Электронная библиотека » Виктор Песиголовец » » онлайн чтение - страница 2


  • Текст добавлен: 7 ноября 2023, 08:36


Автор книги: Виктор Песиголовец


Жанр: О бизнесе популярно, Бизнес-Книги


Возрастные ограничения: +18

сообщить о неприемлемом содержимом

Текущая страница: 2 (всего у книги 5 страниц)

Шрифт:
- 100% +
Тарау 7. Бюджет. Ол не және не үшін керек?

Көп ақша табу – ерлік, оларды сақтап қалу – даналық, ал дұрыс жұмсау – шеберлік.

Бертольд Авербах

Бюджет – шектеулі қаражат көлемін есепке ала тұрып белгілі бір уақытқа бөлу. Мысалы, анаң саған бір айға 1000 теңге берді. Бұл сенің бір айлық бюджетің. Оны сауатты түрде жарату үшін саған бір айлық бюджетіңді бөліп, оны қадағалу керек.

Сенің болашақ табыс пен шығыстарыңды жазатын және есепке алатын кесте сенің бюджетің болып табылады.


Сонымен, бюджет екі бөліктен тұрады.

Сен болжаған табыстар мен шығыстарды енгіздіретін жоспар.

Нақты табыстар мен шығыстарды жазатын құжат – есеп.

Бюджет жеке, жанұялық, мемлекеттік болу мүмкін.


Өз табыстары мен шығындарын, яғни бюджетті, сауатты түрде жоспарлай білу адамдарды қаржылай тәуелсіз және ерікті қылады және де алдына қойған мақсаттарына жетуге көмектеседі. Мамандардың ойынша, өз бюджетін жоспарлайтын және қадағалайтын әдеті жоқ адамдар өз қаражатының 20%-ын теккке жаратады. Бұл көп. Мен сенің өз қаржыларыңды қадағалай алуыңды, қаржысын бақыламайтын адамдар жиі түсетін жағдайларға түспегенiңді қалаймын. Қаржы еркіндігі – бақытты болудың бірден-бір кілті, және сол кілтті еркін меңгерсең жақсы болар еді.

Мүмкін сені шығындарды жазу жалықтыратын шығар, алайда бюджетті қадағалауды әдетке айналдыр, шыдамдылық таныт. Әдетті қалыптастыру үшін 21 күн ғана керек. Егер де сен қаржыларыңды қадағаласаң, болашақта сенің қаржы өмірің оңайға түседі және сен өзіңнің қаржылай мақсаттарыңа және армандарыңа оңай жетесің.

Бюджетті қағазда және компьютердегі файлда жүргізгеннен басқа қазір қолында смартфоны бар адамға табыс пен шығысты есептеуге арналған ыңғайлы да қолжетімді үсетмелер бар.

Мысалы: Дзен мани, CoinKeeper, Умный бюджет тағы басқа. Өзіңе ыңғайлы үстемені таңда да, қаржыңды бүгіннен бастап қадағала.

Бюджетті қадағалау үшін, біріншіден, жоспарлау мерзіміңде сенің қандай табыс, қандай ресурстар, капиталың қанша екенін анықтау керек. Сенің капиталың – ол сенің болашақ табыстарың, сонымен қатар, жинақ сандықшаңдағы және банк картаңдағы ақшаң.

Бір айға болжамдаған табыстарыңды кестеге сал. Болашақ табыстарыңды қағазда не кестеде көргенде сен өзіңе не рұқсат ете алатыныңды көре аласын

Табыстың қандай болатынын көрген соң шығыстардың кестесiн құрсаң болады.

Шығыс қажетті және қалаған болып бөлінеді.

Қажетті шығыстар – ол сапалы өмір сүру үшін арналған шығыс. Бiрінші қажеттілік – ол тамақ. Екінші қажеттілік – ол үй және оның күтімі. Қажеттілікке байланыс құралдары да кіреді, оларсыз бүгінгі күнде қалайша! Транспорттық шығыстар да қажетті болып табылады.

Сонымен қатар қажетті шығыстар қатарына білім жатады, мейлі ол негізгі болсын, не қосымша болсын!


