Электронная библиотека » Виктор Песиголовец » » онлайн чтение - страница 5


  • Текст добавлен: 7 ноября 2023, 08:36


Автор книги: Виктор Песиголовец


Жанр: О бизнесе популярно, Бизнес-Книги


Возрастные ограничения: +18

сообщить о неприемлемом содержимом

Текущая страница: 5 (всего у книги 5 страниц)

Шрифт:
- 100% +
Тарау 28. Уақыт – біздің байлығымыз

Уақыт – барлық қаржының ішіндегі ең құндысы

Теофраст

Осы дүниеде барлығы дерлік нарықтық құнға ие. Тауарлар, қызметтер, ақша, адам-сағаттар (бұл не нәрсе қалай ойлайсың?). Бірақ бір ғана нәрсе бар, оның құнын сен өзің ғана анықтай аласың.


Бұл уақыт. Уақыт – қалпына келмейтін ресурс. Сен ақша тауып, оны жоғалтып, қайта тапсаң болады. Іс жүзінде кез-келген материалдық пайданы сатып алуға болады. Бірақ уақыт қайтарылмайды. Және тек саған ғана осы ресурсты қалай пайдаланатының байланысты.

Мен саған қаржыға да қарағанда маңыздылығы аз емес ресурсыңа, өз уақытыңа, ұқыптылықпен қарауға тілектеспін.


Егер де жоғарыдағы білімдерді қолданып үйренсең, сен тек қаржы ғана емес, сонымен қатар сенің өміріңді ерікті қылатын көп уақытыңды үнемдейсің.


Саған бақыт тілеймін, тинейджер!


Сөздік

Акция – бағалы қағаз, белгілі бір компанияның белгілі бір бөлігінің иесі екеніні растайды

Бюджет – біреудің кірісі мен шығысы. (отбасы, мемлекет).

Валюта – әр елдің ақшасы.

Волонтерлік – еркін түрде жұмыстарды тегін немесе номиналды ақы төлегені үшін орындау.

Дефицит – бұл жетіспеушілік, бір нәрседегі жетіспеушілік.

Дефляция – ақша құнының өсуі, соның салдарынан тауарлар бағасының төмендеуі.

Импорт – басқа елден тауарларды алып келу.

Инвестиция – ақша қаражатын, белгілі бір уақыттың ішінде олардың санын көбейту мақсатымен бір салаға салу.

Инфляция – ақша құнының төмендеуі, соның салдарынан тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі.

Біліктілік – белгілі бір саладағы білім деңгейі.

Өтімділік – сату мүмкіндігі. Егер өнім сатылса және оған сұраныс болса, онда ол өтімді деп аталады. Егер тауарларды сатуға болмайтын болса, онда ол өтімсіз деп аталады. Неғұрлым тауардың сату мүмкүндігі қымбаттырақ және жеңілдірек болса, соғұрлым оның өтімдігі жоғары болады.

Лудомания – құмар ойындарға тәуелділік.

Макроэкономика – бүкіл ел экономикасының үдерістерін зерттейтін ауқымды ғылым.

Микроэкономика – бұл жеке компаниялардың экономикасы, кәсіпорын, белгілі бір саланың экономикасы.

Салық – адамдардың мемлекетке міндетті түрдегі ақы төлемі.

Облигация – қарыз куәлігі.

Параметр – объекттің, құбылыстың, процесстің негізгі қасиеттерін бейнелейтін шама.

Профицит – бұл артықшылық.

Стереотип – адамдар, заттар туралы халық арасындағы стандартты пікір.

Қаржы – ақшалай қаражат

Фриланс – қазіргі заманда еңбек нарығында пайда болған арнайы жұмыс режимі.

Экономика – қорлардың барлық түрін бөлу туралы ғылым. Экономиканың басты құралы баға.

Экспорт – шетелдікке сатылған тауарды шетелге шығару


Страницы книги >> Предыдущая | 1 2 3 4 5
  • 0 Оценок: 0

Правообладателям!

Это произведение, предположительно, находится в статусе 'public domain'. Если это не так и размещение материала нарушает чьи-либо права, то сообщите нам об этом.


Популярные книги за неделю


Рекомендации