Автор книги: Виктор Песиголовец
Жанр: О бизнесе популярно, Бизнес-Книги
Возрастные ограничения: +18
сообщить о неприемлемом содержимом
Текущая страница: 3 (всего у книги 5 страниц)
Тарау 13. Банктер
Абыройыңды жастайынан сақта, қалғанын банкте сақта
Рантье анықтамалығынан
Банк дегеніміз не? Біз алдында айтып кеткендей ақшаның өз құны бар. Банктерді сенің ақшаларың сатылып, сатып алынып, жалға алынып, бір нүктеден екінші нүктеге жеткізілетін дүкенмен салыстыруға болады.
Банктің көмегімен сен өз ақшаларыңмен не істей аласын? Банктер қалай ақша табады?
Салым не депозит.
Банктік салым, басқаша айтқанда депозит – ақшаны сақтау үшін және пайыз ретінде қосымша табыс көру мақсатымен банкке салу. Сен ақша салғанда оны жалға бересің және банк саған пайыздар төлейді.
Қарызға ақша не кредит.
Банктер кредит береді, яғни, қарызға ақша береді және пайыз ретінде табыс көреді.
Кредит жайлы оған арнайы арналған тарауда оқысаң болады.
Валютаны алмастыру және сату.
Банкте сен әр түрлі валюталарды сатып алсаң болады. Біз мұны алмастыру не сатып алу деп атаймыз. Мысалы, сен Парижге бара жатырсың, сен ол жақта тамақ пен сусындар үшін теңгемен төлей алмайсың. Саған Францияда қолданатын валюта, яғни, еуро керек. Сен банкке барасың да, теңгені еуроға алмастырасың, яғни, еуроны теңгемен сатып аласың. Банк бұдан қалай табыс табады? Валютаны алмастыру үшін банк сенен комиссия ұстап қалады – көрсетілген қызметтен сомманы не пайызды.
Банк аударылымдары.
Кейде бізге ақшаны бір адамнан екінші адамға жіберуіміз керек немесе мекеме көрсеткен қызметтерді басқа мекемеге төлеу керек. Қолма-қол ақшаны кейде беріп жіберу ыңғайсыз. Ақша беріп жіберу керек адам басқа қалада не басқа елде болса не істеу керек? Бұл жағдайда бізге банктің аудару деген қызметі көмектеседі. Банк ақшаны бір шоттан екінші шотқа аударады. Банк аударылымы қызметі үшін банк комиссиялық сыйақы алады.
Банк карталары.
Банк карточкасы сенің шотыңда жатқан ақшаның пластикалық дәлелі. Сенің ақшаң банкіде жатыр, әрдайым транзакция жасағың келгенде сен банктік жүйеге қандай операция жасағың келетіні жайлы сигнал жібересің. Банк сен берген сұранысқа жауап беріп, ол үшін комиссиялық сыйақы алады.
Банк барлық ақшаларын, сонымен қатар сенің де ақшаларыңды жоғалтып алуы мүмкін бе? Мұндай жағдайларға қауіпсіздендіру шаралары бар ма?
Иә. Бұл қалай орын алуы мүмкін туралы мысал көрсетейін. Адамдарға көбірек кредит беру үшін банктер шет елден аз пайызбен арзан ақша алады, жылына мысалы, 3%. Ақшаны банк шет ел валютасында алатыны түсінікті жағдай, мысалы Англияда олар АҚШ долларымен алады. Сонымен, банк Англияда жылына 3%-пен 100 000 доллар сатып алады, яғни бір жылдан соң Англия еліне 103 000 доллар қайтарып беру керек. Ресейге алынып келген ақша жылына 10%-бен рубльмен кредитке беріледі. Банк жылына минимум қарызға берілген ақшадан 7000 АҚШ доллар табады. Бұл сомманың бір бөлігі операциялық шығындарға жаратылады: қызметкерлер жалақысы, ғимараттың күтімі, реклама және тағы басқа. Сомманың бір бөлігі банк табысы болып табылады. Ал егер де күрделі инфляция болған болса ше? Мысалы, қарыз алар кезде
100 000 доллар 10 000 000 теңге құрайды, ал қайтаратын мезгілде қарыз 100 000 доллар 20 000 000 теңге құрайды. Анығы, банк бұл жағдайда табыс көрмек түгіл, улкен сомманы жоғалтады. Ондай қаржы нарығының күйзелісі, банктің банкротқа ұшырауына мүмкүндік туғызады
Мемелекет мұндай жағдайлардың мүмкіндігін алдын-ала қарасытырады, сол себепті жинақты сақтау бағдарламасы бар. Еген сенің банкің ойсыраса да, сен өз жинағыңды толықтай компенсация ете аласың, егер де ол 10 000 000 теңгеден аспаса.