Қалаумен кететін шығындар – ол сен қалаған заттар, бірақ мұқтаж емес заттар. Мысалы, сенде ұялы телефон бар, ал сен басқасын, қымбаттырақ түрін алғың келеді. Бұл мүмкін, бірақ мұқтаждық емес, себебі сенің ұялы телефоның бар.


Яғни қаржымен жұмыс жасамас бұрын әбден ойланып, неге ақша жарататыныңды жазып ал.

Келесі қадам – жоспарланған барлық шығындарға бөліктермен қаражатты үлестіру. Бұл алғашқы жазылған жұмыс, әрине де іс жүзіне келетін болсақ, өз түзетулері болады. Бірақ өзіңе қанша ақшаны (табыстан пайызбен белгілеуге болады) неге жаратыныңды шешіп алған міндетті нәрсе.


Өмірден сабақ. Бір таныс қыз Арина Испаниядағы халықаралық суретшілер сайысын жеңіп алды. Арина он күнге, ең күшті суретші деген сыйлықты алу үшін балалар тобымен Барселонаға барды. Саяхатқа анасы оған 200 евро берді. Өзіне тән ақкөңілділігімен және жомарттығымен ол жаңа достарына тәтті, лимонад және тағы басқа да заттарды алып беріп, екі күннен кейін ақшасының біткенін аңғарды. Сонымен, ол өзіне естелік ретінде сувенир де, анасы мен інісіне сыйлық та ала алмады. Жабырқаңқы жағдай, солай емес пе?

Жайдан-жай халық даналығы «Көрпеңе қарай көсіл» деп айтпайды!


Бюджетті жоспарлаудың көптеген тәсілдері бар, бірақ ең оңай және түсініктісі «Құмыралар тәсілі».

Сенің болашақ шығындарыңды үлестіретін 6 құмыраң бар деп елестет.


Құмыра 1. 55%. Қажеттісі. Қажеттіге тамақ, коммуналды қызметтер, телефон байланысы, яғни, біз қолайлы өмір сүру үшін керектінің барлығы жатады.

Құмыра 2. 10%. Көңіл көтеру мен ойын-сауық. Барлық нәрседен өзімізді шектей берсек, өміріміз қызық емес болып кетеді. Сол себепті ақшаны өз рахатыңа да жаратуға болады, бірақ ақылға сиятын мөлшерде болу керек.

Құмыра 3. 10%. Сақталған ақша. Сақталған ақша – ол қаржы еркіндігіне бағытталған маңызды қадам. Өзіңде жинақ барын біле сен ертеңгі күніңе сенімді боласың. Жинақ – сенің капиталыңды үлкейту үшін арналған қаражатың, яғни, қауіпсіздік жастықшаң.

Құмыра 4. 10%. Жинақтар. Жинақтар – мақсатқа айналған арманның орындалу жолы. Өз мақсатыңа жете біл! «Өз мақсатыңды қалай анықтау керек» тарауында сен тілегеніңе қалай жету керектігін білесің.

Құмыра 5. 10%. Білім алуға кететін шығын. Сен үшін ең қымбат капитал – ол сен. Өз өркендеуіңе, пайдалы да қызықты курстарға ақша салу өте маңызды.

Құмыра 6. 5%. Сыйлықтар мен қайырымдылық. Әлбетте бірнәрсе алған өте жағымды. Алайда өз жетістіктеріңмен өзгелермен бөлісу одан да жағымдырақ. Өз бюджетіңнің 5%-ын сыйлыққа,қайырымдылыққа бер,бұл сенің өміріңді бақыттырақ қылады. Ал бақытты болу, жақсы көңіл-күй мен сезімдер өте маңызды.


Шынында сен кез келген тәсілді елестетіп, оған қалаған атыңды қойсаң болады. Мысалы, бенто қорапшасы тәсілі, шошқа жинақ сандықшасы тәсілі не тағы басқа.

Бұл тәсілді жеке не жанұялық бюджетті қадағалауда да қолдануға болады.

Жоспарлаудың ең маңызды дағдысы сенің жеке қаржылай дисциплинаң болып табылады, соның нәтижесінде адамгершілік сеніміділігің артады. Бұл сенің достарыңмен қарым-қатынасыңда да маңызды.


