Текст книги "Труды IV Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы»"
Автор книги: Николай Лустов
Жанр: Прочая образовательная литература, Наука и Образование
Возрастные ограничения: +12
сообщить о неприемлемом содержимом
Текущая страница: 6 (всего у книги 21 страниц) [доступный отрывок для чтения: 7 страниц]
Әбілда А. Ә.
University instructors’ views on needs analysis for further curriculum design
(Университет им. Сулеймана Демиреля)
In order to monitor students’ needs in the classroom, it is crucial to conduct needs assessments when teaching English. Every English class is unique because every student has a particular reason for wanting to learn the language and, ultimately, master it. The requirement to create a course that is efficient, effective, and relevant while also being specifically tailored to meet the needs of learners who are working professionals is a common challenge for both novice as well as experienced language teachers. The issue is exacerbated in professional and organizational contexts by the lack of experience most communication teachers have in these settings and by the level of social and linguistic complexity and diversity present in the workplace, which even experienced teachers in these settings cannot be expected to comprehend without a cogent analytical framework.This article reviews the studies which investigated the impact of needs analysis, its challenges and instructors’ perspectives on it.
– Needs analysis
The process of acquiring information is called a needs analysis (NA). It first appeared in language design in the 1970s, and the Council of Europe’s contemporary language program is largely responsible for its extensive implementation in the field. According to Tudor (1996), the rise of a need perception in communicative language teaching (CLT) in the 1970s had a significant impact on needs analysis work. According to Robinson (1994), NA is regarded as a fundamental English for specific purposes (ESP) principle, and ESP is where the majority of the early knowledge of NA originated. The process of conducting a needs analysis comes before creating any courses, curricula, resources, or other educational activities (Jordan, 1997). Programs for teaching languages should learn about and negotiate the importance of needs analysis. Based on this problem, an ESP program should be designed to examine students’ goals while also determining their needs (Rostami and Zafarghandi, 2014). The requirements analysis’ findings help teachers identify both the students’ language skills gaps and their professional needs in terms of language proficiency. Materials that fulfill the needs of the students may be chosen, for example, after assessing their requirements and defining the language course’s objectives.So far, on a deeper level, needs analysis is actually a step in the curriculum design process (Richards, 2001); it can be applied to curriculum development and should be, as many other significant factors are linked to students ’ needs in realistic educational settings. On its own, a needs assessment undertaken just before classes won’t result in a full comprehension of a student’s needs. Many benefits of the learner’s participation in what Robinson (1991) refers to as «participatory needs analysis» have been listed by Nunan (1988) :
– Students have a more accurate perception of what they can accomplish in a particular subject.
– Students have a clearer understanding of what it means to be a learner, and they become more sensitive to their position as language learners. Learning starts to be regarded as the progressive accumulation of realistic goals.
– Self-analysis becomes much more acute. It is possible to see how classroom activities relate to students’ actual requirements.
– Curriculum design
Curriculum is a fairly broad word that encompasses the complex of intellectual, social, and administrative elements that go into the preparation of an educational program (Allen, 1984). Most people agree that the three key stages of curriculum development are design, implementation, and evaluation (Richards, 2001). According to Brown (1995), developing a curriculum is a methodical procedure that occurs when a «dynamic system of interrelated elements» is developed (p. 9). Needs analysis, goals and objectives, language assessment, material development, language instruction, and monitoring and evaluation are some of the components. He emphasizes the need of meeting the demands of the learner while also taking into account other viewpoints. In addition to linguistic necessities, one ought to pay attention to contextual factors and human requirements. Likely, West (1994) stated that defining objectives is the first stage in creating a language syllabus or course. These will, whenever possible, be determined by an evaluation of the learners’ needs, which will then be stated in terms of the specific sorts of communication that the learner will need to engage in.
– Teachers’ views on needs analysis
Language instructors usually base their instruction on an intuitive or informal analysis of their students’ needs, but the idea of a systematic study of «the requirements which come from the use of that language in the myriad of situations which may arise in the social lives of individuals and adults» (Richterich, 1973: 32) was developed during the early 1970s, partly as a result of the work of those linked with the Council of Europe. Teachers in the study by Kirton et al. (2007) thought that the new pedagogical approaches took a lot of time. Students participating in self– and peer-assessment as well as more discursive and interactive lectures slowed down procedures and raised questions about whether the curriculum was truly discussed.
