Автор книги: Виктор Песиголовец
Жанр: О бизнесе популярно, Бизнес-Книги
Возрастные ограничения: +18
сообщить о неприемлемом содержимом
Текущая страница: 4 (всего у книги 5 страниц)
Тарау 19. Салықтар
Салықты да сүйіспеншілікпен төлеуге болады»:
осы елде өмір сүру үшін төлеп жатқан ақым деп ойлаңыз
Луиза Хей
Сен Қазақстан деген әдемі елде тұрасың. Айналаңа қарашы, сен не көріп тұрсың? Өз мектебіңе қарашы. Мектеп – бұл мұғалімдер, сыңыптар, оқулықтар, мектеп ауласы.
Осының бәрін кім төлейді деп ойлайсың? Мұғалімдерге, күзетшілерге, санитарларға жалақыны кім төлейді? Мектепте су, жылу, жөндеу жұмыстарын кім төлейді? Полиция қызметкерлеріне, дәрігерлерге жалақы кім береді?
Жаңа мектептер, мемлекеттік ауруханалар, балабақшалар, спорттық алаңдар, жаңа жолдар мен театрлар қандай қаражатқа салынады?
Мұның бәрін біздің елде тұратын және жұмыс істейтін адамдар, соның ішінде сенің ата-аналарың да төлейді!
Әр ай сайын біздің еліміздің әрбір азаматы мемлекеттің игіліктерін қолданғаны үшін жалақысынан, немесе бизнестен тапқан табысынан, пайыздық үлесін салық ретінде төлейді. Мемлекет оны және оның мүддесін қорғағаны үшін. Салықты біздің елімізде жұмыс істейтін ұйымдар да төлейді.
Салық – бұл қоғамдық игіліктерді пайдалану үшін мемлекетке беретін төлем. Салық төлейтін азамат салық төлеуші деп аталады.
Неге салықты төлеу маңызды? Салықтар төлеу біздің еліміздің әрбір азаматының, және де кез келген басқа мемлекет азаматтарының да борышы болып табылады. Бұл – біздің отанымызды қорғайтын әскердің міндеті немесе науқасты емдейтін дәрігердің міндеті сияқты міндет. Дәрігер немесе әскери қызметкер өз міндеттерін орындамаған жағдайда не болады? Салық төлеу мемлекеттің өмірі мен дамуы үшін маңызды, сол сияқты елдің игілігі үшін адамдардың еңбек етуі де маңызды. Әрбір азамат пен салық төлеуші ортақ игілік үшін маңызды.
Біздің еліміздің барлық азаматтары мемлекеттің салық төлеушілердің ақшасын қалай басқаратынын бақылай алады. Жыл сайын мемлекет ашық дереккөздерде барлық мемлекеттік шығыстар туралы ақпаратты жариялайды.
Салықты жоюды талап ету, қоғамның өзін жоюды талап етумен бірдей.
Мемлекет өзінің азаматтары үшін ештеңе істей алмайды, егер де азамматар өз мемлекеті үшін ештеңе істемесе.
Н. И. Тургенев
Сұрақтар
1. Салық дегенеміз не?
2. Салықты төлеу неге маңызды?
3. Біздің елдің азаматтарымен не төленеді? Мысал келтір.
Тарау 20. Зейнетақы. Ол неге жетпейді?
Зейнетақыға өмір сүру үшін, көп еңбек ету қажет.
Мартинның қаржы принципі
Бәлкім, сендердің көпшіліктерің әжелердің шағымданғанын естіген шығарсыңдар: «Ой, сондай шағын зейнетақы, ой, ештенеге жетпейді». Зейнетақы не екенін, неліктен әжелер шағымданатынын түсініп көрейік және қартайған кезде көп ақша алу, саяхаттану, өмірден рахат алу үшін тұрғылықты өмір салтын өзгертпестен бірнәрсе істеу мүмкін бе?
