. Әлі де есін жия алмай тұр. Әйелінің басына барып, бар жағдайды айтқысы келді. Міне, зиратта, Жанболат әйелінің бейітінің қасында жалғыз отыр. Іші алай-дүлей, жүрегі қан құса, бар жағдайды айтып, біраз болса да арқасындағы жүгін жеңілдетті. Ары қарай не істерін ойланып отыр…
3 Бөлім
Кеш. Бекарыс мектептен оралды. Әкесі оны жылы шырай танытып қарсы алды. Өзі қатуланып алыпты.
– Не болды балам?, – деді Жанболат, түрін өзгертпестен.
– Мен жетімек емеспің, ал Қайсар маған солай деді.
– Дұрыс балам. Асқар таудай әкең бар. Ал сен неге Қайсардың сөзін тыңдайсын?
– Мен тыңдаған жоқпын. Мен оған ашуландым.
– «Ашу дұшпан, ақыл дос». Қазір бұл сөздердің мағынасын түсінбеуін мүмкін, бірақ уақыт өте келе бәрін де түсінесін. Ең бастысы ашуынды жеңе біл, қандай жағдай болмасын сабырлық таныт.
– Түсіндім, әке. Енді ондай қайталанбайды. Сөз беремін.
– Жарайсың, балам. Ал енді Қайсармен қарым-қатынасыңды түзетуін керек.
– Жоқ, әке, ол мүмкін емес. Мен онымен мүлде аралысқым келмейді. Одан да басқа сыныпқа ауысайын, тіпті басқа мектепке ауысайын.
– Сабыр ет. Сені өте жақсы түсінемін. Бірақ ондай қылығыңмен сен кінәлі екеніңді мойындайсын. Қайсармен ара қатыңасыңды түзету керек. Себебі онымен әлі бірнеше жыл оқисын.
– Қалай? Ол өте жұғымсыз бала. Онымен араласу мүмкін емес, – Бекарыс сабырға келе бастады. Әкесімен қатты сөйлескені үшін өзі де қызарып, ұялып тұр.
– Мүмкін емес нәрсе жоқ. Мәңгі өмір сүру ғана мүмкін емес. Қалғанының барлығын жүзеге асыруға болады.
– Қатты сөйлегенім үшін кешір.
– Қателігіңді түсініп, кешірім сұрау, бұл үлкен жеңіс. Мен саған ренжіген де жоқпын. Ал бұл жеңісің үшін мен өте қуаныштымын.
– Еңдеше тағы бір жеңіске жетейік. Қайсармен ара қатынасымды қалай түзете аламын?
– Жақсы сұрақ. Бұл сұраққа жауабым дайын тұр. Ертең, яғни сенбі күні Қайсарды және оның ата-анасын кешкі асқа шақырамын. Ертеңгі кешкі аста барлығы шешіледі деген ойдамын.
– Сен олармен сөйлестің бе?
– Әлі сөйлескен жоқпын, ал қазір кеш болып кетті, ертең сөйлесермін.
– Ендеше сәттілік!
Таң бозарып атып келеді. Жанболат әдеттегідей ерте оянып алған. Бүгінгі күнге дайындалып жатыр. Бірер сағаттан соң баласы да оянды. Содан соң Жанболат жолға шықты.
4 Бөлім
…Есік қағылды, үйдегілер аң-таң, бір-бірлеріне қарап отыр. Бір кезде Мұрат тұрды да, есікке қарай беттеді. Есікті ашқанда, Жанболатты көрді.
– Сәлеметсіз бе, Мұрат Жандарбекұлы!
– Қош келдіңіз, Жанболат Бердібекұлы, төрлетіңіз!
Жанболат ішке кіре салысымен Жайнагүл ашудан қызара түсті, бұл жолы үндеген жоқ. Күйеуінің алдында бұндай қылығын көрсеткісі келмеді. Тек қана амандасып қоя берді. Баласы әкесіне құлақ асып қана Жанболатпен амандасты.
– Келген себебім, сіздерді өз үйіме кешкі асқа шақырамын.