– Conclusion
There were many limitations found while exploring different articles. Firstly, the most basic issue still isn’t being aware that needs analysis is a tool for course design, along with more specific issues of familiarity and experience. However, little is known about the accuracy or dependability of the methods employed and the outcomes.
References
Allen, J.P.B. (1984). General-purpose language teaching: A variable focus approach. In C. Brumfit (Ed.), General English syllabus design: Curriculum and syllabus design for the general English classroom (pp. 61—74). Oxford: Pergamon Press, in association with the British Council.
Brown, J.D. (1995). The elements of language curriculum: A systematic approach to program development. Boston, Massachusetts: Heinle & Heinle Publishers.
Jordan, R.R. (1997). English for academic purposes: a guide and resource book for teachers. Cambridge, UK and New York, NY: Cambridge University Press.
Kirton, A., Hallam, S., Peffers, J., Robertson, P., & Stobart, G. (2007). Revolution, evolution or a Trojan horse? Piloting assessment for learning in some Scottish primary schools. British Educational Research Journal, 33 (4), 605—627.
Nunan, D. (1988). The learner-centered curriculum. Cambridge: Cambridge University Press.
Richards, J.C. (2001). Curriculum development in language teaching. Cambridge: Cambridge University Press.
Richterich, R. (1973). Definition of language needs and types of adults. In Trim et al., 29—88.
Robinson, P. (1991). ESP today. Hemel Hempstead: Prentice International Hall
Rostami, F., & Zafarghandi, A. M. (2014). EAP needs analysis in Iran: The case of university students in chemistry department. Journal of language Teaching and Research, 5 (4), 924.
Tudor, I. (1996). Learner-centredness as language education (Vol. 279). Cambridge: Cambridge University Press.
West, R. (1994). Needs analysis in language teaching. Language teaching, 27 (1), 1—19.
Әсет Жігер
Трансцендентті теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері
(Ғылыми жетекшісі – Тасболатова Р. Б., Ескендиров К. Б.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің)
ӘӨЖ 512.1
Аннотация: Негізгі трансцендентті теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері туралы жазылған.
Тірек сөздер: трансцендентті теңдеулер мен теңсіздіктер, әдістер, есеп.
Оқушылардың математикалық қабілетін қалыптастыру және дамыту туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылықты оятпайынша, олардың математикалық қабілетін қалыпастыру да, дамыту да мүмкін емес.
Бұл мақалада оқушылардың ой қызметтеріне азық бола алатын, одардың бойында пәнге деген қызығушылықты оятуға түрткі бола алатын оқушыларды трансцендентті теңдеулерді дәстүрлі емес әдістер арқылы шешуге баулу мәселесіне тоқталмақпыз.
Трансцендентті теңдеулердің іздеу барысында, оларды мейлінше қарапайым (стандарт) түрге келтіру жолында айнымалыны ауыстыру, теңбе-тең түрлендіру және т.б. әртүрлі дәстүрлі әдістерді пайдаланатындығымыз баршаға аян. Дегенмен, көпшілік жағдайларда теңдеулерді дәстүрлі әдістермен шешу процесі тым созылып кетеді, тіпті кейде осындай әдістерді пайдалану нәтижесінде алынған теңдеулеріміз бәрібір күрделі күйінде қалып қояды, яғни жоғарыда аттары аталған дәстүрлі әдістеріміз өздерінің тиімді нәтижелерін бермей жатады. Атап айтқанда, стандарт емес теңдеулер жағдайында ұтымды да мақсатқа тез жеткізетін дәстүрлі әдістерді әр жолы тауып көрсете білу оңай шаруа емес.
Сонымен біз стандартты (алгоритмдік) есептерді шешу үшін мыналар керек екенін көріп тұрамыз: Есепке талдау жасап, математикада (нақтырақ айтсақ, оның шығарушыға белгілі және зерттелген саласы, бөлімі) қолданыла отырып берілген есепті шығаруға болатын қысқартылған алгоритм бар ма екенін анықтау. Егер сондай алгоритм бар болса, онда оны жазбаша және ойша ашу керек, ал егер де осындай алгоритм жоқ немесе шығарушыға белгісіз болса, онда берілген есеп Трансцендентті және оның шешу әдісін табуды жүргізу керек.