Зейнетақы – ол жұмыс жасамайтын адамның мемлекеттік бюджеттен алатын бірайлық жалақысы. Неліктен мемлекет жұмыс істемейтін тұлғаға зейнетақы төлейді? Себебі еліміздің әрбір азаматы, жұмыс жасап бастағаннан өздерінің жалақысынан немесе өзге табысынан болашақ зейнетақы қорына белгілі бір пайызын төлейді. 2017 жылдан Қазақстанда бұл көрсеткіш азаматтың жалпы табысының 5% құрайды. Ақша құны жыл сайын түскеніне қарамастан (инфляция есіңде ме?), мемлекет зейнетке шыққан кездегі курспен зейнетақы төлейді, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайға сәйкес тұрақты зейнетақыны көтереді.
Зейнетақының мөлшері неге байланысты және неге ол жиі жетіспейді?
Орта есеппен зейнетақы жалақының, шегерім мөлшерінің 40—50% құрайды. Зейнетақы есептеу кезінде адам қанша жыл жұмыс істегенін, оның қандай жалақы алатындығын және ол зейнетақы қорына қандай мөлшерде шегерімдер жасағанын ескереді
Неге зейнетақы жиі жетпейді?
Егер адам ай сайын 100 000 теңге ақша табуға дағдыланып қалған болса, әрине, оған 40 00 теңге (40% 100 000-нан) үйреніп қалған шығынына жетпейді.
Мұны қалай өзгертуге болады?
Адамның игілігі өзіне байланысты. Кез келген адам зейнетақы жасындағы өзінің жеке зейнетақы қорын еңбек ақы мен басқа да табыс көздерінен алдын ала жинақтау арқылы өзгерте алады. Қаншалықты ерте ол туралы ойланып, ақша жинап бастасаң, соғұрлым қартайған шағында бақытты, молшылықта өмір сүруіңе зор мүмкүндік болады.
Таңдау сенің қолында!
Сұрақтар
1. Зейнетақы дегеніміз не?
2. Неге мемлекет жұмыссыздарға зейнетақы төлейді?
3. Зейнетақы неге көбіне жетпейді?
Тарау 21. Адамдар неге әр түрлі жалақы алады?
Мамандық – бұл өзіме деп, басқаның игілігі үшін жасалатын еңбек
Автор белгісіз
Сен адамдардың неге әр түрлі еңбек ақы алатыны жайлы ойландың ба? Адамдар күніне бірдей сағат жұмыс істейтініне қарамастан, біреуі өте аз, біреуі өте көп жалақы алады. Неліктен?
Жалақының мөлшері орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен өзектілігіне байланысты. Жұмыс неғұрлым қиын болса, ол қаншалықты қажетті дағдылар мен білімдер қажет етсе, соғұрлым оның бағасы да жоғары болады.
Ең аз ақша төленетін жұмысты талқылайық.
Мысалы – жүкшінің жұмысы.
Мүмкін, жүкшінің жұмысы өте қиын болып көрінетін шығар, себебі ол қара күшті талап етеді. Белгілі бір дәрежеде, иә, бұл қиын жұмыс. Бірақ күрделі емес. Белгілі бір физикалық күші бар кез-келген тұлға бұл жұмысты орындай алады. Осындай жұмысты орындау үшін ешқандай білім қажет емес, білім алу қажет емес. Яғни мұндай жұмысқа дайындық қандай да бір алдын-ала қаражат бөлуді талап етпейді. Сондықтан бұл қарапайым, бірақ ауыр жұмыстың жалақысы төмен. Бұл «біліксіз еңбек» деп аталады.
Ал қазір жоғары ақылы жұмыс орындарын қарастырамыз.
Мысалы, дәрігердің жұмысы. Дәрігер болу үшін көптеген жылдар бойы оқу керек. Яғни, адам өз оқуына көп зияткерлік, ең қиын еңбек пен ақша салады. Сондықтан дәрігердің жұмысы жоғары бағаланады.
Сонымен қатар, дәрігердің тәжірибесі неғұрлым көп болса, онда ол қосымша дағдыларды меңгереді, соғұрлым жоғары біліктілікке ие болады. Оның біліктілігі қаншалықты жоғары болса, соншалықты ол жасаған кызметтің бағасы да артады, оның жалақысы да арта түседі.