Сұрақтар
1. Банктер не үшін керек?
2. Банк саған қалай көмектесе алады?
3. Банктің ойсырауынан қауіпсіздендіру шаралары бар ма?
Тарау 14. Ақша қалай ақша табады?
Қолдың саусақтарымен айтып түсіндіре алмайтын идеяға,
ақшаны ешқашан салмаңдар
Питер Линч
Иә, иә, ақша ақшаны таба алады. Егер сенде ақша болса, оны тығып ұстап отырған аса ақылды нәрсе емес. Олар сақталып тұрған жоқ, олар өз құнын жоғалтып жатыр. Яғни, қаражатты ақшаны олай сақтап, сен оларды жоғалтасың.
Бар ақшадан қалай қосымша ақша табуға болады?
Банктегі депозит
Ең оңай нұсқа – ақшаны банкте сақтау. Ақшаны банктегі шотқа сала тұрып, сен салынған соммадан белгілі бір шарттармен банктен пайыз алып тұрасың. Әдетте бұл жылдық пайыз. Банктегі сен өз шотында сақтаған ақша депозит деп аталады. Банкте ақша сақтау немен жақсы? Бұл ең тәуекелсіз, кепілді құрал. Мысалы, қолма-қол ақшаны жоғалтып алуың, я үйден, сөмкеден ұрлатып алуың мүмкін. Әсіресе, поездарда, келісесің бе? Үйде сақталатын қағаз ақша, күтпеген апаттың жағдайларда, мысалы өртте, құрып кетуі мүмкүн, оларды ешкім өтемейді. Сондықтан оларды банкте сақтаған сенімді.
Біздің елімізде әрбір банктің сақтандыру бағдарламасы бар. Мұндай бағдарлама банк жабылғанның өзінде мемлекеттің клиентке ақшаны қайтарылып берілуіне кепіл береді. Яғни ақшаны жоғалтатын қауіп жоқ.
Депозиттің кемшілігі неде? Әдетте олар аз ғана пайыз табуға мүмкіндік береді – жылына 1-ден 5%– ға дейін.
Инвестициялар (қаржы салу). Капиталды белгілі бір салаға пайда көру мақсатында салу.
Адамның қолында көп соммасы болса, және де оған банктердің ұсынған пайыз мөлшері ұнамаса, ол өз ақшасын табысы жоғары болатын іске салу мүмкіндігін іздейді.
Осыны инвестиция деп атайды. Мысалы, ауқатты адам, кейін табыс алу мақсатында ақшасын қонақүй құрылысына салады.
Көпестер есіңізде ме? Адамдар бір жерден арзан тұратын тауарды сатып алып, басқа жерге барып қайта сатқан, сөйтіп табыс көрген. Бірақ бұл үшін, әрине, қай жерде және не керектігін жақсы білу керек.
Инвестициялау – күрделі қарым-қатынасты, фундаменталды білімді, ұқыпты анализді талап ететін күрделі жұмыс. Инвестициялар – ол ойыншық емес. Егер де инвестицияға сен ойыншық ретінде қарасаң, сен ақшаны жоғалтасың, және көп ұтылуың мүмкін. Көбі естіген болар, инвесторлардың өте көп ақша ұтқаны туралы. Бұл жерде «ұтты» деген сөз дұрыс емес. Бұл жерде еңбек керек. Яғни биржада адамдар ақша ұтпайды, адамдар ақша табады.
Профессионалды инвестор болу үшін көп оқу керек, қаржы нарығын, анализды жетік білу керек. Егер де сен профессионалды инвестор болуға әлі дайын болмасаң, онда ең дұрысы – қаржы консультантымен кеңесуің керек, тіпті бір емес, екі не үшеуімен.
Бағалы қағаздарға инвестициялау.
Акциялар.
Акция – компания үлесін меншігін растайтын құжат.