Осындан шығатыны, оқушылар барлық өтілген ережелерді – қысқартылған алгоритмдерді (осыны оқушылар есте сақтау керек) жақсы біліп, қандай формада берілсе де, қысқартылған алгоритмдерді қадамдап жіктеу бағдарламасы бойынша аша білу керек. Сондай-ақ осындай бағдарламаларды нақты есеп шарттарында пайдалана білу керек.
Осының барлығын оқушыларға үйретпесе (әсіресе әлсіздерге) олар өз беттерінше үйрене алмайды.
Сондай-ақ келесі жаттығулар пайдалы:
– Қайсыбір теорема дәлелденгеннен кейін оқушылар алдында осындай мәселе тудыруға болады: берілген теорема негізінде қандай есептерді нақты шешуге болады?
– Тепе-теңдікті дәлелдеп, осы өрнекті оңнан солға қарай оқып «осы түрдегі өрнекті қандай алгоритм белгілейді?» деген сұрақ қою керек; Бұл алгоритм негізінде қандай есеп шығаруға болады?
– Қайсібір формула шыққаннан кейін (арифметикалық прогрессия мүшелерінің қосындысының формуласы) келесідегі сұрақтар: осы формула көмегімен қандай есептерді шығаруға болады? Осы есептің әрбіреуінде не белгілі болуы керек және не ізделінді болады? және т. с. с.
Оқушыларға есеп шығаруды үйрететін алғашқы әдісті пайдалана отырып, олардың бойынан есеп шығарудың тек сәйкес жеке әдістеріне қарап бейім қалыптастыруға болады. Ал есеп шығару әдісін іздеуге жалпылама және ортақ бейімділікті қалыптастыру үшін бұл оқыту әдісі нәтижелі емес. Өйткені, мектепте оқытылатын есептердің көпшілігі Трансцендентті болып келеді, демек оларды шығару үшін математиканың өзінде алгоритмі (ереже, формуласы), шығарудың дайын әдісі жоқ: ол әдісті шығарушы өзі тауып құру керек. Егер мұғалім есептің шығару әдісін оқушыларға өзі берсе, онда оқушылар қайсібір трансцендентті есепті шығару әдісін өз бетінше табуды қалайша үйренеді? Сондықтан да, бірінші әдіспен қатар оқытудың басқа да әдістерін пайдаланған дұрыс.
Екінші әдіс оқушыларға былайша айтқанда дамытатын, демек трансцендентті есеп шығаруды ұсынғаннан тұрады. Кейбір мұғалім мен әдіскерлер «осы есептерден неғұрлым көп нәтиже оларды алдын ала дайындықсыз және мазмұны мен шығару әдістері жағынан әртүрлі болғанда алынады» деп санайды. Бұл әдіс жүзуді үйрететін әдістің ең қарапайым әдісіндей: адамды суға тастай салу керек, сонда ол өзінен өзі біртіндеп жүзіп үйренеді. Д. Пойяның кеңесі де: «Егер есеп шығарып үйренгіңіз келсе, онда шығарыңыз!» Бірақ Д. Пойяның өзі шығару үшін есеп беретін емес, есеп шығаруды үйрететін үш тамаша кітапты жарыққа шығарған [1].
Оқытудың осындай әдісін ұстанған авторлар мен әдіскерлер оқушылардың табиғи мүмкіндіктеріне сеніммен қарайды (мүмкін оқушылар шығару әдісін тауып, трансцендентті есептердің шешімін табу әдісін өз бетімен-ақ іздеп таба алар). Әрине сондай оқушылар бар, сондықтан да бұл әдіс тек табиғи дарындылығы бар оқушылар үшін ғана жарамды, ал шектеулі дәрежеде дамыған балалар үшін бұндай әдіспен есептің шешімін табу үлкен қиыншылық туғызады.
Біріншіден, есепті шығара білу, трансцендентті есептерді шығару әдістерін табу жүзіп үйренуден әлдеқайда қиын екенін ескеруіміз керек. Соңғы дағды үшін ерекше ойлау жұмысы қажет емес, ал есепті шығара білу және қабілетті болу – бұл шығармашылық, күрделі қабілет және оның қалыптасуы үшін талай жылдар қажет.
Екіншіден, негізгі мақсат ол оқушылардың ұсынылған есептерді тек шығаруы емес, ол – оқушылар өз бойынша талдау жасау және есеп шығару әдісін іздеу дағдысын қалыптастыру, кез келген есеп шығару, ең тиімді ортақ әдісін құру, т. б. Осының бәріне көптеген есептерді «сынау және қателік» әдісімен шешу жолымен жету мүмкін емес.
