Автор книги: Нелли Давыдова
Жанр: Общая психология, Книги по психологии
Возрастные ограничения: +16
сообщить о неприемлемом содержимом
Текущая страница: 2 (всего у книги 7 страниц) [доступный отрывок для чтения: 2 страниц]
5 ТАРАУ. МӘҢГІЛІК ҚАЗІР ЖӘНЕ ТЕК ОСЫНДА. МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ҚОРҚЫНЫШТАР
Егер сізде мәселе болса – еске түсіріңіз!
Оның шешімін табу үшін дәл осы сәтте, осы минут, осы секундта не жасай аласыз? Ойлау емес, жасау?
Жасаңыз!
Ешқандай сылтаусыз, шайға, теледидарға, сөйлесуге алаңдамай. Отыра қалып жасаңыз, немесе ұшып тұрып, барып шешіңіз немесе қоңырау шалып бірдеңе анықтаңыз. Бастау үшін бізге тек бір қадам қажет. Бұл туралы «ойлау» емес, тек іс-әрекеттер ғана біздің мәселемізді шешетін оқиғалар тізбегін «іске қосады».
Егер мәселені ақылмен ойлап тауып, қандай да бір мәселелерді шешу үшін осы сәтте бірдеңе жасай алмасаңыз, онда оны шешу үшін ең жақсы нәрсе – «ештеңе» жасау, сол сәтті «қабылдаңыз» және мәселе туралы ойламаңыз.
«Сәтті қабылдау» дегеніміз – бұл сол сәтті саналы түрде сезіну, айналаңызда және ішіңізде не болып жатқанын көру, не істеп жатқаныңызды түсіну. Не ойлап отырғаныңызды бақылаңыз. Және бұл ойдан шығыңыз. Мұны енді ойланбастан жасаңыз.
Өзіңізден: «Егер мен мәселені шеше алмасам, осы сәтте не істей аламын?» – деп сұраңыз. Бұл оны шешуге қадам болады.
Иә, дәл солай. Біз қазір өзімізді осы сәтке қуанышпен және ризашылықпен арнағымыз келетін кез-келген қадам біздің проблемаларымызды, міндеттерімізді, тілектерімізді шешуге әкелетін оқиғалар тізбегін бастайды.
Бұрын біз бұл толқынды, ағынды, бізді мақсатқа жетелейтін оқиғалар тізбегінің басталуын ұстай алмайтын едік, өйткені біз «осы жерде және осы сәтте» болмадық. Біздің ақылымыз біздің санамызбен бірге басқа жерде жүрді.
Бірақ біздің барлық мәселелеріміз бен міндеттерімізді шешудің жолы тек осы сәттен басталады. Тек толық қатысуыда.
Біз осы сәтті түсініп, «осында және қазіргі сәттегі» өзімізге көз жүгірткеннен кейін, біз өз өмірімізді қалпына келтірдік. Біз өзімізге қайтарған өміріміз бізге бәрін шешуге көмектеседі.
Басқа уақытта өмір жоқ!
Ол тек осы сәтте ғана бар. Және де бұл өмір мен біздің болмысымыздың жалғыз сәті.
Себебі біз «өмірдің өзіміз».
Күліңіз, сосын өзіңіздің сол сәтте күн мен бұлттарды бақылап отырғаныңызды немесе құстарды тыңдап тұрғаныңызды немесе салатқа пияз турап жатқаныңызға қарап тұрғаныңызды байқаңыз.
Мен сіздің дәл қазір не істеп жатқаныңызды білмеймін. Бірақ сіз өзіңіз не істеп тұрғаныңызды, осы сәтті саналы түрде қалай сүріп жатқаныңызды түсіну керексіз. Дәл сол кезде сіз өзіңізді өмірге қайтардыңыз. Егер біз осы сәтте жоқ болсақ, біз өліміз, ал өлі күйде біз ештеңе жасай алмаймыз.
Тек осы сәтте өмір сүріп, «жасай алатын» және «шеше алатын» нәрселерді ойлаңыз және шешіңіз.
Мәселе – бұл біздің санамыз ойлап тапқан иллюзия.
Біз өзімізді ақылмен байланыстырамыз. Біз өзімізді «ақыл» деп шештік, бірақ біз «ақыл» емеспіз. Көбісі автоматты түрде: біз – ақылмыз деп санайды.
Осылай ойлаған кезде, біз ақылға бізді басқаруға рұқсат береміз. Біз өмірді бақылаушы екенімізді, ал ақыл – бізге өмірдегі орынымызды табуға көмектесетін аудармашы және интерфейс екенін ұмытып кетеміз.
Ақыл – басшы, – деп шешкен сәтте, біз өзімізді жоғалттық.
Ақыл бізді қазіргі сәттен, жалғыз шынайы өмірден әдейі шығарып тастайды және бізді өткеннің ойлары мен болашаққа деген қорқынышқа сүйрейді, өйткені ақыл өзімін және өзінің «эгосын» біздің жеткіліксіз екендігіміз туралы идеялармен қолдап отыруы керек.
Ақыл осылай шешкендіктен, біз бақылаушы ретінде басқару тізгінін ешбір жағдайда қайтарып алмауымыз үшін ол осы идеялардан айырылмайды.
Біз әрқашан бір нәрсені қалап тұрамыз және бізге әрдайым бірдеңе қажет болады да тұрады. Тапшылықтар мен кемшіліктер шексіз. Және бұл бізге бірдеңе жетпегеннен емес. Шындығында, бізде бәрі жеткілікті.