Мұрат барлығын түсініп отыр, өзі де кешкі ас ұйымдастырмақшы болған. Бұл сөздер айтылғаннан кейін ол бірден келісе кетті. Содан кейін Жанолат үйден шығып кетті.
– Бұл не қылғаның? Әкесі баласынан ақылдырақ деп ойлайсың ба?
– Менің шешімім талқыланбайды. Айттым, бітті. Енді мені тыңдаңдар. Жайнагүл, мектепке барып, жағдайды одан сайын ушықтырыпсың. Біздің баламыз кінәлі болып шықты, ал сен оны мойындамай бөлмедегі есікті тарс жауып, шығып кетіпсің. Кешеден бері бұл жағдайды түзету жолын іздеп жүрдім. Ал бүгін Жанболат мырза бұл шешімді тауып әкелді. Қайсар, балам, сен әкесі бар адамға қалай жетімексің дей аласың? Сен бұл сөзіңмен Жанболат мырзаның да жүрегін ауырттың. Себебі ол баласын осы күнге дейін өзі жалғыз жеткізді, ешкімнен де кем түсірген жоқ. Бұл қылығынды ойланбай істеген шығарсың!? Бірақ әлі де кеш емес, бәрін де түзетуге болады, бұл кешкі ас бізге берілген мүмкіндік.
Анасы мен баласы бар істегендері үшін шынымен де өкініп тұр. Мұраттан кешірім сұрады. Ал Мұрат оларға былай деді:
– Менен емес, кімнен кешірім сұрау керек екенің өздерің де білесіңдер
Қайсар да, Жайнагүл де, айтылған сөздерді жақсы түсінді.
Кешкі ас. Екі отбасы мүшелері бір дастархан басында жиналды. Жайнагүл мен Қайсар өз қылықтары үшін өкінетінің айтып, кешірім сұрады. Бекарыс пен Жанболат бұл кешірімдерді қабыл алды. Одан кейін кешкі ас ашық жарқын әңгімемен жалғасты.
– Алақай, бәрі сәтті өтті. Ал Қайсар жақсы бала екен.
– Көрдің бе, балам, барлығы да шешіледі?! Кісінің түрі алдамшы болуы мүмкін. Оның жан дүниесін сезе білу керек.
5 Бөлім
…Қайсар мен Бекарыс араларынан қыл өтпейтіндей дос болды. Мектепте барлығын бірге шешетін. Бір-бірімен шыншыл болған. Сегізінші сыныпты оқып бітірген кез еді. Бір күні достар арасында махаббат туралы әңгіме қозғалады.
– Сен қызға ғашық болып көрдің бе?, – дейді Қайсар.
– Жоқ, – деп Бекарыс қысқа жауап қайырды. —Ал неге сұрадың? Әлде сен.., – деп күліп қоя берді.
– Ия, досым мен ғашық болдым. Қойшы енді күле бермей.
– Жарайды, бауырым, мен сені тыңдауға дайынмын.
Бекарыс Қайсардан бір апта ерте туған, бауырым деп айту себебі де содан.
– Кекетуіңді бәрібір де қоймайсың?
– Сенің ойың басқада болса да, бұл сөзді байқағаның ғажап екен. Ал айта бер, ол бақытты қыз кім екен?
– Көрші мектепте оқитын қыз.
– Есімі кім?
– Мен онымен әлі сөйлескен жоқпын. Не істерімді білмеймін. Өзімді бір түрлі сезініп тұрмын. Сенен ақыл сұрағым келіп отыр.
– Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Дегенмен менде бір ой бар.
– Қандай?
– Әкеңнен ақыл сұрағаның дұрыс болар. Ол не істеу керек екенің айтып берер. Не дегенмен тәжірбиесі бар адам. Мен де сенің орнында болсам әкеммен кеңесер едім.
– Табылған ой. Ендеше мен үйге кеттім. Әкемнен ақыл сұрап қайтайын. Ертең көрісерміз. Сау бол!
– Сау бол!