Оқытудың үшінші әдісін біз кішкене кейінірек қолдана бастадық, қолдануымыздың ең бастысы Д. Пойя кітаптарының ықпалы. Мұнда оқушыларға Д. Пойяның «Как решить задачу» атты кітабының соңындағы шешудің жалпы сызба кестесі түрінде берілгендер сияқты есеп шығарудың ортақ эвристикалық ережелері беріледі. Әрине, бұл әдісті алғашқы екеуімен үйлестіріп қолдану трансцендентті есептерді шығаруды үйрететін әдістеме құруға үлкен қадам болды.
Бірақ бұл әдіс те үлкен нәтиже бере қойған жоқ, өйткені оқушыларға әртүрлі нұсқаулар да берілген эвристикалық сызба кестелердің ортақтығы мен абстрактілігі соншама, оларды қолдану тек едәуір қабілетті балаларға ғана пайда әкелді, ал қалған оқушылар олар пайдалана біледі. Өйткені математикалық есептер әртүрлі және «ұсынылған есепті ұғу», «белгісіздер мен берілгендер арасында қатынас орнату» сияқты нұсқаулар олардың шешімін іздеу барысында көп көмек көрсете қоймайды.
Бірақ, эвристикалық сызба-кестелерді кезінен қолдану идеясы өзінен өзі пайымды және осы идеяны нәтижелі қолдану үшін, оқушылардың nрансцендентті есептерді шешу барысында көретін негізгі қиыншылықтардың себептерін неғұрлым терең зерттеу керек. Осы әдісті ерекше қарастырайық.
Оқушылардың nрансцендентті есептерді өз бетінше шеше алмаудың себептері. Осы себептерді ұғу үшін, оқушыны жиһаз жасауға немесе көйлек тігуге үйрету керек деп ойлаңыз. Үйретуді қайсыбір орындықты жасау немесе көйлек тігуден бастаймыз ба? Жоқ, бұндай кәсіпке осылайша үйретпейді. Ең алдымен жиһаз және көйлекке қолданылатын материалдарды айыра білуге үйретеді. Содан соң оқушыларды жеке қарапайым операцияларды түрлі құралдармен орындауға дағдыларын қалыптастырады. Содан соң ғана оқушыға орындық жасау ұсынылады. Сол сияқты басқа да кәсіпке үйретеді. Басқаша айтқанда, адам қайсыбір күрделі істі саналы түрде меңгеру үшін, оған жұмыс істейтін объектілер жайлы ақпарат беру керек, осы жұмыстың негізгі әдістеріне үйрету керек [2].
Ал есеп шығару – ол жиһаз немесе басқа бір заттарды шығарудан әлдеқайда қиын (ойлау жағынан). Біз оқушылар Трансцендентті есептерді өз бетінше үйренсін дейміз, бірақ осы есептер және оларды шешу туралы ешқандай білім бермейміз, бұл үшін олардың бойынан керекті дағды мен іскерлікті қалыптастырмаймыз.
Есеп шығару үрдісінің жалпы эвристикалық сызба-кестесімен танысу әрине пайдалы, бірақ жалғыз танысу ғана есеп шығаруды үйрету жағдайынан құтқармайды.
Сонымен оқушыларды трансцендентті есептер шығаруға үйрету үшін келесілер қажет:
– Оқушыларға есеп теориясының элементарлы білім беру. Бұл білім жеке тақырып қып бөлу қажет емес, оқытудың барлық жылдары барысында есеп шығарумен бірге, бір ұғымға бірнеше реторалып беруге болады. Мысалы, есеп пен оның құрылымы жайындағы ұғымды жоғары сыныптарда бұл ұғымды нақтылап, тереңдету керек. Осыны басқа да есеп теориясының ұғымдарымен жасау керек: есеп генезисі, есеп классификациясы, есептің мәні және үрдісі, т.с.с.
– Оқушылар бойынан күрделі есеп шығару үрдісіне кіретін элементарлы жеке әрекеттерді орындауда дағды мен іскерлікті қалыптастыру керек: есеп талдауын жасау, оның түрлі модельдерін құру, шығару әдісінің іздеуді жүзеге асыру, шешімді тексеруді жүргізу, есеп пен оның шешімін зерттеу дағдылары және есеп пен табылған шешімнің оқу-танымдық талдауы.