Егер біз өз өмірімізді молшылық қөзқараспен бақыласақ – бізде әрдайым барлығы бар.
Бұл ақыл тойымсыз. Біз өзімізге қажет болған нәрсеге қол жеткізген кезде кішкене мерзімге, тіпті 5 минутқа болсада, бақыт пен қуаныш сезінетінімізге ұйреніп қалған. Ол осы сәттерде қуанады: «Мен қандай ақылдымын, мен сезімдерге қуаныш әкелетін нәрсеге қол жеткізудің жолын таптым!»
Ақыл бізге қуаныш әкелуге басқа қалай көмектесетінін білмейді. Ол үшін жалғыз қолайлы нұсқа – қол жеткізу, 5 минуттық бақытқа қол жеткізу үшін кез келген жолмен бір нәрсеге қол жеткізу. Ол солай үйренген. Ол басқа жолды білмейді.
Әрқашан жетістіктер процесінде болу үшін ақыл тапшылықты және қажет емес нәрсенің елесін ойлап табады. Бізге жетістіктер мен затқа ие болу бақытының қысқа сәттерін әкелсе, бар билік менде, – деп шешті ақыл.
Осы иллюзияны бұзбау үшін, өз билігін ұстап тұру үшін, бізде бәрі бар екенін байқап қалмауымыз үшін, ақыл бізді әрдайым қазіргі сәттен шығарып тастап отырады.
Не істеу керек? Бізбен осыны жасап отырған ақылға билік тізгінін беріп қойып, өз өмірімізді өзімізден қалай тартып алмауға болады?
ЕСКЕ ТҮСІРІҢІЗ:
Біз – ақыл емеспіз, оны бейсаналық деңгейде әдетке айналғанша үнемі еске түсіріп отырыңыз және өзіңізді ақылға теңемеңіз.
Өзіңізді «осы» сәтке қайтарыңыз, осы сәтті бақылаушы ретінде толығымен сүріңіз.
ҰҒЫНЫҢЫЗ:
Осы секундта сізде ешқандай проблема жоқ. Осы секундта сіз орындықта шұлық тоқып отырсыз.
Мысалы, сіз орындықта шұлық тоқып отырған сәтте «несие қарызы» сізге қауіп төндіріп тұр ма?
Неліктен өзіңізді қорқынышпен қоректендіріп жүресіз? Сіз мультфильмдегі «Гав» мысық сияқты қорқып отыруды ұнатасыз ба?
– Ал сен не істеп отырсың?
– Қорқып.
– Онда бірге қорқайықшы, – деді күшік.
Енді өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Қалай?»
ЕШҚАЛАЙ!
Сіз жәй ғана шұлық тоқып отырсыз, болды. Дәл «осы сәтте» сізге шұлық тоқуға еш кедергі жоқ. Сіз жай ғана тоқып отырсыз.
Сіз, бәлкім, қарыз барғой, оны бірдеңе қылып шешу керек, – деп айтатын шығарсыз. Келісемін, бірақ тараудың бірінші сөйлемін есіңізге түсіріңіз – егер сіз тура осы уақытта бірдеңе жасай алсаңыз, жасаңыз, бірақ мүмкіндігіңіз болмаса, ойланудың да қажеті жоқ, осы сәтте қолыңыздан келгенді жасап, өзіңізге осы сәтті кешуге ерік беріңіз.
Дәл осы секундта несие мәселесі жоқ. Осы секундта сіз несие мәселесін шеше алмайсыз. Мұнда және қазір сіз тек шұлық тоқи аласыз.
ОНДА ТОҚЫҢЫЗ
Және осы сәтте жіптің ілмекке қалай түсетінін бақылаумен өмір сүріңіз.
Неліктен осы секундта шешілмейтін мәселе туралы ойлау керек? Және де бұл мәселе мүлдем жоқ болса. Мәселе елес секілді, ойдан шығарылған. Бұл секундта – тек шұлық бар.
Біздің мәселеміз – тек ақыл-ойдың бізді жаулап алуында, және біз, шындықты айтсақ, шынайы өмір сүрмейміз, біз өз өмірімізді қиялдаумен өткіземіз.
Тоқтаңыз және осы секундта саналы түрде өмір сүрген кезде «бізде проблема жоқ» екенін түсініңіз.
Біздің өміріміздің әр секунды осылай өтеді. Бұл секундта, осы сәтте, ешқандай проблема жоқ және келесі секундта да болмайды.
Тек осы сәтте өмір «бар», біз де «бармыз», егер сіз болашақтың иллюзиясына немесе өткен шаққа түсіп кетпесеңіз.
Өткеннен келе жатқан немесе болашақта пайда болатын проблемалар – бұл ақыл ойлап тапқан «иллюзия». Қазір, осы сәтте ешқандай проблема жоқ. Ол бізге билік жасау үшін ақылымыздың ойлап тапқаны.
БІЗ – АКЫЛ ЕМЕСПІЗ
Дәл қазір біздің өміріміге қажет нәрсе – осы сәтті не істей алатынымызды шешу. Осыны істеу және оны бақылау. Біз – бақылаушылармыз. Біз тіпті мұны істейтін дене де емеспіз.
Барлығы өте тез шешіледі, тап қажет кезінде – өзіміз ойлап тапқан проблеманы «шынайы» шешу үшін бірдеңе жасауға дайын болғанымызда.