Немесе дизайнердің жұмысы. Дизайнер болу үшін таланттан басқа маңызды дағдылар қажет. Жақсы дизайнер өз мамандығын өмір бойы оқиды. Дизайнер тек қана бір уақытта жұмыс істеуді үйреніп қана қоймай, үрдістерді (тренд*) қадағалап қана қоймай, әрдайым дамып, жаңаны ойлап табады және бұл әркімнің қабілетіне келісе бермейтін жұмыс. Дизайнер дамыған сайын, соғұрлым ол өсіп, дизайн әлемінде оның аты неғұрлым маңызды болса, соғұрлым оның жұмысының құны жоғары болады, соғұрлым оның табысы жоғары болады.
Яғни, жалақы мөлшері үйренген дағдыларға және табиғи таланттарға, сондай-ақ жұмыс процесінде кәсіби дағдыларды дамытуды тоқтатпай үздіксіз оқуға байланысты.
Әлем түрлі жұмыстармен толы. Сен ұшқыш немесе бухгалтер, дизайнер немесе әнші, аспаз немесе бағдарламашы, жазушы не серфер бола аласың. Сенің алдында бүкіл әлем ашық!
Мамандық тандағанда тек қана практикалық жағынан ғана емес, яғни, жұмыс үшін қаншалықты төлейтініне емес, сонымен қатар сен ұнататын нәрсе болу керек.
Кәсіпті таңдағанада адамдар өз қалауына емес, жиі стереотиптерге*, яғни, сәнді немесе пайдалы болып саналатын мамандық таңдайды. Бұл адамдар өздерінің жұмысын құлықсыз атқаруына, ал кейде өмір ортасында белсенділік түрін түбегейлі өзгертуіне алып келеді. Егер сен жасаған жұмысың шынымен өзіңе ұнаса, онда сен табысқа жетесің.
Өзіңді тыңда: сен шыңымен нені қалайсың?
Егер шешім қабылдау қиын болса, асықпа. Өзіңді фрилансер, еріктілер ретінде түрлі жұмыс орындарында сынап көр. Осы дүниеде, әрине, дәл саған келісетін нәрсе бар!
Сколково нұсқасы бойынша 2030 жылы ең қажетті болатын мамандар:
Виртуалды әлемнің дизайнері
Сандық лингвист
Ескі құрылыс құрылымдарын нығайту бойынша маман
Құрылыстағы 3D басылымның жобалаушысы
Бала психологиясының қауіпсіздігінің маманы
Жеке қаржы траекториясының құрастырушысы
Робототехника маманы
Ғарыштық туризм менеджері
Желілік дәрігер
Виртуалды заңгер
Молекулалық диетолог
Кез-келген жұмыс маңызды екенін білгеніңді қалаймын. Даяршылар, жүк тиегіштер мен сыпырушылар қажетті және маңызды жұмыс жасайды.
Бірақ бақыт көбінесе адамдардың түсінігінде көп ақшамен байланысты болғандықтан, ата-аналар балалардан білім жағынан жақсы жетістіктерді талап етеді. Олар мұндай дағдылар болашақта саған көп ақша табуға көмектесетінін түсінеді және сен қаржылық тұрғыдан еркін бола аласың.
Сұрақтар
1. Қалай ойлайсың неге жұлдыздар үлкен жалақы алады?
2. Тазалағыш әйелдің жалақысы неліктен төмен болады?
3. Өзің үшін қандай мамандықты таңдағың келеді? Неліктен?
Тарау 22. Мамандықты қалай қателеспей таңдауға болады? Мамандықты таңдай тұра қалай алғашқы тәжірибе алуға болады?
Ең жақсы жұмыс – бұл жақсы төленетін хобби.
Генри Форд
Көп ұзамай сен мектепті бітіріп, үлкен таңдау жасайсың. Сен кім болғың келеді? Дамыған елдерде қызықты дәстүр бар: университетті таңдағанға дейін әртүрлі жұмыс орындарында өзін-өзі сынап көру, бүкіл әлемді бір жыл бойы саяхаттап, саған келісетін нәрсені түсіну.
Мүмкін сенің бірінші сұрағың саяхатқа ақшаны қалай табамын? Осы жайлы саған айтқым келіп отыр. Бүкіл әлемді толығымен тегін саяхаттауға болады немесе саяхат кезінде жеткілікті ақша табуға болады.