Мүмкін сенің табысың жоспарланған шығыннан артық болып, ай соңында сенде біршама артық ақша қалауы мүмкін. Мұндай жағдай профицит деп аталады.

Егер де сен ақшаны жоспарлағаннан да көп жаратсаң, ол дефицит деп аталады.


Сұрақтар

1. Бюджет дегеніміз не?

2. Қалай ойлайсын бюджетті жоспарлаудың мәні бар ма? Неге?

3. Қандай шығындарды сен қажетті деп санайсың?

4. Шығынды неге есепке алып отыру керек?


Тапсырма 1. Қажетті шығындардың тізімін құр.

Тапсырма 2. Қалайтын шығындардың тізімін жаз.

Тапсырма 3. Ата-аналарға.

Супермаркетке барар алдында балаңызбен сатып алатын заттар бюджетін жоспарлап қойыңыз. Балаңызға қолдағы бар ақша соммасын айтыңыз. Сізге не керек екенін және шамамен қанша ақша керек екенін талқылаңыз.

Сатып алатын заттар тізімін бірге жазыңыз. Калькулятор қолданыңыз. Балаңыздың саналығына таң қаласыз!

Тарау 8. Өз мақсатын адам қалай анықтау керек?

Мақсатсыз жүгірген адамға қарағанда, мақсаты бар баяу жүретін адам – жылдамырақ

Автор белгісіз

Қалаған затқа қол жеткізу үшін сен оның қанша тұратынын, түрі қандай екенін және қайдан алуға болатынын түсініп білу өте маңызды. Яғни, алдыға мақсат қою керек. Мысалы, велосипед сатып алғысы келу – бұл тек тілек. Ал спорттық ХХХ модельді, 45 000 теңге тұратын велосипедті қалау – бұл мақсат. Өз мақсатыңды анық түсінетін болсаң, оған жету жоспарын құрып, оны орындай аласың.


Мақсаттар:

Қысқамерзімді – бір жылға дейін қысқа мерзім.

Орташамерзімді – 1 жылдан 7 жылға дейін.

Ұзақмерзімді – 7 жылдан және одан көп.


Жоспарламас бұрын мен саған бұл сенің тілектерің бе, соны түсініп, танып білу керек деп кеңес берер ем. Бұны қалай жасауға болады? Бір оңай да әсерлі тәсіл бар.

Қағазды ал да, оның бетіне 50 тілегіңді жаз. 50 – ол көп және қағазды толтыру оңайға түспейді. Сен оны бір мезгілде, не бірнеше күнде жазуыңа болады. Жасадың ба? Керемет! Енді осы қағазды қалдыр да, бір күн қарама. Келесі күні оны аш та, саған аса қажет еместі сызып таста. Тізімді 25 тілекке дейін қысқарт. Тізімді қайта оқып, асықпай қара: әр жазған тілегін туралы ойланып қара. Өзіңе мен мұны неге қалап тұрмын деген сұрақ қой. Бұл маған не үшін керек? Бұл шын мәнінде менің қалауым ба?

Бұл не үшін керек? Әдетте біздің тілектеріміз қоғамдық ой-пікірден, жарнамадан еріксіз қабылданған стереотиптер болуы мүмкін. Әдемі өмір стереотиптері – мысалы, яхта, «Феррари», теңіз жағасындағы вилла, Ким Кардашьянға ұқсайтын қыз. Бұл тек стереотиптер ғана, әр адамның тілегі емес. Көптеген адамдарға теңіз жағасындағы үй ұнай бермейді, «Феррари» орнына олар «Тойота» алар еді, вилла орнына – орман ортасындағы коттедж қалар еді, ал Кардашьян орнына тамақты дәмді пісіре алатын қызды таңдар еді. Стереотипке қарамай саған шын мәнінде не керектігін түсіну өте маңызды. Бұл СЕНІҢ өмірің және де оны сен өзіңе лайықты қылып құруың керек.


Сонымен, сен 25 жазылған тілекті алып тастадың, енді қағазды тағы бір күнге қалдыр. Келесі күні қағазды аш та, тағы да алдындағы принцип бойынша 10 пунктіні алып таста.