Оны шешу мүмкін болмайынша, қорқыныштарды ойдан шығарудың қажеті жоқ. Тек қолымыздан келетін әрекетті жасау керек. Жай ғана тоқу, отыру, тұру, жүру керек. «Қазіргі сәтті» толығымен сезініп, кешуіміз керек, бізде бар нәрсеге қуанышпен және қазір тірі болғанымызға, біз өмір сүріп жатқанымызға, бізде мұндай мүмкіндік болғанына, біз өмірімізді босқа өткізіп жатпай толығымен сүріп жатқанымызға риза болуымыз керек.
Өзіңізде бар «жалғыз» нәрсені ұрламаңыз. Ал бізде тек «осы сәт» бар, «осы жерде және тап қазір».
Өйткені бізде тек осы ғана бар.
Бізде басқа ештеңе жоқ.
Ал осы сәтте бізде «бәрі» бар, айналаңызға қараңыз.
Және тек осы сәтте бар.
Өткен шақта емес. Болашақта емес.
Егер біз осы сәтпен өмір сүріп жатсақ, тек осы сәт «бар». Біз «осы сәтте және осы жерде» өмір сүріп жатқан кез – бұл Мәңгілік.
Өткен мен болашақ жоқ. Біз басқа сәтте тек өз ойымызда ғана бола аламыз. Біз әрқашан осы сәттеміз. Егер біз қазір осы жерде жоқ болсақ, біз еш жерде жоқпыз. Және де проблемалар жоқ, және болған жоқ.
Ойланыңыз, кейін болатын өлімнен неге қорқу керек?
Немесе кейін болатын аурудан ше?
Немесе кейін бір нәрседен айырылудан?
Егер біз «кеше және кейін» елесіндегі бір нәрсе туралы қорқыныш немесе алаңдаушылықпен «кейін» немесе «кеше» туралы ойласақ, біз осы сәтте бәрінен, мүлде барлығынан айырыламыз.
Бір нәрсені гипотетикалық түрде жоғалтудан қорқудың мәні неде?
Егер біз өзімізді дәл осы сәтте өмір сүру мүмкіндігінен айырып жатсақ?
Біз шын мәнінде «толық өмірді» қазіргі уақытта, осы сәттегі барлық нәрселермен сүрмейміз. Біз өзімізден айрыламыз – біз өмірдің өзіміз.
«Кейін» өмір жоқ. Ол тек «қазір» бар.
Одан да ертең бір нәрседен айырылудан емес, өмірден айырылудан әрқашан қорқыңыз. Физикалық денені жоғалтудан емес, ол соншалықты қорқынышты емес – біз басқа денеде оянғанымызды байқамай да қаламыз. Дәл қазір бар шынайы өмірден айырылудан қорқыңыз.
«Қазір» сәтінен тыс қалған нәрсенің бәрі – ақыл-ойдың бұл туралы үкімі, бірақ бұл өмірдің өзі емес.
Осы сәтке оралыңыз және осы сәтті сезініңіз. Тек «қазіргі сәт» шынайы. Қалғанының бәрі нақты емес, бұл қазір жоқ елес.
Біз тек «осы сәтте» ғана болуы мүмкін «болмыс» және «тіршілік иесіміз».
Өзіңізді өзіңіз туралы иллюзиялармен және кейбір түсініктермен теңестірмеңіз.
Өзіңізді осы сәттің бақылаушысына қайтару арқылы осындай ойларды алып тастаңыз.
«Біз», «Мен» қазір ғана бармыз, біз – қазіргі сәтте бір нәрсені қалап, оны жасағанымызды бақылап отырған өнерпазбыз.
Осы сәтте «басқа біз» және «басқа уақытта» жоқпыз. «Мен» бар жерде ғана «Біз», «Мен» бармыз. Осы жерде тек осы сәтте ғана болуға болады. Және де «дәл қазір» менде ешқандай проблема жоқ, яғни қорқыныш жоқ.
Қорқыныш ақыл-ойды дүрліктіреді. Осыны әрдайым есіңізге түсіріп, өзіңізге: «Мен оған өзімді бағындыруға жол бермеймін», – деп жүріңіз.
Егер біз өз жолымыздан тайып, өмір сүруімізді тоқтатпасақ, «Мен осында» мәңгілік сәтінде ешқандай проблема кездеспейді.
Мәселе дегеніміз – біз қазір нақты сәтте бар өмірді өзіміз шектеген кездегі тоқтаулар екенін есіңізге түсіріп отырыңыз.
Мынаны үнемі есіңізге салып жүріңіз: «Егер мен қазіргі сәттен шығып кетсем, онда мен өмірімді жоғалтып, өзімді өлтіріп жатырмын. Өмірімді жоғалтқан сайын, мен проблемаға кезіге беремін, ал денем қорқынышты көрсетеді».
Өзіңізге «Өзіңізді» қайтарыңыз, сонда сіз ешқашан проблемаға тап болмайсыз. Сіз қорқынышты ешқашан білмейтін боласыз. Сіздің ақыл-ойыңыз cізді басқарудың орнына – көмектесетін болады.
Мен тіпті сізге кішкене тапсырма бергім келді:
Өзіңізді бақылап талдау жүргізіңіз – өмірді толығымен кешіп, сіз «қазір» сәтіне өзіңізді қаншалықты жиі қайтара аласыз?
Сіз қаншалықты жиі толығымен «бар» бола аласыз?
Сіз нақты өмірден ақыл-ой елесіне қаншалықты жиі көшесіз?