Бұған оқушылардың жаттығулардың ерекше жүйесін орындау көмегімен қол жеткізіледі.
– Оқушыларды мектептегі математикалық есептердің негізгі эвристикалық әдістермен таныстыру, олардың бойларынан осы әдістерді әртүрлі есеп шығару үшін пайдаланудың мықты дағдысын қалыптастыру.
Оқушыларға қиыншылықтарды әдеттегідей мектеп оқулықтары мен басқа да оқу құралдарындағы жоғары күрделі есептер арасында екеуі орын алатын nрансцендентті есептер тудырады.
Трансценденттітерге шығарудың дәстүрлі алгоритмі келмейтін теңдеулер мен теңсіздіктер жатқызылады. Көптеген жағдайларда ондай теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу «функционалды деңгейде» жүзеге асады, демек, графиктер көмегімен немесе теңдеу не теңсіздіктің сол және оң жақтарында бар функциялардың кейбір қасиеттерін салыстыру көмегімен.
Сонымен қандай есептер трансцендентті деп аталады екен? «трансцендентті есептер – бұл шешудің нақты бағдарламасын анықтайтын жалпы ережелер мен жағдайлар жоқ есептер».
Алайда, «Трансцендентті» ұғымы салыстырмалы ұғым екенін ескеру керек. Бір есеп шығарушы бұл типтегі есепті шығару әдістерімен таныс па, жоқ па екеніне байланысты стандартты да, Трансцендентті те болуы мүмкін.
Бұл «Трансцендентті» есептер әртүрлі болуы мүмкін. Кейбірі сырттай қарапайым емес болғандықтан, алғашқыда оларға қай жағынан қарау да түсініксіз болады. Басқалары жасырылған: сырттай, мысалы, бұл қарапайым теңдеу, бірақ стандартты әдістерімен ол шығарылмайды. Үшіншілерін шешу үшін өте өткір және дәл ойлау қажет. Төртіншіден, … бұл «трансцендентті» есептердің барлық ерекшкліктерін шексіз көрсетуге болады және олардың бірін қалдырмай атап өту де, олардың шешімін табудың барлық әдістерін табу мүмкін емес. Трансцендентті есептер мен оларды шешудің «трансцендентті» әдістері жоғарғы оқу орнына түсушілер үшін бағдарламалық шегінен аспайтынын ерекше атап өту керек [3].
Трансцендентті теңдеулер мен теңсіздіктердің шешудің әдісін іздеудің мынадай сызба кестесіне кұруға болады:
1) Теңдеу немесе теңсіздікті алғаннан кейін, оның анализін мұқиат жасап егер керек болса, оның белгілі бір көмекші моделін құру керек;
2) Шарттарды, талаптарды немесе есеп облысын мүшелеу жолымен кез келген едәуір қарапайым теңдеу мен теңсіздікті алуға бола ма екенін анықтау. Егер ол мүшкін болса, онда бастапқытеңдеу мен теңсіздікті, шығарылғаннан кейін есеп недәуір жеңілденетін, не шешілетін теңдеу не теңсіздіктерге болуы керек.
3) Егер теңдеу не теңсіздікті шешілетін ұсақ бөлшектерге бөлу мумкін емес болса, онда шығару әдісі өзіңізге белгілі, берілген теңдеу немесе теңсіздіктің құруға болады.
4) Егер теңдеу немесе теңсіздік нашар анықталған, онда анықталмаған белгісіз бар болып берілген мен ізделіндінің арасындағы байланыс анық болмаса, онда есеп міндетті түрде анықталған болатындай, көмекші элементтер санын қосып, сонан кейін ғана жоғарыда көрсетілген әдістердің бірін пайдалану керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
– Пойя Д. Как решить задачу / Д. Пойя – Москва, 2019. – 352 бет.
– Фридман Л. М. Теоритические основы методики обучения математике / Л. М. Фридман – Москва, 2088. – 187 бет.
– Қарабаев А. Қ. Жоғары сынып оқушыларын есептерді трансцендентті тәсілдермен шығаруға балау / А. Қ. Қарабаев – Алматы, 2019 – 143 бет.