Ертеңіне балалар қайта кездесті. Қайсар әкесінің сөзін түгелдей Бекарысқа айтып берді. Енді балалар не істеу керек екенің ойланды. Бекарыс сөзін бастады:
– Ендеше ол қызды тауып алып, қасына барып сөйлес. Әңгімелерін жарасып қалар.
– Барармын. Ал әңгімеміз жараспай қалса не істеймін?
– Не істеймін дегені қалай, маған қайтып келерсің.
– Жарайды, ол қызды тауып алайық.
Бірер сағаттан соң балалар қызды тауып алды. Ол саябақта құрбыларымен бірге қыдырып жүр екен. Міне олар қоштаса бастады. Бұл кезді күтіп отырған Қайсар қыздың қасына келіп, сөзін айтты:
– Сәлем.
– Сәлем, – деп қыз да жауап қатты.
– Менің атым Қайсар. Ал сенің есімін кім?
– Менің атым Ботагөз.
– Танысқаныма қуаныштымын.
– Мен де, – деді Ботагөз.
– Уақытың болса, біраз әңгімелессек қалай қарайсың?
– Жарайды.
Осылайша Қайсар өзінің сүйген қызымен таныса сала, оны үйіне дейін шығарып салды, олардың әңгімелері де жараса кетті.
Бекарыс Қайсарды күтіп тұрған еді. Міне Қайсардың өзі де келді. Барлығын да досына айтып берді.
Арада біршама уақыт өтті. Бұл аралықта Қайсар мен Ботагөз жақсы араласып кетті. Бүгін Қайсар өз сезімін білдіремін деп шешті. Бұл ойын досына да айтты. Бекарыс оны құптады.
Кеш. Жұлдыздар жымың қағады. Қайсар мен Ботагөз саябақта келе жатыр. Айнала тым-тырыс, жел де жоқ. Сәлден кейін Қайсар сөзін бастады:
– Ботагөз, көптен бері айтқым келіп жүр, мен сені ұнатып қалдым.
Ботагөз не айтарын білмеді, беті қызара кетті. Сәлден кейін:
– Мен де, – деген ақырын дауыс шықты.
Бірақ та Қайсар бұны анық естіді. Екі езуі екі құлағына дейін жетті. Қуаныштан қатты айғайлап жіберіп, Ботагөзді құшақтап алды, құшағын ашқысы келмеді. Осы бір сәтте әлемде екеуі ғана қалғандай сезілді Қайсарға.
Осылайша Қайсар мен Ботагөз қосылды. Қайсар қуанышымен бөлісті. Себебі қуанышы қойнына сыймай тұр.
– Не деген бақыт?, – деді Қайсар.
– Ендеше бақытыңды қатты қысып ұста, жіберіп алма.
– Ешқашан да жібермеспін.
6 Бөлім
Міне балалар тоғызыншы сыныпқа көшті. Олардың қатарына Азамат деген бала келіп қосылды. Ол балалармен араласпайтын, бөлектеніп жүретін, сабағын орташа оқитын.
Бір күні Қайсардың сағаты жоғалып кетті. Қайсар сағатының жоғалғаның біле сала, оны іздеуге кірісті. Бекарыс досының ізденіс үстінде екенін көріп, қасына келді.
– Не болды?
– Сағатымды жоғалтып алдым, соны іздеп жатырмын.
– Сабыр ет. Соңғы рет сағат қайда болды?
– Мен оны партама қойып кеткен едім. Біреу ұрлап әкеткені анық.
– Бірақ кім ұрлауы мүмкін?
– Мен білмеймін. Не болса да балаларды тексеріп шығу керек. Бұл мәселені өзіміз шешейік. Әкемнің бұны білгенін қаламаймын.
– Жарайды, мен саған көмектесемін.
– Кеттік
Қайсар мен Бекарыс барлық сыныптастарынан сағат туралы сұрастырды және де сөмкелерін тексеріп шықты, бірақ сағат табылмады.
– Барлығын да тексеріп шықтық, сағат жоқ, енді не істеймін?