Егер сіз өзіңізді бақылап, қазіргі уақытта өмір сүре бастасаңыз, сіздің барлық мәселелеріңіз мәңгілікке шешіледі және барлық тілектеріңіз орындалып, молшылығыңыз мәңгілік болады. Біреу мұны «ағару», біреу «көтерілу» ал біреулер «саналылық»деп атайды.
Бұл ояну деп аталады – шынайы өмірде болу және оны иллюзиялық ойда емес, барлық қызықтарымен сезіну. Әрине, осыны бәрі армандайды, бұны мәңгілік өмір және шексіз энергия деп айтуға болады ғой.
Дәл қазір мен сіздің қарсылығыңызды қосатын тақырыпқа келгенімді сезінемін. Мен сізге кітаптың басында тізіп берген барлық ойлау шаблондарды ақыл-ой алып тастауға тырысады. «Мен не оқып жатырмын? Бұл мүмкін емес». Мен келісемін, егер сіз осылай шешсеңіз, онда сізді ойыңыздан тайдыра алмаймын. Иә – бұл мүмкін емес.
Әрине, ақылымыз бізді басқа жаққа алып кетпес үшін мен тек теориялық тұрғыдан ғана біздің барлық мәселелерімізді шешуге не көмектесе алатынын сипаттадым.
Мен сізді әрдайым, бүкіл өмір бойы «осында және қазір» өмір сүре алатындығыңызға сендірмеймін, мен өзім де оны үнемі жасай алмаймын. Менің ойым кейде мені басқарады. Бірақ маған осындай сәттерде болу күннен күнге оңайырақ болып келеді. Әсіресе, бұл сәт мен жаңа әрекеттерді жасаған сайын пайда болады.
Есіңізге түсіріңізші, балалық шағымызда, осыншама шаблондарды қалыптастырмай тұрғанымызда, біз үнемі тек «осы сәтте» өмір сүрдік.
Қайтадан «Осында және қазір» сәтінде өмір сүре алатыныңызға күмәнім жоқ.
Енді бізге осы сәтте өмір сүруге не кедергі екенін түсіну ғана қалды. Бізге өз өмірімізде болуымызға қандай ойлау шаблондары кедергі келтіретінін тауып, оларды өзгерту керек.
Осы ретте өзгерісті сипаттайтын келесі тарауға көшуді ұсынамын.
Тағы бір тапсырма беремін: үзіліс жасап, осы сәтте мүмкіндігінше «осында және қазір» осы өмірден ләззат алып көріңіз, дәл қазір қалай өмір сүріп жатқаныңызды, айналаңызда болып жатқанның бәрін сезініңіз, сол кезде өзіңізді қалай сезінетініңізді байқаңыз және, әрине, осы керемет өмір үшін сүйікті өзіңізге алғыс айтыңыз.
6 ТАРАУ. ТРАНСФОРМАЦИЯ
Енді біз басымызда не барын және бұл үлгілер неге пайда болғанын, олар бізге осы сәтте өмір сүруімізіді, әрекет етуімізді қалай тежейтінін, иллюзияға алып кететінін және олармен не үшін жұмыс істеу керектігін түсінеміз.
Біз іс жүзінде мәре сызығына жеттік, енді трансформацияның мәнін және оның алгоритмін түсінуіміз керек. Бірінші ретте түсініксіз және өте қиын болуы мүмкін.
Мен сізді өте жақсы түсінемін, біз бұл процесті сабақтарда ұжымдық түрде жасаймыз немесе мен консультацияларда шаблондарды өзгертуге көмектесемін, және тіпті елуінші трансформацияланған шаблоннан кейін де әрдайым кеңес беруім керек болады. Бұл процесс оңай емес, уақытты және тәжірибе мен ептілікті қажет етеді.
Бірақ тәжірибе – бұл тек қайталау процесі, егер сіз тоқтамасаңыз, бәрі ойдағыдай болады, тек жаттығу жасаңыз және қазір қалай болып жатқанын ойламаңыз. Шаблондарды өзгеруде де нақты көрсеткіш жоқ. Біз мұны жай ғана жасаймыз және ол уақыт өте жақсара береді. Әр ойлау әрекеті арқылы біз өз ойымызды кеңейтеміз.
Ал біреу: «Менде қиял жоқ, көмектесіңіз», – дейді.
Мен мүндай аңызды бірден сейілтемін – қиял бәрімізде бар. Қараңызшы, біз күн сайын қаншалықты жағымсыз болашақты қиялдаймыз немесе басқалардың орнына олар біз туралы не ойлайтынын ойлаймыз немесе басқаларға: «Иә, мен не болатынын өзім де білемін, бәрібір жетістікке жете алмайтынымды нақты білемін», – деп айқайлаймыз.
Бізде қиялымыздың қаншалықты қатты ойнайтынын елестетіп көріңізші (күлімсіреп отырмын). Тек біз оны өз орнымен қолданбаймыз. Сондықтан мен дәл қазір «қиял жоқ» деген шаблонды сіз үшін өзгерттім. Қиял жоқ деген аңызды сейілттім.
Қараңызшы, біздің ақыл-ойымыз әрекеттенбеу үшін бізді сылтауларға қалай әкететінін. Қиялым жоқ деген қиялды пайдалана отырып қиялдап отыр. Сөйтіп отырып болашақтың қорқыныштары мен иллюзияларын қиялдайды.
Ал өзін тоқтату керек болғанда, қиял жоқ деп қиялдайды. Бұл жай ғана қулық.
