Электронная библиотека » Сағындық Қожамсейітов » » онлайн чтение - страница 4


  • Текст добавлен: 30 октября 2023, 14:22


Автор книги: Сағындық Қожамсейітов


Жанр: Документальная литература, Публицистика


Возрастные ограничения: +18

сообщить о неприемлемом содержимом

Текущая страница: 4 (всего у книги 23 страниц) [доступный отрывок для чтения: 8 страниц]

Шрифт:
- 100% +

Ғылыми ізденіс салалары: әдебиеттану, қазақ әдебиетінің тарихы, әдебиеттерді салыстырып зерттеу, тарихи драматургия мәселелері, түркология, педагогика, білім саласы. Дәуітов қазіргі компаративистика үрдістері арнасында қазақ тілі мен әдебиетін зерделеуге, әлем бейнесін мәдениеттану тұрғысынан тіл және әдебиет мүмкіндіктері арқылы ұғынуда жаңа ғылыми парадигманы қалыптастыруға бағытталған ғылыми зерттеу жұмысын басқарды.

«Түркілік мұра – әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі» (2009—2011), «Жоғары мектептің филологиялық білім беру жүйесін ақпараттандыру» (2012—2014), «Әлемнің әдеби-тілдік бейнесі – жас ұрпақ тәрбиесінің рухани қайнар көзі» (2012—2014) республикалық іргелі-ғылыми жобаларының ғылыми жетекшісі болды.

Дәуітов «Әдебиеттегі әлемнің көркем бейнесі – гуманитарлық құндылықтардың қайнар көзі (Художественная картина мира в литературе как отражение гуманистических ценностей)» деген тақырыпта Испанияның Сантьяго де Компостело университетінде ғылыми жоба орындады. Біліктілікті жетілдіру курсында АҚШ, Англия. Польша. Италия. Бразилия т. б. мемлекеттердің ғалымдарымен әлемдік филология бағыты туралы өз тұжырымдамаларын көпшілік ғылыми ортаға ұсынды. Осы және басқа бірқатар шетел университеттеріне университеттің студенттері мен оқытушыларына және докторанттарына арнап, «Қазақ әдебиетіндегі әлемнің көркем бейнесі», «Абай поэзиясының жалпыадамзаттық маңызы», т.б. тақырыптарда арнайы курс оқыды.

Дәуітов теориялық және қолданбалы ғылыми жобалардың жетекшісі, атап айтқанда: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар – көркем шығарма контексінде» (2009), «Н. Ә. Назарбаев еңбектерінің еліміздің оқу-тәрбие жүйесін дамытудағы маңызы» (2010), «Тәуелсіз Қазақстан: тіл саясаты» (2011), «Латын графикасы бойынша өзге тілдік қоғамдық – саяси лексиканы қазақша айтып жазу қағидалары» (2013), «Ғылыми-техникалық терминдерді латынша жазу жобасы» (2014).

Дәуітов үш монографияның, бірнеше оқу құралының, 100 аса ғылыми мақаланың авторы, 13 шетелдік сертификаттың иегері


Деев Иван Васильевич (1884—1972) – ішкі Ресейден «саяси сенімсіз адам» ретінде жер аударылып, 1913 жылы Байқоңыр көмір ошағына жіберілген. Мамандығы – фельдшер. Жергілікті ауруханада жұмыс істеген. 1914 жылы жұмысшылар арасынан большевиктерге тілектес топ ұйымдастырған. Атбасар уездік партия комитетінің тапсырмасымен 1923 жылы іс-сапармен Москваға барған. Оны Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы Ф. Э. Дзержинский қабылдаған. Көп ұзамай Қарсақбай мыс зауытын қалпына келтіру жөнінде шешім шығады. 1925 жылы 14 маусымда Қарсақбай комбинатының директоры қызметіне кірісу үшін жеделхатпен шақыртып алған. Деев Жосалыда жиналып қалған жабдықтар мен станоктарды, Атбасардан азық-түлікті және Спасскіден зауыттың кәдеге жарайтын құрал-саймандарын жеткізіп алу үшін 1500 арба, 3000—5000 түйе керуенін ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындардан жаңа жұмысшы кәсіптеріне мамандар дайындауды қолға алды, «қазақтарды ірілі-ұсақты басшы қызметке тарту істің табыс көзінің бірі» деп есептеді.


Деев Иван


Дене тәрбиесі және спорт. Қарсақбай комбинаты дене тәрбиесі ісіне және спортты дамытуға 30-жылдардың басынан мән берді. 1934 жылы Қарсақбайдың мәдениет және демалыс саяжайында жазғы стадион ашылды. Комбинат қайық станциясын ұйымдастыруға суға секіретін мұнарасын салуға жеткілікті қаржы бөлді. Қалашықта «Динамо», «Цемент» дене шынықтыру қоғамдары белсенді жұмысқа кірісті. Олар 250 кісіні қамтыды. Оның жүзі жергілікті фабрика-зауыт мектебінің оқушылары еді. Спортшы жастар алты футбол, баскетбол командасына (оның ішінде біреуі әйелдер командасы) бірікті. Кешкілікте олардың өзара жолдастық кездесулерін бірнеше ондаған қыз-жігіттер қызықтады. Жеті сайын жеңіл атлетикадан өткен сайыстар жаңа есімдерді анықтады. Онымен әуестенушілер қатары көбейе берді.

1935 жылы 21 кісіден құрылған альпинистер Тянь-Шань тауының биігіне көтеріліп, табыспен елге оралды. Комсомол-жастар жиірек Ұлытауға туристік саяхатқа шығып тұрды. Мектеп оқушыларының ұжымшарларға, зауыт цехтарына экскурсиялары жаңғыра бастаған ауыл шаруасын, өңдірісті көріп, танып-білуге көмектесті.