– Азамат қана қалды. Одан сұрап көрейік, ол бір нәрсе көрген шығар.
– Ендеше Азаматты тауып алайық.
Азаматты да тауып алды. Қайсар жағдайды түсіндіріп, өзінің сұрағын қойды:
– Сен бір нәрсе көрдің бе?
– Ия, көрдім.
Балалар бұл жауапқа таңданды. Әсіресе Қайсардың соңғы үміті Азаматта еді. Енді не дер екен деп күтіп тұр.
– Сағатыңды Бекарыс ұрлады.
– Не деп тұрсын?! Мен ұры емеспін.
– Тоқтай тұр. Азамат, сен өз сөзіне сенімдісін бе?
– Қайсар бұны неге сұрап тұрсын, маған сенбейді екенсің сөмкемді тексеріп шығайық, – деп Бекарыс сөмкесін аша бастады. Ол сөмкесінен бар дәптерлерін шығара бастады. Бір сәтте кілт цццытоқтап қалды. Қайсар не болғаның түсінгендей, Бекарыстың сөмкесін қолына алып, оның ішінен өз сағатын тауып алды. Ешкімде үн жоқ. Қайсар досының бұл қылығына таңғалып тұр.
– Мен сағатыңды ұрлаған жоқпын. Біреу маған жала жапқысы келген.
– Өз қателігіңді мойында. Басқа біреуге жала жапқаннан пайда жоқ.
Содан кейін Қайсар Азаматқа алғысын айтып, оған қол берді. Бекарыс өз көзі мен құлағына сенбей тұр. Алғаш рет досы оны айыптап, басқа біреудің сөзіне құлақ асты.
Бекарыс үйге тұнжырап оралды. Жанболат баласының неге көңілсіз екенін сұрады. Баласы әкесіне болған жағдайдың барлығын айтып берді.
– Бұл жолы жағдай қиын екен. Бірақ Қайсардың саған сенбегені қателік болған. Бір жағынан Қайсарды да түсінуге болады.
– Әке, не істей аламын?
– Көп ұзамай Қайсар қателескенің түсінер. Сен ол кезде оны кешіре біл. Одан басқа ештеңе істей алмайсың.
– Жарайды, әке. Бірақ кеш болып кетпесе екен.
Бекарыс пен Қайсар араласпайтын болды. Қайсар Азаматпен достасты. Ешкім де не болғаның түсінбеді. Қоңырау кезінде Айнагүл Бекаыстың қасына келді. Достар арасында қандай жағдай болғаның білгісі келді. Бекарыс Айнагүлден ештеңе де жасырған жоқ, бар шындықты айтып берді.
– Енді не істейсің?, – деді Айнагүл.
– Күтемін. Күтуден басқа ештеңе де істей алмаймын.
– Сонда нені күтесің?
– Қайсар өз қателігін түсінгенше күтемін.
– Сағат соңғы рет қай бөлмеде болған еді?
– Оны неге сұрадың?
– Жауап берші, Бекарыс.
– Қазақ тілі сабағы өтетін бөлмеде болған еді.
– Мінекей. Күтудің қажеті жоқ. Бар шындық бүгін анық болады.
– Сонда қалай?
– Ол бөлмеде бейне бақылау камерасы бар емес пе?
– Ия. Мен ол туралы ұмытып кетіппін. Рахмет саған, Айнагүл.
Қуаныштан Бекарыс Айнагүлді құшақтап алды.
– Жарайды. Іске кірісейік.
– Ол үшін директормен сөйлесу керек. Ол кісіге бар жағдайды айтуға тура келеді.
– Ең бастысы шыңдықтың беті ашылады.
Балалар директордың бөлмесіне бет бұрды. Есікті қағып, ішке кірді.
– Сәлеметсіз бе, Сара Қайратқызы.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қандай мәселе бойынша келіп тұрсыңдар?
Бекарыс барлығын айтып берді. Сара Қайратқызы жағдайды түсініп, балаларға бейне жазбаны көрсетуге рұқсат берді.