Есіңізде болсын – сіз өзіңізде бірдеңе жоқ деп айтқан сайын, бұл – қулық.
Әлемде жоқтан басқаның бәрі бар. Біз тек дене ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлембіз. Әлем – бұл біздің ойлауымыздың проекциясы, және бізде бәрі бар болғандықтан, әлемде бәрі де бар.
Біз мұны өзімізді иллюзияға апару тиімді болған кезде байқамауға шешім қабылдаймыз немесе әрекетсіздік тиімді болған кезде байқамауды жөн көреміз. Біз мұның бәрін автоматты түрде жасаймыз, өйткені бұл тек ақылға ғана пайдалы біз ұстанатын тереңге сіңген бағдарламалар.
Енді сіз біздің көзқарастарымызды, ойлауымызды, біз бәрін автоматты түрде ойлайтынымызды және жасайтынымызды қайта қараудың және ойлауымызды қайта құрудың, ақыр соңында бақытты өмір сүру үшін, ақыл-ойды ақтамай өзгертудің қаншалықты маңызды екенін түсінген боларсыз.
***
Трансформация – бұл сіздің ойлау үлгіңізді қарастыру және оның «мәнін» көру тәсілі, яғни оны «түсіну».
Біз шаблондардан, ойлау үлгімізден құтыла алмаймыз, бұл ойларды басымыздан шығара алмаймыз, өйткені әрбір ой біз үшін белгілі бір мағынаға ие және бұл күшті қалыптасқан нейрондық байланыс. Мидың бір бөлігін лақтырып тастау мүмкін емес екенін түсініңіз.
Біздің миымыздағы бұл нейрондық байланыстан біз одан құтылуға тырыссақ, әрқашан қарсыласып тұрады, өйткені мидың бұл бөлігі де өмір сүргісі келеді.
Біз бұл бағдарламаға, шаблонға неғұрлым көп қарсылық көрсетсек, соғұрлым бұл ой біздің басымызға еніп, белгілі бір әрекеттерге әкелетін шешімдерді қалыптастырады, осылайша біз бұл ой формасынан бас тарта алмаймыз. Біз одан әрі проблемаларға кіре береміз.
Ештеңеден құтылудың қажеті жоқ, сіз барлық нәрседен өзіңіздің және өзіңіздің жалғасыңыз ретіндегі бүкіл әлемге пайда келтіре аласыз.
Мен қазір мұны сізге емес, сіздің ойыңызға, оны тыныштандыру үшін жазып отырмын. Ақыл үшін ең қорқыныштысы – бұл бір нәрсені жоғалту.
Мысалы біз қолымыздан айрылудан қорқамыз ғой, өйткені бұл біздің денеміздің бір бөлігі. Сондай-ақ, біз бұл дүниеде бір нәрседен айырылып қалудан қорқамыз, өйткені әлем – ол да біздің денеміз, біздің жалғасымыз. Әсіресе, егер біз оған үйреніп қалсақ.
Сондықтан, ақыл-ой үшін «айырылу» – бұл бізді неврозға жеткізетін дүрбелең мен қарсылық.
Егер темекі шегушіге, нашақорға немесе маскүнемге немесе қомағайға немесе тағы басқа біреуге тәуелділіктен арылуды ұсынсақ, тіпті олар өздеріне қандай зиян келтіретінін түсініп, жасырын түрде олай жасамауды армандаса да, олар құмарлығынан арылудан гөрі бізді ұрып-соғуды қалауы мүмкін.
Тіпті бұл нәрсе өмірді қысқартып жатса да, ақыл бәрібір «мен ерекше адаммын және одан құтыла алмаймын, өйткені мен анау, сонау…», – деген сылтау ойлап табады. Бізге тіпті удан айрылып қалудың өзі қорқынышты. Себебі бұл у да біздің бір бөлігіміз, өзіміздің жасырын пайдамыз үшін оған үйреніп қалдық.
Естеріңізге сала кетейін, әлем де және барлық адамдар да бізден бөлек нәрсе емес, бұл біздің жалғасымыз, біздің әлемдегі көрінісіміз, біздің ойлуаымыздың проекциямыз ретіндегі әлеміміз. Біз денеміз таусылған жерден тауысылмаймыз. Оның сыртында да – өзімізбіз. Біз өзіміз туралы ойлағаннан әлдеқайда кеңбіз.
Бірақ ақыл бізді шектеулерге, өзімізді тек денемен шектелуіміз керек деген идеяның «эго шеңберіне» қоюға шешім қабылдады және бізді қалған бүкіл әлемнен кесіп тастады.
Ақыл бізді басқара алмай қалмауы үшін бізге тек көзге көрінетін, катты денемізді ғана сезінуге мүмкіндік беріп қойды. Барлығы күрделі және сонымен бірге өте оңай. Бір күні көптеген адамдар осыны түсінеді деп үміттенемін.
Енді бірдеңеден айырылып қалуға келсек.
Ойлап қараңызшы, біз өз проблемаларымыздан да арылуға қорқып, оларды соңына дейін жібергіміз келмейді. Әрбір мәселенің өз себебі, яғни жасырын пайдасы бар. Егер ол пайдалар болмаса, біз жасаушы ретінде ол проблемаларды дүниеге әкелмес едік, олар бізге бірдеңе үшін керек, бізге бұл мәселелерден түсетін пайда керек. Бәіз өзіміз оларды жасап, жібермей отырмыз.