Әшіржанұлы Нұрсұлтан
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
(Ғылыми жетекшісі – Тасболатова Р. Б.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті)
ҒТАМР 27.01
Аңдатпа
Мақалада математикалық білім берудегі қашықтықтан оқыту құралдары және оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қарастырылған. Қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бәріміз қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың онлайн формасында сабақтарымызды өткізіп жүрміз. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Интернет жүйесін толық меңгере отыра, нағыз өз ісінің шеберлері өз саласына қатысты тиімді оқыту әдістерін қолдануда. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт. Қашықтықтан оқытуды күрделі процесс деп санамауымыз қажет, қазіргі білім беру ресурстарының болуы материалды зерттеуді ұйымдастыруда және оның дамуын бақылауда мұғалімнің міндеттерін жеңілдетуге арналған. Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Оқушыларға материалды игеруге және тапсырмаларды орындауға арналған уақытты нақты анықтауды қажет етеді. Басқа да басқа ұстаздардың онлайн режимінде жаттығулар жасайтындығын ұмытпау қажет, сондықтан балаларға оқу материалдарының көптігін жүктемеуге тырысу міндеттеледі. Білім беруді ақпараттандыру және цифрландыру процесін дамыту, бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды интеграциялауда оқыту әдістерін белсенді оқыту және бұл мақалада тиімділігінің маңызы, сонымен қатар болашақ мамандардың қашықтықтан оқытуға дайындаудың тиімді жолдарын қалыптастыру мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: білім беру ортасы, математикалық білім, қашықтықтан оқыту технологияларының тиімді жолдары.
Болашақ мамандарды қашықтықтықтан оқыту – білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту бағдарламасының тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты:
– білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
– технологиялылығы, яғни қашықтықтан оқыту BilimLand, Kundelik Kz, Daryn. online, Microsoft TEAM, Google ClassRoom. Zoom. және заманауи бағдарламалар мен техникалық құралдарды пайдаланудың арқасында тиімді.
– қолжетімділік пен ашықтық, оқушыға немесе болашақ маманға үйден шықпай-ақ оған ыңғайлы уақытта оқуға және жұмысын атқаруға мүмкіндік беріледі [1].
Еркіндік, икемділік, жекелей сапалы білімге қол жеткізу. Бір күн ішінде оқушыларды оқытудың жеке кестесі, әрбір күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды оқушы үшін ыңғайлы уақытта орындау, электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, соның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланыс ұсыну сияқты мүмкіндіктер пайда болады. Мұндай форма өзін-өзі дайындау және жетілдіру дағдыларын дамытады.
Мұндай оқытудың артықшылығы – оның әмбебаптығы. Кез келген уақытта оқушы, студенттер өз білімімен айналыса алады. Сіз уақытты өзіңіздің қажеттілігіңізге қарай жоспарлай аласыз. Біздің бүгінгі білім беруімізде ең бастысы – бұл нәтиже көрсету. Сондықтан алдымен қашықтықтан оқытуды қашан өткізетініңізді анықтап, білім алушылармен қалай жұмыс істейтінімізді ойластырамыз [2].
Болашақ мамандарды қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі тиімді жолдары және технологиялары бар.
Нақты уақыт режиміндегі кездесулер.
Сіз білім алушылармен тікелей эфир өткізілетін немесе онлайн-кездесу өтетін уақыт туралы келісесіз. Онлайн-сабақта сіз материалдарды түсіндіресіз, білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға сұрақтар алмасып отырасыз.
Жұмысты жоспарлаңыз.
Уақытты белгілеп, мысалы, бір апта білім алушылардың жұмысын оқу пәні бойынша жоспарлаңыз. Жұмысты тұтас ұйымдастыру үшін, білім алушылар қол жеткізуі тиіс оқу нәтижесінен бастаңыз.
Өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:
1) Мен білім алушыларды неге үйреткім келеді (қандай оқу нәтижелеріне қол жеткізу керек?)?
2) Оқушылар бұған қалай үйренеді (олар оқу нәтижелеріне қалай жетеді)?
3) Мен оларды осы мақсатқа жету үшін қалай қолдау көрсете аламын (мен оларға оқу нәтижелеріне қол жеткізуге қалай көмектесемін және олардың қол жеткізгенін қалай білуге болады)?
Жауаптарды ескере отырып, өзіңіз үшін жұмыс жоспарын құрыңыз: қандай оқу материалдарын жасау керек, білім алушылардың жұмысын қалай бақылау керек, оларға кері байланысты қалай және қашан беру керек [3].