Қалған тілектер сенің нағыз шынайы тілектерің болып табылады, соларға қаражат пен күшіңді жұмсауың керек. Үш түрлі түсті маркерді ал да, тілектеріңді әр түрлі түске бояп таста. Ең маңызды 5 тілекті қызылмен, 5 аса маңызды емесін жасылмен және маңыздылығы ең аз 5 тілекті сарымен боя. Әрдайым қағазға қарап отырып, сен өзіңе не аса маңызды, не маңызы шамалы екенін көресің.



Ал енді сенің тілектеріңді мақсатқа айналдырып көрейік. Саған қарапайым да әсерлі SMART тәсілін ұсыныс жасаймын. Smart – ағылшын тілінен аударғанда ақылды, зерек деген мағына білдіреді. Тәсілдің аты сенің тілегіңді мақсатқа айналдыратын әрбір сөздің бірінші әріптерінен құралған.

Сонымен:


● S (Specific) – нақты. Мақсат анық та түсінікті болу керек, яғни нақты. Егер саған телефон керек болса, онын моделін, түсін, басқа да атрибуттарын анықтап ал. Саяхатқа барғың келе ма? Қай елге, қалаға баратыныңды, қай отельде тұратыныңды анықтап ал.

● M (Measurable) – өлшемді. Мақсат немен өлшенетінін анықтап ал, мысалы, телефон алу үшін 100 000 теңге жинау.

● A (Attainable) – қол жетерлік. Егер де қазір сенің табысың 1000 теңге болса және де келесі 12 айда табысты үлкейтуді жоспарламасаң, онда 100 000 теңге тұратын смартфон алу деп мақсат қою мүмкін емес. Алдыңа тек жетуге болатын мақсаттар қою керек.

● R (Relevant) – актуалды. Егер де сен ұзақмерзімді мақсат қойсаң, мысалы, 10 жылдан соң жылжымалы мүлікке 100 000 доллар инвестициялау, осы он жылда табысың нешеге жету керектігін есепте. Бұл үшін қандай әрекеттер жасау керек? Әр мақсатқа жету үшін нақты әрекеттеріңді сипаттап бер.

● T (Time-related) – уақытқа байланған. Қаржылай мақсаттарды жету тікелей сенің қазіргі және болашақ табыстарыңа, сонымен қатар жинақ мүмкіндіктеріңе байланысты. Жинақ туралы біз келесі тарауда айтамыз.


Мақсаттар анықталды. Құттықтаймын! Бұл сенің келешегіне әсер ететін өте маңызды жұмыс. Өз тізіміңмен жарты жылда бір рет жұмыс жасап, онда тілектерді қосып, алып не жаңаларын қосып отыр.


Өмірден алынған оқиға

Динара есімді қыз 8 жасында әдемі машинаны көреді. Машина жұмбақты сөзбен «Тойота» деп аталатын, оның таңғарлалық әдемілігінен, Динара оны тез арада алу керектігін шешеді. Динараның інісі Ален, нағыз досы, оның ойын толықтай қолдайды.

Нағыз істің адамдары сияқты, ағалы-қарындас бұл ойдың орындалуын ұзаққа қалдырмайды. Машинаны қалай сатып алуға болады? Әрине, ақша жинау керек. Жинақ сандықшасы ретінде кереуеттің астына бір екі литрлік және бір үш литрлік шыны құтылар қойылды. Ойлана келе, Ален тағы бір үш литрлік шыны құтыны алып келеді – не дегенімен, Тойота қымбат зат.

Сонымен, шыны құтылар алынды, мақсат анықталды, тек бір сұрақ қалды – ақшаны қайдан алуға болады?

Биік мақсаттың құрбандары – ата-анасы болды. Динара мен Ален күні бойы анасына жүгіріп келіп, бір затты қайталап айта берді: Анашым, бір сом берші, бір сом берші.

Бірінші күннің соңында балалар түсінді, олар қаншама талпынса да, жинақ сандықшада тек екі сом болды, ал ол ақшаны табуға көп еңбек жұмсалды.

Жалпы бұл ойдың шынайсыздығын және тиімсіздігін түсіп, олар бұл арманын тастады.