Нұсқа 1. Волонтер болу.
Әлемде түрлі салалар мен елдерде азық-түлік пен баспанаға, не тегін жұмыс жасайтын адамдар, яғни волонтерлер үшін көптеген ұсыныстар бар.
Бұл Австралиядағы жатақханадағы жұмыс, Вьетнамдағы сурет мұғалімі, Таиландтағы жануарлардың баспанасының қызметкері, Африкадағы кедейлерге ас беруші, Италиядағы серіктес болу сияқты жұмыстар. Таңдау өте көп. Көбінесе волонтерлер күніне 4—5 сағат жұмыс істейді, немесе аптасына 2—3 күн жұмыс істейді және жергілікті жерлерді зерттеуге және саяхат жасауға уақыттары бар.
Әлем бойынша волонтерлық жұмысқа арналған үздік 10 веб-сайт:
https://www.workaway.info – бүкіл әлемнің жүз мыңдаған жұмыс берушілері. http://wwoof.net/ – WWOOF – волонтерлерді органикалық фермерлер мен өндірушілермен байланыстыратын дүниежүзілік қозғалыс.
https://www.unv.org/ – UNV (БҰҰ) әлемнің 130 елінде жұмыс істейді. Жобаның негізгі мақсаты жер бетіндегі бейбітшілікті дамыту және жетілдіру болып табылады.
https://www.hfholidays.co.uk/ – HF Holidays – волонтерлерді жаяу серуендеуге жіберетін ең танымал еуропалық ұйым.
https://www.peacecorps.gov/ – Бейбітшілік корпусы (Peace Corps) – волонтерлерді гуманитарлық көмек көрсету үшін дамушы елдерге жіберетін ұйым.
http://www.seaturtles.org/ – Sea turtles (теңіз тасбақалары) – әлемдегі мұхит пен теңіз жануарларын қорғау жөніндегі жетекші ұйым.
http://conservationvolunteers.com.au/ – Conservation Volunteers арқылы сен Австралияда немесе Жаңа Зеландияда тегін немесе орта есеппен $ 80 (тұру мен тамақтануды қоса алғанда), олардың флорасы мен фаунасы туралы хабардар бола аласын.
http://www.appalachiantrail.org/ – Appalachian Trail миссиясы болып Аппалач соқпағын сақтау және күту болып табылады.
http://www.helpx.net/ – Helpx – азық-түлік пен тұру шығыны жоқ тартымды жобалардың бірі. Шаруашылықтардың, кафелердің, барлардың, пансионаттардың онлайн-каталогы, олардың иелері әлем бойынша волонтерларға тегін тұру және тамақтану қамтамасыз етеді.
https://globalvolunteers.org – Global Volunteers – аштық, кедейлік және әлемдегі сауатсыз ересектер мен балалардың қалыптасу проблемаларын шешетін ұйым.
Волонтерлік сапар – бұл жаңа елдерді зерттеу, әртүрлі салаларда өзін таңдау, адамдарға көмектесу, жаңа адамдар мен мәдениетті танудың керемет әдісі.
Нұсқа 2. Фриланс.
Саяхат жасаудың басқа мүмкіндіктердің бірі-фриланс, алшақтан жұмыс жасау арқылы әр түрлі жұмыс қарап өзіңе не сай келетінің табуға болады. Мұндай жұмыс ғаламтор арқылы табылыды. Фрилансерге кеңседе отыру қажет емес, ол жұмысты белгілі бір уақытқа дейін дайындап, өз жұмыс уақытын өзі жоспарлау қажет. Бұл жұмыс ғаламтор арқылы тексеріліп, төленеді. Енді бастап жатқан дизайнерлерге, бағдармашыларға, жазушыларға, пиаршыға, аудармашыларға өте жақсы.
Фриланс бұл тек ақша табу мүмкіндігі емес. Фриланс – өзіңді әр түрлі салаларда жұмыс істеп көруге болатын керемет мүмкүншілік, қателер мен әрекеттердің арқасында саған шынымен не ұнайтынын түсіну мүмкүншілігі.