Яғни бір ғана акция алсаң да, сен белгілі бір пайызда компанияның үлескері болып табыласың. Иә, иә, акцияны сатып ала тұрып сен Apple және басқа да команиялардың және одан да мәртебелі корпорациялардың ортақ иесі бола аласаның. Егер компания дамып, табыс алып келсе, онда акцияның бағасы өседі, соған сай сен акцияға салған капитал да өседі.
Сонымен қатар, акция иелеріне жыл сайынғы компания табысынан түсетін жыл сайынғы үлеспайда төленеді.
Акцияға инвестициялаудың кері де жағы бар, егер компания табыс алып келмесе, онда акция бағасы түседі, яғни акционер капиталын жоғалтады. Сондай-ақ, кіріссіз дивиденд төлеуі болмайды.
Акциялар үлкен тәуекелі бар құнды қағаз болып табылады. Былайша айтқанда, аяғы не болып бітетінін білмейтін нәрсеге ақша салып жатырсың.
Бәлкім, сен газеттерден адамдардың аз уақыт ішінде акция арқылы шектен тыс байығаны туралы оқыған шығарсың. Білесің бе неге бұл оқиғалар газеттің бетіне шығады? Өйткені мұндай оқиғалар бірыңғай жағдай, бірқалыпты бола бермейды. Сонымен акция арқылы тек профессионалдар жеңеді.
Қаржы әлемінде мынадай маңызды ереже бар – көрер табыс жоғары болған сайын оны жоғалту тәуекелі де жоғары. Акциялар – сол ережені растаудың мысалы. Акция нарығында өте үлкен ақша табуға болады, бірақ салған ақшаның барлығын да жоғалтып алуға болады.
Облигациялар.
Облигация кепілдік болып табылады, оны шығарған сатушыға қарызға ақша бересін. Облигацияны шығарған компания эмитент деп аталады. Облигациядан келетін табыс, акциядан түсетін табысқа қарағанда алдын-ала қарастырылған – облигацияны шығарған компания белгілі бір кезең үшін пайыздарды төлеуге кепілдік береді. Қаражаттарды тарту үшін облигациялар тек компаниялармен, мемлекеттермен ғана емес, тіпті қалалармен де беріледі. Облигациялар тәуекелі ең аз бағалы қағаздар деп саналады, себебі облигациялар бойынша кірістілік кепілдендіріледі.
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар.
Сенің есіңде болар, бюджет бөлімінде біз өмірге қажет шығындарды айтып кеткен болатынбыз және қажетті шығындардың бірі үйге кеткен шығын болатын. Үй адам ыңғайлы өмір сүруінің қажеттілігі болып табылғандықтан, жылжымайтын мүлікке ақша салу атақты да кепілді капитал салудың тәсілі болып табылады.
Жылжымайтын мүлікке салудың артықшылықтары неде? Үйдің бағасы аса бірқалыпты болып табылады, әдетте көбіне бағасы өседі.
Қалай жылжымайтын мүлік табыс алып келе алады?
Нұсқа №1. Сатып алынған үйді жалға беруге болады. Бұл жылдық бірқалыпты табыс алып келеді.
Нұсқа №2. Салынып жатқан үйді сатып алу. Тұрғызылып жатқан ғимараттағы үй дайын тұрған үйден арзан болады. Қазір үйді 1 жылдан 2 жылға дейін салады. Бұл уақыттың ішінде үй бағасы артады.
Жылжымайтын мүлікке инвестициялаудың тәуекелі бар ма? Иә, кез келген инвестициядағыдай.
Жылжымайтын мүлікті нарық асыра бағалаған кезде, яғни мүлік бағасы көп болып не сен сатып алған үйдің құрылыс жобасы тоқтап қалуы сияқты тәуекелдер бар.
Жылжымайтын мүлікке ақша салу басқа да инвестициялар сияқты ұқыпты зерттеуді талап етеді.
Сен түсінгендей, инвестициялау тікелей тәуекелмен байланысты. Оңайлықпен табылмаған жиналған ақшаны жоғалтып алуға әрине ынта жоқ, дұрыс па? Мұндай жағдай болмас үшін кез келген жобаға аса ұқыптылықпен қара. Зертте, ойлан, сұра, профессионалды әдебиет оқы, профессионалдармен кеңес. Аяқ асты шешім қабылдама. Сен түсінбейтін нәрсеге ақша салма. Барлық ақшаңды тек бір жобаға салма. Өз еңбегіңді бағала және сыйла!