– Бейне жазбаны өзіміз ғана көрсек бола ма? Бұл мәселені өз арамызда шешейік. Басқа біреудің білгенін қаламаймын. Оны телефонға түсіріп алып, компьютерден өшірсем деймін.
– Сені түсініп тұрмын. Бірақ ондайға рұқсат бере алмаймын. Сен біздің мектепті жоғары деңгейлерге көтеріп жүрсің. Көп еңбегің сіңді. Бір жолға ғана рұқсат берейін. Келесіде ондай өтінішпен келмесең де болады, – деп директор бөлмеден шығып кетті.
Балалар бейне жазбаны қарай бастады. Бейне жазбадан сағатты Азаматтың ұрлағаны көрініп тұр.
– Біреудің жала жапқаның біліп едім.
– Енді Қайсарға шындықты айту керек. Кіммен бірге достасып жүргенің білсін.
– Қалған істі өзім тыңдырамын.
– Жақсы.
Бекарыс Қайсар мен Азаматты тауып алды. Қайсарға бейне жазбаны көрсетті. Қайсар бірден Азаматтың жағасына жармаса түсті.
– Не деген оңбаған едің?
– Кетші бар, ақымақ, – деп Қайсарды итеріп жіберді. Қайсар басымен жерге сылқ етті, қан сорғалай ақты. Бекарыс бірден жедел жәрдемге хабарласты.
Аурухана. Балалар сыртта күтіп тұрған еді. Ота аяқталды. Бірақ Қайсар қайтыс болды. Досынан айырылған Бекарыс, жылап тұрып, Азаматқа тіл қатты:
– Барлығына сен кінәлісің. Ол сенің кесірінен қайтыс болды.
Азамат жауап қатпай, сыртқа шығып кете берді. Дәрігерлер Қайсардың ата-анасына хабар берді. Бұл кезде Жанболат Бекарысқа хабарласқан еді. Баласы өзінің ауруханада екенің айтты. Жанболат тез арада жетті. Болған істің мән жайын білді
Мұрат пен Жайнагүл ауруханаға келгенде Бекарыс пен Жанболатты көрді. Жанболат Мұратқа барлығын да айтып берді, Жайнагүл екеуіне көңіл айтты.
– Ол бала қазір қайда?, – деді Мұрат.
– Білмеймін, бірнеше сағат бұрын шығып кеткен деп айтқан Бекарыс.
– Қателік істемесе жарар еді.
– Мен оны іздеп келейін. Балам сендермен бірге бола тұрсын.
– Ия, әрине, Бекарыс үшін уайымдама. Азаматты тауып ал.
Жанболат Азаматты іздеуге кірісті. Бірнеше сағаттан кейін оны тауып алды. Азамат полицияға өз еркімен берілген екен. Оның ата-анасы қапа болып отыр. Жанболат Аяжанмен, Қайратпен балары жөнінде сөйлесті. Оның барлық қылықтарын түсінгісі келді. Бірақ оны ата-анасы да түсіне алмады. Содан кейін Жанболат Азаматпен кездесуге рұқсат алды. Олар біраз әңгімелесті.
– Азамат, неге Бекарыс пен Қайсардың арасын бұздың?
– Қызғаныштан, менің ешқашан досым болмаған.
– Бірақ бұл істегенің қателік болды.
– Мен оны түсіндім. Бірақ енді кеш.
– Ең бастысы қателігіңді түсіңсен болғаны. Ешқашан да кеш емес. Шынайы дос болуды үйрен.
– Бұдан кейін менімен ешкім де дос болмас. Бірақ мен Қайсарды әдейі өлтірген жоқпын. Оны өлтіремін деп ойламаған едім.
Внимание! Это не конец книги.
Если начало книги вам понравилось, то полную версию можно приобрести у нашего партнёра - распространителя легального контента. Поддержите автора!Правообладателям!
Данное произведение размещено по согласованию с ООО "ЛитРес" (20% исходного текста). Если размещение книги нарушает чьи-либо права, то сообщите об этом.Читателям!
Оплатили, но не знаете что делать дальше?