Орыс тіліндегі интернет-фрилансерлер үшін арналған биржалар:
www.work-zilla.com
www.fl.ru
www. copylancer.ru
www.kwork.ru
www.moguza.ru
Ағылшын тіліндегі:
www.upwork.com
www.freelance.com
www.toptal.com
www. guru.com
www.peopleperhour.com
Волонтер болу мен фриланс бүкіл әлем бойынша саяхаттауға мүмкіндік береді. Шетел тілдерінде тәжірибе алу бүкіл әлем бойынша саяхаттаудың өте маңызды артықшылығы болып табылады. Ешқандай оқу тіл ортасына түскендегі тәжірибені бере алмайды.
Онлайн курстар.
Мамандықты таңдаудың және өзіңді табудың керемет тәсілі онлайн курстардан өтіп көру болып табылады. Жоғары технологиялар заманында әр түрлі онлайн курстарын алдыңғы қатарлы Йель Университет, МГИМО, МГУ секілді университеттердің ұсынатын көптеген онлайн платформалары бар. Көбіне мұндай курстарды тыңдау тегін, тек егер сен сертификат алып, емтихан тапсырғың келсе ғана төлем төлеу керек болады. Экономист болғың келе ме? Экономика бойынша курс тыңда. Егер де екінші дәрісте ұйықтап қалмасаң, егер саған шынымен де қызық болса, бәлкім, бұл саған керек нәрсе? Саясаткер болғың келе ме? «Саясат негіздері» курсын өт. Кызықтырды ма? Курсты соңына дейін өт.
Ең танымал онлайн алаңдары
Ресейлік
www.universarium.ru
www.lektorium.tv
www.uniweb.ru
Халықаралық
www.coursera.com
www.udacity.com
www.oyc.yale.edu
Сұрақтар
1. Волонтер болғын келе ма? Болғың келсе, не жұмыс саған ұнайды? Сен мұндай жұмысты қоғамға пайдалы деп ойлайсың ба? Ал сен үшін ше?
2. Саған қандай мамандықтар қызық? Қандай курсты сен тыңдар едің?
Тарау 23. Экономика, макроэкономика және микроэкономика дегеніміз не?
Мен әрдайым айтатынмын, экономика заңдары – бұл өмірдің заңдары.
Филип Уикстид (1844—1927)
Экономика – барлық ресурстардың бөліну ғылымы. Негізгі экономика құралы – бұл баға.
Макроэкономика – бұл елдің немесе аймақтың масшабында экономиканы зерттейтін, көрсететін ғылым. Яғни, елдің, мысалы Қазақстанның, Францияның, я баска кез келген елдің экономикасын зерттеуге арналған ғылым.
Микроэкономика – бұл жеке үй шаруашылықтарының, ұйымдардың, өндірістердің немесе нарықтық экономикасын зерттейтін ғылым. Егер де біз мұнай саласындағы экономиканы, немесе бөлек бір отбасының, немесе ҚазМұнайГаз мекемесінің ішіндегі экономиканы зерттесек, бұл микроэкономика деп аталады.
Мысалы:
Сенің жеке бюджетін – бұл микроэкономикалық деңгей.
Қазақстан Республикасының бюджеті – бұл макроэкономикалық деңгей.
Барлығы бірге – бұл экономика.
Сұрақтар
1. Экономика дегеніміз не?
2. Микроэкономика дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Макроэкономика дегеніміз не? Мысал келтір.
Тарау 24. Экспорт және импорт дегеніміз не?
Экспорт – шетелге тауарларды немесе қызметтерді шығару.
Импорт – елге тауарларды немесе қызметтерді еңгізу.
Яғни, Қазақстан Францияға мұнай сатқан кезде – Қазақстан үшін бұл экспорт, өйткені Қазақстанда мұнай шығарылады, ал Франция үшін импорт, өйткені Францияға мұнай кіргізіледі.
Италия Қазақстанға зәйтүн майын сатқан кезде – Италия үшін бұл экспорт, себебі зәйтүн майы Италиядан шығарылады, ал Қазақстан үшін импорт, себебі зәйтүн майы Қазақстанға кіргізіледі.
Экспорт/импорт не бола алады?