Сұрақтар
1. Ақшаны сақтаудың және көбейтудің қандай түрлерін білесің?
2. Компанияның үлескері болу үшін не істеу керек?
3. Облигация дегеніміз не?
4. Жылыжмайтын мүлікке инвестициялаудың қандай тәуекелдері бар?
Тарау 15. Несиелер
Қарыз алған сайын, сіз өзіңіздің болашағыңыздың бір үзіндісін ұрлайсыз
Натан Моррис
Несие дегеніміз не? Бұл біз банктен немесе несие мекемесінен қарызға алатын ақша. Әрине, банктер ақшаны қарызға әншейін бермейді. Банктер ақшасын өз құнынан қымбаттырақ қылып сатады. Сен несие алғаның үшін, банкіге пайыз төлеуің керек болады. Пайыздық мөлшерлемелер әр түрлі болады – 5-тен!!!50%– ға дейін. Яғни банк 100 теңгені 150 теңгеге сата алады! Қалай ойлайсың, бұл тиімді ма?
Бұл қалай жұмыс істейді?
Мысалы, сен телефонды 100 000 теңгеге сатып алуды армандайсың және банктен жылына 10% мөлшерінде несие аласың, яғни сен банкіге 110 000 теңге төлейсің. Егер елдегі инфляция 10 және одан да көп пайыз болса, онда ол өте тиімді болып көрінеді, дұрыс емес пе? Егер елде инфляция болмаса не ол жоғары емес болса, сатып алу тиімді болмайды.
Бұл жағдайда банкте ақшаны жинақтау әлдеқайда тиімді және сонымен қатар пайыз ретінде жиналған ақшаға әдемі құлақаспап немесе сәнді телефонга тыс сатып алуға болады.
Әрине, несие маңызды, мысалы, үй немесе пәтер алу үшін жақсы шешім. Үй қымбат, сондықтан үлкен көлемді жинау өте қиын. Мұндай жағдайларда банк несиесі құтқарады. Үлкен дүние сатып алу кезінде несие тиімді болады ма және қарызды өтей аласың ба мұқият ойлану керек. Банк көрсеткен пайыздан басқа несиеде қосымша шығындар болады: сақтандыру, жасырын пайыздар, бұл банктен алған ақшаны одан да қымбат қылады. Несие үлкен ұқыптылықпен алынуы керек, келешекке арналған барлық қадамдарды есептеу керек, келешекте инвестицияланған ақшаны жоғалтпау үшін, тұйықтап қалмау үшін ұсынылған келісімшартты мұқият оқып шық.
Неліктен несие кең таралған?
Бұл сұраққа, ең бастысы, шыдамсыздық және көбінесе біз қаражатымыздан тыс өмір сүруді қалаймыз. Жиі біз белгілі бір затты оның тиімді-тиімсіздігіне қарамай, ол затты алудың маңыздылығын ескермей бізге керек болсын-болмасын иеленгіміз келеді. Кейде бірнәрсені сәнді болғаны не досыңда болғаны үшін көреалмаушылықтан алғымыз келеді. Біз аяқасты бірнәрсеге ие болғымыз келеді және біз сатып алудың нақты қажеттілігі туралы ойламаймыз. Сатып алу үшін ақша жеткіліксіз болғанда, қажетті деп ойлаған нәрсені несиемен сатып алуға барамыз. Бұл дұрыс па, қалай ойлайсың?
Ақшаны несиеге алып, қайтармасаң не болады?
Кейде әр түрлі себептермен адамдар қарызды өз уақытында қайтара алмайды. Мұндай жағдайдаларға арналған банктердің бірнеше сценарийлері бар және олардың барлығы шартта сипатталады. Егер қарыз уақытында өтелмесе, борышкерден кешіктірілген әрбір күн немесе ай үшін айыппұл алынады – белгілі бір сомаға немесе қарыз сомасының пайызымен айыппұл салынады.
Егер борышкер белгілі бір мерзімде ақша бермесе, банк сотқа барады. Бұл жағдайда борышкер қарыздың және кешіктірілу пайызының сомасына қосымша сот шығындарын да төлейді. Яғни, егер қарыз уақытылы төленбесе, онда қарыздың мөлшері өседі.