Мен бұл оқиғаны тектен-тек айтқан жоқпын. Бұл қызықты оқиға бізге алдымызға тек нақты мақсат қоюдың керектігін айтады. Сонда оған ақша жинау мүмкін болады.


Сұрақтар

1. Мақсат пен тілектің айырмашылығы неде?

2. Қолжетімді мақсат дегеніміз не?

Тарау 9. Жинақтар

Өзінің қаржылық өмірін дәл қазір жауапкершілікке алғысы келмейтін адам, болашақта бақытсыз өмір кешеді.

Роберт Кийосаки

Жинақтар не үшін керек?


Біздің қоғамның мәселесі адам ақша жаратуды бақытпен байланыстырады, ал жинауды бір ауыршылық пен түңілумен байланыстырады. Бәріміздің тек жақсы эмоциялар көбірек алғымыз келетіні түсінікті. Сол себепті адамдар ақшаны ертеңгі күнді ойламай жаратады. Бірақ ертеңгі күн келеді, адамдарда ештеңесі болмайды, соңында бәрібір түңілуге тура келеді. Мен саған айтқым келгені, қайтып келмес ақшаны оңды-солды жаратқаннан көрі, қаржылай өмірің үшін қам жемеу жақсы көңіл-күйдің болуына алып келеді, сол себепті жинақ болған дұрыс.


Адамның өмірінде жинақтар көптеген мәселелерді шешеді.

Жинақ арқылы сен алдыңа қойған мақсаттарыңа жете аласың, саяхатқа бара аласың, өзіңе бірқалыпты, тыныш өмір сүруіңе мүмкіндік ала аласың, қартайғанда жақсы өмір сүре аласың. Жинақты мақсаттарыңа, яғни А нүктеден Б нүктеге, жеткізетін пойызбен не ұшақпен салыстыруға болады.



Сонымен, алдыңғы тарауда біз өзіміздің басты мақсаттарымызды анықтадық, біз не қалайтынымзды және оның бағасын білеміз. Жинақтар бізге мақсатқа жетер жолды өтуге көмектеседі.


Мақсатқа жетер жолды есептеу үшін өз жинағыңа қара.

Сенің есіңде болар, стандарт бойынша адамдар өз бюджетінің 10%-ын мақсаттарға жету үшін жинайды. Өз бюджетіңнің 10%-ын жинап тұрсаң, саған мақсатыңа жету үшін қанша уақыт кетеді.


Егер мақсатыңа тезірек жеткің келсе, өз бюджетіңнен көбірек қалдырып жинауға дайынсың ба? Егер дайын болсаң, онда тек қана алға!


Бірақ! Ақшаңды жинай тұрып, инфляция және оның нәтижелері туралы есіңнен шығарма. Ақшаңды ақылмен дұрыстап жина. Сонда жиналған капитал саған қосымша табыс алып келеді, яғни сен мақсаттарыңа тезірек жете аласың.


Сұрақтар

1. Жинақтар не үшін керек?

2. Қаржылай мақсатқа жетудің уақытын қалай есептейді?


Үй жұмысы.

Жинау дағдысы.

Саған туылған күніңе не басқа да бір мейрамға ақша сыйлағанда, оны қорапшаға салып сақтап қой да, бір ай жаратпа. Күнде сол қорапшаны ашып қара, өзіңнің жеке жинағының бар екенін сезін. Не сезімде болдың? Қорапшадағы ақшаны сен тез жаратып тастағың келді ме? Әлде бұл ақшаға жоспарларың өзгерді ме?

Тарау 10. Қалай үнемдеуге болады? Ұқыптылық және ашкөздік

Ақша табудан, оларды сақтап қалу көп күшті талап етеді

М. Монтень

Ақшаны табу оңай емес, ал жарату оңай. Барлық ауқатты адамдардың бір маңызды әдеті бар, ол – ұқыптылық. Ұқыптылық – бұл өзіңнің еңбегіңді сыйлау және өзіңнің еңбегіңнің нәтижесіне ұқыптылықпен қарау.


Жинақты сақтап, үлкейтуді қалай болатынын түсіну үшін мысал қолданайық.


Мысалы, сен ұзақ бойы скейтборд пен роликті тептің, ал енді өзіңе гироскутер сатып алғың келеді. Бұл жағдайда қалай ақшаны үнемдеуге, басқа сөзбен айтқанда, сақтап қалуға болады?