Экспорт пен импорт туралы ұғымдар тек тауарларға ғана емес, соңдай-ақ капиталға да қолданылады. Яғни, тек қана тауарларды экспорттап және импорттап қоймай, сонымен қатар қызметтер, мысалы, консультациялар, сондай-ақ қаржыны экспорт не импорттауға болады.
«Экспорт» сөзі латынша exporto, «порттан ала кету» деген мағына білдіреді.
«Импорт» сөзі латынша importo, «кіргізі, алып келу» деген мағына білдіреді.
Сұрақтар
1. Экспорт дегенміз не?
2. Импорт дегеніміз не?
Тарау 25. Әлемнің ең бай елдері
Елдің байлығы оның өзінің табиғи ресурстарынан құрылуы міндетті емес, олар болмаған жағдайда да байлыққа қол жеткізуге болады. Ең басты ресурс – бұл адам. Мемлекет тек адамдардың дарыны өркендеуі үшін негіз құруы керек.
Маргарет Тэтчер
Елдің бай не кедей екенін қайдан білеміз? Мұндай есеп үшін көптеген көрсеткіштерді қарастырады, бірақ ең маңыздысы сол елдің халқы қаншалықты ауқатты.
Бұл параметр жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша есептеледі. ЖІӨ – жалпы ішкі өнім. Елде жыл бойы өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер қосылады. Бұл қосынды елдің тұрғындарының санына бөлінеді де, орташа адам басына ЖІӨ алынады. ЖІӨ неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамдар табысы мен шығыны көп, демек, ел дамыған болып саналады.
ЖІӨ неғұрлым төмен болса, соғұрлым ел кедей, соғұрлым оның экономикалық жағдайы әлсіздеу.
2016 жылы ең жоғары ЖІӨ-ге ие елдер.
Сұрақтар
1. ЖІӨ дегеніміз не?
2. ЖІӨ елдегі байлыққа қалай әсер етеді?
Жоғарыдағы тізімге қара.
3. Қандай да бір кездейсоқты байқадың ба? Қандай айтып берші?
Тарау 24. Әлемнің ең кедей елдері
Бүкіл халықтың қажымас қайраты мен адал еңбегі жеңе алмайтын,
елдегі ешқандай экономикалық жағдай соншама үмітсіз болуы мүмкін емес,
Людвиг Эрхард
2016 жылы ең төмен ЖІӨ-ге ие елдер.
Кестенің нәтижесіне қарап, сен бұл елдердің әрқайсысы қандай да бір кездейсоқ сәйкессіздіктермен бақытсыз, ресурссыз және болашақсыз деп ойланып қалуың мүмкін.
Шын мәнінде олай емес. Мәселен, ОАР-да табиғи ресурстардың үлкен қоры – ағаш, мақта, алмас, темекі және кофе бар, Нигердің нығайтылмаған бай уран және мұнай қорлары, Конгода әлемдегі ең үлкен мыс, мұнай, кобальт кендері бар, Мадагаскардың бірегей табиғаты, табиғи байлықтары және туризмді дамыту үшін барлығы бар. Кедейліктің себебі неде?
Ел тірі ағза, адам секілді, ол өз өмірін және бюджетін сауатты немесе сауатсыз басқару мүмкін.
Бір таңқаларлығы, кейбір дамыған елдер өз жолдарының басында ешқандай ресурстары болмаған, оларды дамыған елдер қатарына ақылды саясат, бюджетті дұрыс басқару, адам ресурсын сауатты қолдану дамыған қатар еліне қосты. Сондай елдің ең күшті мысалы ретінде Сингапурды айтуға болады. Онда ешқандай пайдалы қазбалар жоқ, мемлекетте қарапайым су жетіспеушілігі болды. 50 жыл ішінде әлемдегі ең бай ел болды, статистика бойынша әрбір жетінші адам – миллионер.
Жоғарыдағы тізімдегі елдерді Сингапурмен салыстыратын болсақ, бай табиғи ресурстары болғанына қарамастан ең кедей елдер қатарына жатады.