Бұдан басқа, борышкердің несие беделі нашарлайды және борышкер банктердің деректер базасына сенімсіз деп тіркеледі, яғни, болашақта адамға шынымен ақша қажет болғанда, кез келген банк бұрынғы несиелер деректерін көріп, оған ақша бермеу мүмкін.
Сонымен, егер де табыс төлеп болғаннан соң инфляцияны қоса несиенің пайызымен бірге кеткен шығыннан артса ғана алуға болады. Несиені, қарызды өз уақытында өтей алатыныңа сенімді болған жағдайда ғана ал.
Несиені аса қажетті нәрсеге алу тиіс.
Балалар мен ата-аналарға тапсырма.
Келесі жолы балаңыз қымбат нәрсе сатып алғысы келсе, онымен бірге НЕСИЕ ойнынын ойнаңыз. Оған қарызға ақшаны беріңіз, бірақ ол сізге қажетті соманы + несие бергеніңіз үшін белгілі бір пайызды қайтарады. Қайтару шарттары туралы келісіңіз, мысалы, егер сіз балаға ай сайынғы қалта ақшасын 1000 теңге көлемінде берсеңіз, онда сіз 500 бересіз және 500-і қарызды өтеуге алып қаласыз. Ішінде барлық пунктілері бар, уақытылы төленбегендегі айыппұл пункті қоса қағаз келісімшартын жасасуға болады. Мұндай ойын балаға несие мен қарызға ақша алу қалай болатынын сезінуге мүмкіндік береді, ол қажетсіз заттарды сатып алу көзқарасына әсер етеді.
Сұрақтар
1. Несие дегеніміз не?
2. Неліктен банктер несие береді?
3. Сенің материалдық армандарың туралы ойлан. Қалай ойлайсың нені несиеге алу керек, ал не затты ақша жинап алу керек?
Тарау 16. Ақшаны қиын күнге қалдыру, не резервті капитал
Көптеген елдерде ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт бар ол – қиын күнге ақша қалдыру. Қиын күн дегеніміз не? Бұл адамда күтпеген не жағымсыз жағдайлардың пайда болуы. Мысалы, жұмыстан шығу не күтпеген ауру. Мұндай кезде шынымен де біршама қаражатың болса жақсы. Және де бұл қаражатты қиын күн қаражаты емес, резервті капитал деп атау дұрыс болып табылады.
Жан тыныштығы мен ертеңгі күнге сенімділік болу үшін ақшаны жинау міндетті түрдегі шара!
Ақшаны қалай дұрыс жинауға болады?
Біздің әжелереміз ақшаны шұлығында сақтады, яғни қолма-қол ақшаны сақтады. Бірақ біз сіздермен инфляция жайлы білеміз, сол себепті, бұл тәсіл ақшаны сақтамайтынын, керісінше азайтатынын білеміз. Ең қауіпсіз және кепілді тәсіл ол – банкте депозит жинау. Бұл ақшалар аяқ асты затқа болған соң, оларды кез келген уақытта шеше алатын қылып депозит ашу керек.
1 тапсырма.
Әже 2000 жылы 10 000 теңгені шұлыққа тығып қойды. 10 жыл бойы жылдық инфляция 5% құрады. 2010 жылы әже салған 10 000 теңге 2000 жылға қарағанда бағасы қанша болды? Қалай ойлайсың ақшаны солай сақтаудың қажеті болды ма?
1 тапсырма.
2000 жылы әже депозитке 10 000 теңге жылына 12%-бен салды. 10 жыл бойы жылдық инфляция 5% құрады. 2010 жылы әженің шотында неше ақша болды? Бұл ақшалардың 2000 жылдың құнына қатысты шынайы құны қанша?
Тарау 17. Сақтандыру немесе күтпеген жағдайлардан қалай қорғануға болады?
Адамға толық жайшылықты тек сақтандыру полисі бере алады
Илья Ильф пен Евгений Петров «Золотой теленок»
Сен білетіндей өмір көптеген тосын жайттарға толы, кейде жақсы, кейде мұңды және жағымсыз.
Жағымсыз жағдайлардың әсерлерінен құтылу үшін адамдар тіпті біздің эрамызға дейін бір тосын жағдайлар болып жатса, өздерін қауіпсіздендіру үшін өзара келісім жасайтын болған.