Мысалы:
Біз барлық бай адамдардың тәкаппар, бұзылған және ұрылар екеніне сенімдіміз, ал біз ондай емеспіз, осындай шындықты қолдау бізге тиімді, сондықтан да бізде байлық жоқ. Дәл осылай ойлап отыра бергенімізше солай болып қала бермек.
Және де бұл ақша мәселесі біздің адал болуға, тәкаппар болмауға және бұзылмауға деген ұмтылысымыздан туындайды. Әрине, тек бұл ғана емес, басқа да себептер көп, мен тек мүмкін болатын мысалды келтіріп отырмын.
Себебі ақыл байлықты ұрлықпен немесе менмендікпен байланыстырды. Бұл біздің өмірімізге ақша кіргізуге мүмкіндік бермейтін үлгілер. Біз өзімізді сүттен ақ, судан тазамыз деп ойлай бергіміз келгенше, біз өмірімізге ақшаны кіргізбейміз.
Қалай болғанда да, біз байлықты да ақшамен байланыстырдық, бірақ біз рухани бай, білімге бай, тәжірибеге бай, мысалы, балаларға бай болуға болатын едік. Немесе талантқа бай болуға.
Бірақ тағы да, ақыл араласып, «байлық» шаблонын бізге ұнамайтын жағымсыз жағынан көрсете отырып, оны тиімді қолдануға мүмкіндік бермейді. Біз байлықты өзіміз жоққа шығарамыз, содан кейін ол қайдан пайда болады?
Тәкаппарлық пен ұрлықты қабылдамай отыра берсек, біз байлыққа да қол жеткізе алмаймыз. Өйткені біз бұл ұғымдарды байланыстырдық.
Бірақ егер сіз тіпті антонимі «қорлау» және «өзін-өзі менсінбеу» болатын «тәкаппарлық» үлгісін талдасаңыз, бұл жағынан қарағанда ше, жаман нәрсе ме?
Барлық адамда тәкаппарлық бар. Айқын фактілерді жоққа шығарудың не керегі бар, бізде жоқтан басқаның бәрі бар. Ал егер біз басқалардан бір нәрсені көрсек, бұл өзіміздің көрінісіміз, біз өзімізде жоқ нәрсені көре алмаймыз. Егер ойлаудың мұндай қалпы болмаса, онда біз оны сыртқы әлемде қалай көре аламыз? Егер бізде бұл туралы түсінік болмаса? Ешқалай.
Ал біз «мұны» көрсек, түсінсек, ажыратсақ, демек бұл біздің басымызда бар. Кем дегенде, біздің басымыз және ондағы барлық нәрсе – біздің шаблонымыз да, біздің сезіміміз де – біздің денемізде. Онда неге біз оны жоққа шығарып, бұл біз емес дейміз, бұл біздің бір бөлігіміз емес пе? Сезімдер – дене мен ойдан тыс емес, біздің ішімізде, келісесіз бе?
Және де біздің жан жағымыздағы әлем де – біздің санамыздың қалпы. Осы кітапты оқып бітіргеннен соң, сіз өзіңізге немесе басқаға сіз ондай еместігіңізді, сізде ондайдың жоғын дәлелдеп, қаша алмайсыз деп үміттенем.
Тәкәппарлықтың да еш жамандығы жоқ, тек бұл барлық нәрсені жоғарыдан өлшеуді және өзіңізді тым жоғары бағалау сезімін өз пайдаңызға қолданыңыз. Егер бұл бізге пайда әкелетін болса, біз бүтін бір организмнің сау жасушасы болсақ, онда әлем де жақсы болады. Ал бізге пайда әкелмесе, онда біз өзімізді бұзып жатқанымыз.
Егер оның ауру жасушасы өзін өзі жойып жатса, әлем қалай бақытты, дені сау бола алады? Егер біз ауру болсақ, кім немесе не бірінші зардап шегеді?
Тәкәппар болыңыз. Жәй өзіңіздің өте жоғары деңгейіңізбен жаныңыздағыларды төмен қойып, қорлаудың қажеті жоқ. Сіз өзіңізді жоғары бағалаған кезде, айналаңыздағылар сізді бақылап, сіз сияқты өсуге шабыттансын.
Және де айналаңыздағыларды төмендетудің мәні жоқ. Себебі басқа адамдар – бұл біздің өзіміз, біздің бір бөлігіміз, біздің проекциямыз, бүтін организмнің жасушасы. Басқаларды кемісіткен кезде, тиісінше, біз өзімізді де төмендетеміз. Біз әлемнің бүтіндігі мен үйлесімділігін тұсінген кезде, ешкімді кемсіту немесе ренжітудің және де, бәріміз тең болғандықтан, өзімізді төмендетудің қажеті болмайды.
Міне – «тәкәппарлық-қорлану» деген тағы бір шаблонды, бұл жаман нәрсе деген пікірді жойып, өзгертіп бердім. Ол жәй ғана бар, оны да бір пайдаға жаратыңыздар.
Таза түрдегі тәкәппарлық – бұл корлану. Егер бұл шаблонды түсініп, басқа біреуді қорлап жүрсеңіз, онда сіз өзіңізді төмендетесіз, ал өз бағаңызды біліп тәкәппарлығыңызды пайдалы бағытқа бағдарласаңыз, қорлануды да, өсіру керек жерлерін тауып, өсу потенциалына айналдыра аласыз.