1. Міндетті түрде жаңа гироскутер алу керек емес. Ұсталынған заттар да сапалы және бағасы аз болу мүмкін. Бірақ қолданылған зат ала тұрып, оның профессионалмен бірге тексер.

2. Жаңа модельдің шыға салысымен жаңа гироскутер алу шарт емес. Жаңа заттың бағасы біраз уақыттан кейін біршама төмендеуі мүмкін, тіпті 50%-ға дейін. Бұл өте үлкен ақша үнемдеу, ал нәтиже бір – сен де сондай мықты гироскутердің иегерісің.

3. Жаңа гироскутер ала тұра, ескі скейтбордпен ролигіңді сатып жібер. Бұл жаңа зат алардағы шығынды азайтады.


Өз қаржыларыңа сыйластықпен қарым-қатынас жаса, себебі олар саған жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді.


Ұқыптылық пен ашкөздіктің айырмашылығы неде?

Ұқыптылық – адамның жеке меншікке және материалдық игіліктерге қамқорлықпен қарайтын моральдық қасиет. Бұл, жалпы айтқанда, өзіңе және өз еңбегіңе деген сыйластық.

Ашкөздік – иелену мен тұтынуға тойымсыз ынтызар болу. Ашкөздік, керек десең, біреудің ақшасымен әлдебір нәрсені алып алуға дейін алып келеді. Мысалы, ашкөздік болса, адам сыйлықтарға не қайырымдылыққа өз қаражаттарын жаратпайды. Бұл 5% (ұсынылыған шығынды жоспарлау нұсқасындағыдай) нольге дейін қысқарады. Мұндай адам туылған күнге сыйлықсыз келіп, табиғатқа шыққанда не пикникке барғанда ортақ үстелге ешнәрсе қоймау, бірақ басқа адамдар алып келген тамақты үлкен тәбетпен жеу мүмкін және тағы сол сияқты. Мұндай ашкөздікті айналадағылар байқап, олардың бойында жақтырмаушылық тудыру мүмкін, тіпті жиеркеніштік болу мүмкін, достар теріс айналып, аралысқысы келмеуi мүмкін.


Өмірден алынған оқиға.

Ұлы ғалым Чарльз Дарвин қартайған шағында бильярдқа әуестеніп бастаған екен. Кішкене ойланып ол сүйікті хоббиіне көбірек уақыт бөлу үшін өзіне бильярд үстелін сатып алу шешіміне келді. Үстелдің бағасы 53 фунта стерлинг тұрды, және ғалым ол өзіне оны рұқсат ете алмайды деп шешті. Сол себепті ол жұбайы Эммаға бильярд үстелін алу үшін оның бірегей фарфор коллекциясын сатуға мәжбүр екенін айтты. Және сатып жіберді. Ақпарат үшін: Дарвиндардың жылдық табысы 5 мың фунттай болды, ал одан жанұя 2 мыңнан сәл аса жаратты. Дарвиндардың жалпы жинақ қорында 70 мың фунт стерлингтен көп болды.


Сұрақ.

Қалай ойлайсың Чарльз Дарвин қандай қасиет көрсетті? Ұқыптылық немесе ашкөздік?


Тарау 11. Керек емес заттар

Ұстамдылық – бұл байлық

Цицерон

Өкінішке орай жер бетіндегі көптеген адамдар ақшаны сауатты түрде қолдана алмайды және оның жетіспеушілігінен зардап шегіп жүреді. Және көбіне бұл адамдардың ақшаны керек емес заттарға жаратуынан.


Керек емес заттар дегеніміз не?

Жан-жағыңа қарашы. Сенің айналаңдағы заттардың қайсысының шынымен де мәні бар? Көп заттарды біз қолданбаймыз не аз ғана уақыт қолданамыз, ал егер жақсылап ойлансаң оларды басқа заттармен де алмастырсаң да болады. Ол заттарды алмай-ақ қоюға да болатын еді, яғни ол заттар керек емес.