Соңғы уақытта елімізде орын алып отырған төтенше жағдайдың ескертуіне байланысты, қыс мезгілінде ауа райының қатты аяз болуы, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) қайта өршуіне жол бермеуін алдын алу мақсатында, барлық білім беру орындарының білім алушыларына және барша халықтың қауіпсіздігін ескере отырып, қоғамда біршама жаңалықтар, өзгерістер орын алды. Ең маңыздысы ол білім жүйесі озық сандық білім беру технологияларын қолдана отырып, қашықтықтан оқытудың тиімді жолдарын пайдалануда [4].
Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық. Десе де, барша мамандарға, ата-аналарға, білім алушыларға «қашықтықтан оқытудан» қашпауға кеңес беремін! Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі.
Яғни, келесі кезекте мен сіздермен өз тарапымнан қашықтықтан оқыту технологиясына жасаған кішігірім эксперименттік сауалнамаға тоқталып кетсек. Мақсаты: Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып болашақ мамандардың қызығушылығын арттыру және шығармашылықтарының дамуына мүмкіндік жасап, белсенділіктерін арттыру.
Педагогикалық іс-тәжірибе кезінде ақпараттық технологияларды пайдаланып, экспериментке дейінгі және кейінгі сауалнама өткіздім.
Сабақтың нәтижелілігін жоспарлау дегеніміз: алынған білім мен білікті, олардың меңгерілу деңгейін бағалауды жалпылау; топтың және жеке жұмыстың нәтижелерін талдау; сабақта тек соңғы нәтижеге емес, оқушының жұмыстану үрдісіне баса назар аудару. Осыған сәйкес, мұғалім —психолог қызметін атқарады.
Осылайша, эксперимент барысында жүргізілген жұмыс түрлерін және қолданылған әдістердің тиімділігін байқау үшін білім алушылар яғни болашақ мамандармен сауалнамалық сұрақтар беріп, сұрақтарға жауап алдым.
Экспериментке дейінгі және кейінгі нәтиже көрсеткіштерін саралайтын болсақ, білім алушылардың яғни болашақ мамандардың толық жауаптарының көрсеткіші эксперимент тобында 51% дан 60% артқандығын, толық емес жауаптардың көрсеткіші нәтижесі 32% дан 31% төмендегені байқалса, жауабы жоқ және теріс жауаптардың көрсеткіші топ бойынша да төмендегендігіне көз жеткіздік. Басым көпшілігі ақпараттық технология жұмысына риза екеннің білдірді [5].
Ақпараттық ортаның бір бөлігі бола отырып және жаңа білім алу процесінде білім алушыларды жандандыра отырып, қашықтықтан оқыту технологиялары қысқа уақыт ішінде жеке тұлғаға ақпараттың едәуір көлемін игеруге, өзінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға көмектеседі.
Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі оқытушылардың оқу-әдістемелік жұмысы жаңа білім деңгейін – Ақпараттық технологиялар мамандарымен, психологтармен және Интернетті пайдаланушы білім алушылармен ынтымақтастықты көздейді [6].
Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, қашықтықтан оқыту технологиясы – білім алушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология. Келесі кезекте мен сіздермен өз тарапымнан қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтарын мен тиімді жолдарын төменде өз пікіріммен бөлісіп кетсем:
– Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
– Интерактивті әрекеттесу формалары;
– Сапалы білім алу;
– Уақытты үнемдеу;
– Ыңғайлы уақытта оқу;
– Территориялық шектеулер жоқ;
– Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ [7].
Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.
Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.
Біздің елімізде қашықтықтан оқыту екі технология бойынша жүзеге асырылады:
– желілік технология немесе Интернет технология;
– кейс-технологиясы.
Желілік технология — білім алушылар мен оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсерлесуін және оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген:
– Интернет желісін пайдалану;
– Электрондық поштаны пайдалану;
– Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
– Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік сыныптар.
Кейс-технология (ағылшынның сasе – портфель) – қағаз, электрондық және басқа да тасымалдағыштарда және білім алушылардың өзіндік білім алуы үшін жіберілетін мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдардың жинақтауларын (кейстерді) толықтыруға негізделген технология;
Кейс технологиясы оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс-технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқаулар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге бағытталады.
Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда. Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда. Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау маңызды [8].
Правообладателям!
Данное произведение размещено по согласованию с ООО "ЛитРес" (20% исходного текста). Если размещение книги нарушает чьи-либо права, то сообщите об этом.Читателям!
Оплатили, но не знаете что делать дальше?