Ұрылар да – жаман жақсы да емес, ұрлық та екеуі де емес – ұрыға ұрланушы көмекші, тілектер пазлдары әрқашан сәйкес келеді, біз әрқашан қалағанымызды аламыз, себебі бұл әлем – біздің қалауымыздың нәтижесі.
Естеріңізге сала кетейін, біз өзімізді көрсетіп, осы әлеммен өз мақсатымызбен бөлісуіміз керек еді. Дене жасушалары өзара әрекеттесетін секілді, адамдар үнемі энергиямен, өз істерімен, көріністерімен алмасады, бірақ егер біз өз көрінісімізді жасырып қалсақ, ерте ме, кеш пе берешегімізді күштеп беруіміз керек болады. Ал күштеп алатын кім?
Біз өз шындығымызда ұрылар сияқты адамдарды жасауымыз керек болады. Біз оларды өзіміз жасаймы да өзіміз оларды жек көреміз. Құдды бір балалар сияқты. Біздің әлемімізге келген әрбір және кез-келген адамға алғыс айтуымыз керек. Тіпті не үшін алғыс айтарыңызды білмесеңіз де, бұл адам сіздің тілегіңізді орындау үшін ғана пайда болғанын біліңіз. Әрине, ақылдың емес, жанның. Біз мұны ақылмен түсінбесек те.
Осы ұрылар туралы тақырыпты әрі қарай өрбіткім келіп отыр. Бұл әңгімені жеке тарау ретінде шығарып, сол жақта жалғастырармын, өйткені өз тақырыбымызға оралуымыз керек.
Бұл біз өзімізге өзіміз мәселе туғызып, сол мәселеден арылуға қорқатынымыз туралы мысал болатын. Себебі бұл мәселелердің артында біз шешуге дайын емес белгілі сезімдер мен салдарлар жатыр.
Өзімізге қиындық туғыза отырып, біз өзімізді жағымсыз салдардан қорғауға тырысамыз. Біз құрған мәселе – біз қорқатын болашақтан қорғану.
«Ақша жоқ» мәселесі – сезімдерде қиындықтар туғызбау үшін қажет, ал олар бастапқы болып табылады. Мысалы, біз өзімізді тәкаппар сезінгіміз келмейді, ал біз барлық байлар ұрылар деп ойлайтындықтан, жұрт біз туралы да солай ойлауы мүмкін, бірақ біз оны қаламаймыз.
Бірақ егер біз байлық пен ақша туралы ойларымыздың бәрін талдайтын болсақ, онда бұл шаблондардың бәрі бізге кедергі болмайды, сонда біз кедергісіз бай бола аламыз және мәселе шешіледі.
Шаблондар бізді жібермей тұрғанда, ақша проблемалары да болады. Біз шаблондарда болған кезде, әрине, біз ақша мәселесінің шешілгенін қаламаймыз. Мәнін түсінесіз бе?
Аурулардан да арылғысы келетіндер аз, елестете аласыз ба? Сенбейсіз бе? Бізге шешімдер берілсе де, ақыл біз неге одан арылмау керектігіміздің сылтауын табады. Өзіңнің бір бөлігіңнен арылуға оңай ма?
Өйткені біз ұстанатын барлық осы әрекеттердің артында қандай да бір сезім бар. Осының көмегімен біз жасанды түрде қалағанымызды аламыз. Дәлірек айтқанда, ақыл алдым деп ойлайды. Байлық туралы мысал сияқты.
Мысалы, науқас өзін басқалармен манипуляциялау үшін өзіне ауру жасайды: «Ой, мен ауырып жатырмын, мен өлсем, қалай өмір сүресіңдер?» Расында ыңғайлы ғой?
Немесе біз ауруды проблемаларымыздан құтылудың тәсілі ретінде жасаймыз, өйткені біз жұмыстан шаршадық немесе проблемалар туралы барлық ойларға моральдық тұрғыдан шыдай алмаймыз.
Барлық аурулар, тіпті жарақаттар психосоматика болып табылады, онығ себептері сыртқы факторларға емес, ойлауға негізделген. Біз ойлау арқылы біздің ауруларымызды түсіндіруге көмектесетін, осы сыртқы факторларды тудыратын жағдайлар жасаймыз.
Аурулар, дененің сигналдары ретінде, біздің дамуымызда қай жерде тоқтап, әрекеттенбей жатқанымызды ғана көрсетеді. Дене бізге түсінікті кеңестер береді, бірақ біз оны көргіміз келмейді, дененің не айтқысы келетінін білуге тырыспаймыз. Бұл сигналдарды өшіру үшін жауапкершілікті сыртқы факторларға аудару және дәрі-дәрмектерді іше салу оңайырақ. Ауру туралы менің сізге арналған жеке кітабым бар.
Ал тағамға тәуелді адам, кез келген басқа ішкіш адам немесе нашақор секілді, қуаныш іздейді немесе өз проблемаларын тамақпен басқысы келеді.
Біз әрқашан бірдеңені жоғалтудан қорқамыз, бір нәрсені ұстап отырғанда, біз шынайы нәрседен айырылып отырғанымызды түсінбейміз.
Темекі шегуші қуаныш пен қайғыны темекіге ауыстырды, демалу үшін темекі шегеді, босаңсу үшін темекі шегеді, достарымен бірге болу үшін темекі шегеді, үзіліс жасау үшін темекі шегеді, оның ақыл-ойы барлық эмоцияларды темекімен байланыстырғандықтан, оған осы атрибут керек.
Бірақ невроз тудыратын темекіден босаңсуға бола ма?