Адамзат дамып жатыр, он бесінші ғасырдың өзінде адамдар арнайы ұйымдарға белгілі бір жылдық төлем беріп, бір келенсіз жағдай болғанда, мысалы, үйі өртенсе, сол үйді салу үшін ақша алып, қайта салуға мүмкіндігі болған.
Күтпеген шығындар болған жағдайда сенің шығыныңды жабатын қызмет сақтандыру деп аталады.
Бұл қалай жұмыс жасайды?
Сақтандыру компаниялары белгілі бір жағдайлармен күтпеген шығын болған кезде компенсация мүмкіндігін сатады. Яғни сен алдын ала қауіпсіздендірушіден қандай жағдайда компания сенің шығындарыңды өтей алатынын келісіп аласың. Қауіпсіздендірудің түрлері өте көп: аурулардан, өрттен, су алудан, ұрлықтан, гаджет сынуынан, авариядан және көлік ұрлаудан. Лифтте тұрып қалғаннан, басқа планеталықтардың ұрлауынан, керек десең жаман ауа-райынан да қауіпсіздендірінуге болады! Мысалы, әйгілі футболист Криштиану Роналду жиі өзінің аяқтарын 150 миллион долларға сақтандырады. Оны түсінуге болады, себебі оның аяғымен келенсіз жағдай болып жатса, ол әдеттегі үйренген табыс көзінен айырылады.
Сақтандыру қалай жұмыс істейді? Мысалы, сенің машинаң бар. Міне Жаңа жыл дейік, фейерверк ататын кез, байқамастан бір фейерверк сенің машинаңа тиіп кетеді. Және ол кинодағыдай жарылады. Не істейсің? Егер де сенің сақтандыруың болса, сен сақтандыру компаниясынан компенсация аласың және сенің жаңа машинаң болады. Егер де сенің сақтандыруың болмаса, жаңа машинаны алу үшін сен өз ақшаңды жаратуың керек болады.
Сақтандыруды, сен ролик пен скейтбордты тепкен мезгілде аяқтарыңа тағатын тізеқаппен салыстыруға болады. Сен тізекқапты таққан мезгілде құласан, аяқтарыңды жарақаттан қорғайсын, ал оларды тақпасан жарақаттнасын.
Сені белгілі бір жағдайға арнайы сақтандырылған екенін растайтын құжат сақтандыру полисі деп аталады.
Сұрақтар
1. Сақтандыру не үшін қажет?
2. Сен нені сақтандырар едің?
Тарау 18. Ақшаға ойнайтын ойындар
Ақшаға ойнайтын ойындар дегеніміз не?
Бұл жерде мен саған көп ақша ұтып алу үшін ақша салып ойнайтын ойындар туралы айтып кетпекшімін. Мұндай ойындар өте көп және олардың әрқайсысы агрессивті жарнамамен оңай олжаға қол жеткізуге уәде беріп арбалайды. Мұндай ойындар азартты ойындар деп аталады.
Бір өмірлік заң бар – бірнәрсе алу үшін екінші нәрсе салу керек. Азартты ойындарда басқа жерлерге қарағанда бұл ереже өте қатты қолданылады.
Азартты ойындар қаржылай салымды, уақытты, денсаулықты талап етеді, кез келген азарт ойындар күйзеліссіз өтпейді. Оңай олжаны уәде ететін жарнамалар, өкінішке орай, үлкендер де, балалар да түсіп қалатын тұзақ.
Мен сенің кәсіби жарнама берушілердің тұзақтарына түспеуіңді қалаймын, сондықтан жүйенің қалай жұмыс істейтінін және ойын жүйесіндегі ережелерге негізделген жеңу мүмкіндігің туралы айтып беремін.
Казино
Казино өзін өтеу үшін және пайда табу үшін, ойыншылардың салған қаражатының 10% -ын алу міндеті болып саналады.
Яғни, әрбір салынған 1000 теңгеден казино өз клиенттеріне 90% қайтарады, яғни 900 теңге, ал 100 теңгені өзіне қалдырады. Егер сенің осы параметрлерге негізделген нақты жеңісіңді санайтын болсақ, казинода 1000 теңге төлей тұра, сен 900 теңгені ұтып аласың, қалтаңнан 100 теңгені ойын ойнау үшін казиноға төлейсің. Сонымен, ең жақсы жағдайда сен салған ақшаның 10% жоғалтасың.