Азық-түлікті сатып алуды да қадағалау керек. Кейде көп сатып алғаны соншалықты кейбір азықты тастауға тура келеді, себебі олардың жарамдылық мерзімі өтіп кетеді және олар бұзылады. Бұл пайдасыз, керек емес ақша жарату.


Сатып алардың алдында саған заттың керек не керек емес екенін қайдан білуге болады?

Сауатты түрде жоспарланған бюджет саған керекті ғана заттарды алуға көмектеседі. Өз бюджетіңе жыл бойы керек сатып алатын заттарды енгізіп көр. Егер де жасай алмасаң, бір айға жаса. Әр сатып алу керек затқа ойланып қара. Саған шынымен де ол қатты керек па? Өзіңе не үшін және неге деген сұрақтарға жауап бер.

Әдетте біз қалайтын заттар тізіміне стереотиппен таңылған заттарды енгіземіз. Сол себепті тізім құрған соң өзіңе мен шынымен де осыны қалап тұрмын ба деген сұрақ қой! Әлде мен тізімге бұл затты басқа бір себептермен қостым ба? Мысалы, бұл зат менің сыныптасымда бар және мені қызғаныш алып барады не бұл зат «модада ма»?

Қолыңда тізім болған кезде сен неге ақша жарату керек екенін, ал неге керек емес екенін анық білетін боласың.


Аяқ асты заттарды сатып алма. Шығындарыңды жоспарла, тиімдірек жолдарды ізде. Әдетте аяқ асты алған заттар бір бұрышта жатады не қоқыс шелегіне кетеді. Яғни қоқысқа біз тапқан нағыз ақшалар кетеді деп есептеуге болады. Бұл керек пе?



Сұрақтар

1. Жан-жағыңа қара, не бар екенін бағала. Сенде бар заттардың қайсысын алмауға болар еді?

2. 20 пунктіден тұратын материалды армандарыңды жазып тізім жаса. Тізімді оқы. Әр пункт бойынша өзіңе сұрақ қой, керек емесін сызып таста. Қалай ойлайсың неге сенің тізімің кішірейді?

Тарау 12. Куншілдік, не сені керек емес заттарды сатып алуға итермелейтін сезім

Адамдардың тым көбі өзіне ұнамайтын адамдарды таңдардыру үшін, әзер тапқан ақшасын, өздеріне керек емес заттарға жаратады.

Уилл Роджерс

Жиі бізді керек емес заттарды сатып алуға күншілдік сияқты сезімдер итермелейді. Ол қасиет жасына және иеленетін дүниесіне қарамастан көптеген адамдар бойында болады. Әсіресе қатты ол мектеп жасында сезіледі. Айфонның соңғы моделі бар ұл-бала сыныптағы ең мықты ұл-баланы көре алмайды. Ең мықты ұл айфоны бар ұлды көре алмайды. Көреалмаушылық сезімі – өз өміріне көңіл толмаушылық. Мұндай сезім көңіл-күйді түсіреді. Егер де сенде күншілдік сезімі болса, оны өзіңе мойында. Мұнда тұрған ештене жоқ. Өз жақындарыңмен уайымыңмен бөліс.


Мен сенің түсінгеніңді қалаймын, әр адам дүниесіне қатысы жоқ жеке қалыптасқан тұлға. Сен өзің өте ерекше адамсың, өзіндік ерекше қасиеттерің бар, басқаның бойында жоқ нәрсе сенің бойыңнан табылады. Сенде барды бағала, өзгені қайталама. Және өзіңе әрдайым сұрақ қой: менің шын мәнінде қалағаным не?



Сұрақтар

1. Бұл өмірде сен көре алмайтын адам бар ма? Неге сен оны көре алмайсың?

2. Өзіңнің бойында саған не ұнайды?

3. Сенің заттарыңның ішінде саған аса құнды болып не табылады? Неге ол зат саған аса құнды?

4. Егер де сені біреу көре алмайтын болса, сен оған қандай кеңес берер едің?


Страницы книги >> Предыдущая | 1 2 3 4 5 | Следующая
  • 0 Оценок: 0

Правообладателям!

Это произведение, предположительно, находится в статусе 'public domain'. Если это не так и размещение материала нарушает чьи-либо права, то сообщите нам об этом.


Популярные книги за неделю


Рекомендации