Никотин әрдайым қышу тудырып тұрғанда босаңсуға бола ма?
Ал темегі шекпейтін адам босаңси алмай ма?
Ал темегі шекпейтін адам достары мен араласа алмайды ма? Үзіліс жасай алмайды ма? Немесе басқа нәрсемен айналыса алмайды ма?
Арине бәрін жасай алады. Бірақ бұл ақылға керек емес.
Ал проблемаларын тамақпен басып отыратын адам оларды шеше ме? – Жоқ.
Жәй ғана біз тамақтанып болғасын, бізді күнделікті улап жатқан химикаттардың кесірінен миымыз сөніп қалады да, біз ойлана алмай қаламыз, және миымыз бізде енді проблема болмайды деп шешті.
Ойланбаған кезде расымен проблема болмайды ғой, проблемаларды ақылымыз ойлап табады емес пе?
Өзімізге қажеттіні тура алудың жолдары бар емес пе. Бізден өмірді тартып алатын емес, керісінше беретін.
Әрине бар. Мәселе тек біздің шынайы өміріміз бен қуанышымызды зиянды, өмірді қысқартатын әдеттермен байланыстыратын шаблондарды түсінуде жатыр.
Осы шаблондарды талдағаннан кейін, ақыл – зиянды әдеттерден арылса, ештеңеден құр қалмайтынын, керісінше пайда табатынын түсінеді. Сол кезде ол тынышталады.
Ойлауды өзгертудің міндеті – біздің санамызға оны еш нәрседен айырмайтынымызды, керісінше, біз оның бізге зиян үшін емес, барлығына пайдасын тигізуге көмектесуге деген ұмтылысын қолданатынымызды айту. Және біз оған қалағанының бәрін жаңа жолдармен береміз.
Егер ол бізді темекімен босаңсытқысы келсе, оған темекінің бұл релаксацияны өлтіретінін, ал біз басқа да мың да бір жолмен демала алатынымызды түсіндіру керек. Әрине, ол қарсы болмайды.
Жәй ғана ендірілген шаблондар бойынша өмір сүріп, ол басқа жолдарды білмейді.
Үлгінің мәнін тапқан кезде, жолдардың саны шексіздікке дейін артады және бізде өмірді өлтіретін және бізді тоқтататын бір ғана жол емес, таңдау болады.
Үлгілерге оралайық. Миымыз қарсылық көрсетіп, біз одан да көп қиындықтарға тап болмас үшін үлгіні қалай қауіпсіз түрде өзгертуге болады? Біз ойлауымызға араласқан кезде, ол өзін қатты қорғайды және өзінің бар екенін дәлелдеу үшін үнемі бұрынғы ойларын беріп тұрады да, біз өз сеніміміздің дұрыстығына қайта-қайта көз жеткіземіз, өйткені ол тек күшейе түседі.
Мысал:
Біз бірдеңені «мүмкін емес» деп ойлаймыз. Енді осы үлгімен күресуге тырысып бастағанда, біздің миымыз шындықтын расымен де мүмкін еместігіне көз жеткізетіндей етіп келтіреді. Оқиғалар біз оған барған сайын сенетіндей дамитын болады және тек осы үлгіні күшейтеді. Біз өз ойымыздың дұрыстығына көз жеткізген сайын бұл сенім күшейе түседі.
Мысалы, біз темекіні тастау мүмкін емес деп шешсек, темекіні тастауға тырысқан сайын, бұл мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз. Неғұрлым көп әрекет жасаған сайын, соғұрлым көңіліміз қала береді.
Айтпақшы, бұл менің «Темекіні тастауға бола ма?» кітабымда өте жақсы жазылған. Бізге темекіні тастауға тырысудың қажеті жоқ. Неліктен темекі шегетініміз туралы үлгілерді түсіну жеткілікті. Кітапта мен темекіні неге шегетініміздің барлық шаблондарын егжей-тегжейлі сипаттадым және оларды талдадым, соны оқысаңыз, сіз ешқашан өміріңізді темекіге алмастырғыңыз келмейтін болады. Егер сізде басқа да зиянды тәуелділіктер болса, темекі шегу мысалында кітапты оқу арқылы олармен оңай күресуге болады.
Ең бастысы, ауыстырудың мәнін, біз нені немен ауыстырғанымызды, және оны жаман әдеттен қайтарып, өзімізге өмірімізді қалай қалпына келтіруге болатынын табу.
Сіздің барлық үлгілеріңізді басыңыздан алып тастауды армандау әлі де мағынасыз. Мен бұл тақырыпты қозғаған себебім, мен оқырмандарымның шаблондардан қалай құтылғысы келетіні туралы пікірлерін жиі оқимын. Сіздерге сәлем!
Құтылудың мағынасы жоқ, өйткені шаблондар дуальды (қарама-қарсы) және әр сәтте біз әр түрлі нәрсені пайдалануымыз керек.
Мысал келтірейін:
– бұл тым тез;
– бұл тым ұзақ.
Біз үшін бұл ұзақ деп ойласақ, біз оны тез болғанын қалаймыз.
Внимание! Это не конец книги.
Если начало книги вам понравилось, то полную версию можно приобрести у нашего партнёра - распространителя легального контента. Поддержите автора!Правообладателям!
Данное произведение размещено по согласованию с ООО "ЛитРес" (20% исходного текста). Если размещение книги нарушает чьи-либо права, то сообщите об этом.Читателям!
Оплатили, но не знаете что делать дальше?