Казино бастапқыдан ойыншыға қарағанда артықшылыққа ие. Рулеткада, мысалы, келесідей көрінеді: ойыншы бір нөмірді таңдайды, казино жағында қалған 36 нөмір. Қалай ойлайсың кімнің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары?
Ойын автоматтары
Әрбір машина белгілі бір мөлшерде қайтару үшін бағдарламаланған. Яғни, егер машина міндеті 10% -ды табу болса, онда салынған ақшаның 100% -нан 90% ойыншыларға қайтарылады.
Мысалы, сен он рет қатарынан ойнап ұтыласың, содан кейін 9 рет ұтып аласың. Ұтылған кезде сен қамығасың, ал жеңіп бастағанда сәттілік саған қайта оралғандай сезімде боласың. Шын мәнінде, сен өзің салған ақшаның кейбір бөлігін қайтарасың.
Бастапқыда машинада орнатылған бағдарлама саған жүйені жеңуге мүмкіндік бермейді. Сенің таңдау жасай аламын дегенің – жалған. Барлық жеңілдіктер, бонустық ойындар, ұтып алу мүмкіндігі – барлығы бағдарламаға енгізілген, оның міндеті – салынған ақшаның 10% -ын табу.
Лотерея
Лотереямен барлығы оңайлау, қарапайым мысалмен түсіндіремін. Американдық ірі Powerball лотереясында жеңіске жету мүмкіндігі 1: 292 миллионға тең. Сенің осы лотереяда жеңіске жетуіңе қарағанда, ел президенті немесе олимпиада ойындарының жеңімпазы болу мүмкіндігің жоғары. Тәуекелге барасың ба?
Адамдар неге әлі де ойнайды?
Адамдар оңай ақша табамын деген үмітпен ойнайды. Бірақ, шын мәнісінде, бұл табысты оңай деп атауға болмайды. Ойын үлкен уақытты, еңбекті қажет етеді, ұйқысыз түндер, жүйкең, ақшаң қайда кетіп жатқаны белгісіздігінен жүректегі ауырсыну. Жеңіл ақша табу үшін төлем өте жоғары – тәуелділік, өзіңе-өзің көңілің қалу, өз қабілеттеріңе, озіңе сенімсіздік, қарыздар, коллекторлар, қарыздар және басқа да көптеген жағымсыз нәрселер.
Ойын немесе жұмыс?
Егер онлайн ойындарды күніне бір-екі-үш сағат ойнасаң, онда бұл ойын емес. Ойын, бір маңызды бөлшекті қоспағанда, жұмысқа айналады: бұл жұмыс үшін ақша аласың ба, жоқ па белгісіз? Ойын – сені қызықтыратын және көңіл көтеретін нәрсе. Ойын рахат әкелмесе, ол ойын емес.
Үлкен жүлдені жеңіп алған адамдардың 100% -ның 75% бір не екі жылда өмірдің бастапқы деңгейіне түседі. Оның себебі бұл өзін-өзі бағалауының төмендеуі, өмірден көңілі қалу және басқа да кейде ең қорқынышты жанама әсерлер. Үлкен байлыққа бірден ие болған адамдар ондай ақшаны қалай басқаруға болатынын білмейді.
Ойынға тәуелді болғыныңды сезсең, ол жайлы жақын адамдарыңмен бөліс.
Мұндай тәуелділік ауру болып саналады, тіпті атауы бар – «лудомания». Кез келген тәуелділік сияқты лудомания да емделеді. Өйткені, егер сен жөтеліп, қызуың көтерілсе, дәрігерге барасың ба? Міне, осы жағдай да, сен ойынға тәуелді болдғаныңды сезінсең, кейінірек өкінетін әрекеттерді жасасаң, бірақ тоқтай алмасың, саған кәсіби медициналық көмек қажет. Кейбір мәселелерді кәсіби мамандар ғана шеше алады.
Сұрақтар
1. Қалай ойлайсың ойын ойнағаннан кім жеңеді?
2. Лудомания дегенміз не?
Правообладателям!
Это произведение, предположительно, находится в статусе 'public domain'. Если это не так и размещение материала нарушает чьи-либо права, то сообщите нам об этом.