Адам да сол сияқты, өмірінің басында басқалармен бірдей ресурстарға ие болу мүмкін, бірақ табысы, дамуы бойынша, бақыт деңгейі әр түрлі өмір сүруі мүмкін. Мысалы сенің сыныбыңды алайық. Сыныпта 30 адам шамамен бірдей мүмкіндіктермен. Өміріңіз қалай болатыны тек сізге байланысты. Әлбетте шешім қабылдауда ата-ананың рөлі зор. Бірақ көбісі саған және сенің шешеміңе байланысты. Ресурстармен, уақытпен, бюджетпен қалай қолданғаныңа байланысты. Өзіңнің өміріңе, жасаған таңдауыңа өзің жауап бересін, соны түсіну өте маңызды.
Сұрақтар
Кестеге қара.
1. Не көріп тұрсың? Қандай сәйкестіктер?
2. Қалай ойлайсың бұл елдер неге сонша кедей? Кедейліктен шығудың қандай тәсілі бар бұл елдерде? Сол елдерде өмір сүретін адамдардың кедейліктен шығатын қандай тәсілі бар?
Тарау 27. Дамыған, дамушы және аз дамыған елдер. Бұл нені білдіреді?
Мемлекеттің жағдайын бағалау үшін дамыған, дамушы және аз дамыған деген терминдер қолданылады.
Ең оңай тәсіл: адам басына ЖІО.
Мысалы, 6000 АҚШ долларын құрайтын ЖІӨ – дамыған елдердің тізіміне кіретін негізгі нүкте. Алайда, осы критериге қосымша елдер қосымша параметрлер бойынша бағаланады, олар келесідей болуы мүмкін:
Адам басына ЖІО
Демократиялық үкіметтердің стандарттары
Экономикалық нарықтың еріктілігі
Қоғамдық бағдарламалар
Адам құқығының кепілі
Тағам
Денсаулық
Орташа өмір сүру ұзақтығы
Білім
Ересектердің сауаттылығы
Интернетке қолжетіміділігі
Индустриализация
және тағы басқа.
Дамыған ел – бұл тұрғындарына қауіпсіз ортада еркін және салауатты өмір сүруге мүмкіндік беретін мемлекет. Әлемнің дамыған елдеріне мыналар жатады: Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Испания, Швеция, Ұлыбритания, Болгария, Хорватия, Кипр, Чехия Республикасы, Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Исландия, Норвегия, Швейцария, Австралия, Канада, Жапон елі, Новая Зеландия, АҚШ, Сингапур, Тайвань, Оңтүстік Корея.
Дамушы елдер – басқа елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы ЖІӨ төменірек деңгейде, индустрия даму үстінде, дамыған елдерге экономикалық тұрғыдан жоғары тәуелсіздік, күрт әлеуметтік контрастылар. Дамушы елдер өте әртүрлі. Ең ірі дамушы елдер – Қытай, Ресей, Үндістан, Бразилия, Мексика, Индонезия.
Аз дамыған елдер болып адам басына шаққандағы ЖІӨ 750 АҚШ долларынан төмен елдер болып саңалады. Бұл өкінішті тізімге 33 африкалық ел кіреді: Ангола, Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, Гамбия, Гвинея, Гвинея-Бисау, Конго, Джибути, Замбия, Комор аралдары, Лесото, Либерия, Мавритания, Мадагаскар, Малави, Мали, Мозамбик, Нигер, Танзания, Руанда, Сан-Томе и Принсипи, Сенегал, Сомали, Судан, Сьерра-Леоне, Того, Уганда, Орталық-Африка Республикасы, Чад, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Эфиопия, Азияның және Океанияның 14 елі кіреді: Афганистан, Бангладеш, Бутан, Вануату, Йемен, Камбоджа, Кирибати, Лаос, Мьянма, Непал, Самоа, Соломон аралдары, Шығыс Тимор, Тувалу және Латын Америкадағы 1 ел: Гаити.
Сұрақтар
1. Қалай ойлайсың, біздің еліміз қандай саңатқа жатады? Неліктен?
2. Дамыған елдердің тізіміне кіру үшін мемлекеттің ЖІӨ қанша болу керек?
3. Катарды дамыған ел деп ойлайсың ба? Неліктен?
Правообладателям!
Это произведение, предположительно, находится в статусе 'public domain'. Если это не так и размещение материала нарушает чьи-либо права, то сообщите нам об этом.