Екі жылдан кейін тир, саяжай мұнарасы, спорт залдар жұмыс істеді. Дене шынықтыру ұжымдары қорғаныс-денешынықтыру ұйым болып қайта құрылды. 1946 жылы оның құрамында 8314 кісі болды, оның 610-ы коммунистер, 834-і комсомол мүшелері еді. Соғыс жылдары БГТО және ГТО төсбелгілері нормаларын 1844 жұмысшы-қызметкерлер, оқушылар ойдағыдай тапсырды. 171 кіші командирлер, 6303 атқыштар, оның 525 автоматшылар, 323 минометшілер, 643 жекпе-жек сарбаздары дайындалды, олардың қатарында 875 әйел болды.


Денсаулық сақтау ісі. «Байқоңырда амбулатория және оның аптекасы бар. Қарсақбай болаткомы жанында фельшер жұмыс істейді. Қарсақбайда да, Жезқазғанда да амбулатория және дәрі-дәрмек жоқ. Дәрі-дәрмекті Байқоңырдан алады». (Комбинаттың 1928 жылғы инвентаризация құжаттарын тексеру комиссияның қорытындысынан ҚР ОМА, қор 874, т 1, бет – 27).

Қазақ АКСР Еңбек наркоматының 1927 жылғы қыркүйек айында дайындалған баянхатында Қарсақбайда 16 төсектік, оның ішінде біреуі босанатын әйелдерге арналған, Байқоңырда үш төсектік аурухана, Жезқазғанда амбулаториясы істеп тұрғаны атап көрсетілген. Үш дәрігер, бір акушерка, екі дәрігердің көмекшісі болған.

1933 жылы Қарсақбайда 40 төсектік жаңа аурухана үйінің құрылысы аяқталды. 1933 жылдың аяғында арнаулы білімі бар 8 дәрігер, акушерка, тіс дәрігері, 4 медбибі, оның бір операциялық медбибі жұмыс істеді. Аптека ашылды. 1940 жылы ауруханада төсек саны 75-ке жетті.

Дәрігерлер қарсақбайлықтардың денсаулығын қорғау, ауру-сырқаудың алдын алу, санитарлық жағдайды жақсарту жолында тынымсыз, әрі нәтижелі жұмыс істеді.

Мұнда хирургтар В.Г.Власенко, К.В.Соломин, Ф.М.Мацебура, дәрігерлер А.И.Иванова, Н.И.Николаева, М.И.Копдович, медбибі Т.Д.Улаева, И.Д.Дынкина, А.И.Зальман, т. б. Гиппократтың антына адал денсаулық сақшыларының есімі қарсақбайлықтар ұмытқан жоқ.

Осында болашақ Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген дәрігерлер А.П.Брылина, Ө. Мұқанов, Д. Ахметов, КСРО денсаулық саласының үздіктері З. Жанысбаев, Г.Т.Майш, С. Атабаев, т.б. еңбек жолын бастады.

Терапевт дәрігер Елемес Құрманбаевтың есімін ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол 1975 жылдан отыз жыл бойы Қарсақбай кенттік ауруханасының бас дәрігері болды. Мыс зауыты жабылып, жаңа металлургиялық кәсіпорын қалыптасып жатқанда нарық еніп, кеңестік қатынастар өзгеріске ұшырағанда аурухананы сақтап, қызметін төмендетуге жол бермеді.

Қарсақбай кенттік ауруханасының негізінде отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылған.


Доспанов Қойшыбек (1928, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Кішітау ауылдық кеңесі) – металлургтер әулетінің басы. 1943 жылы қарашада Қарсақбай мыс зауытының темір жол цехында жұмысшы болды. 1952 жылы зауыттың металлургия цехына ауысты. Онда шихта тиеуші, горновой, балқытушы. Кейін Жезқазған мыс зауытында 1975 жылы зейнеткерлікке шыққанша 8-санатты аға балқытушы болып жұмыс істеді. Бүгінде ұлдары мыс зауытының металлургия цехында еңбек етеді. Әулеттің «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарындағы еңбек өтелі 400 жылдан асады. Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургі.


Дрейман Рудольф Ансович (1887, Курляндия губерниясы – 1938) – Қазақстан мен Орталық Азияда социалистік құрылысқа белсене қатысқан қайраткер. 1905 жылдан большевиктер партиясының мүшесі. 1903—1914 жылдары жұмысшы қозғалысына белсене қатысқаны, ереуілдер ұйымдастырғаны, патша армиясы қатарында болғанда революциялық насихат жүргізгені, бірінші империалистік соғысқа қарсы шыққаны үшін талай рет жер аударылған, түрмеге қамалған. Қазан төңкерісінен кейін бірқатар өңірлерде контрреволюциялық бүліктерді жоюға қатысты. Азамат соғысы кезінде РК (б) П ОК Батыс майданға жіберді. Латвия ОАК мүшесі және оның байланыс халкомы болды. 1921 жылы 6 қыркүйекте Р.А.Дрейман Риддер қорғасын кенішіне, 1926 жылы желтоқсанда Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатына директор болып тағайындалды. Ол өзін ірі өндіріс ұйымдастырушысы ретінде көрсетті. Осы жылы зауыт электр станциясы ток берді, келесі жылы Жезқазған кенішінде мыс кенін өндіру қайта басталды, 1928 жылы қазанда Қарсақбай мыс қорыту зауыты іске қосылды. Қазақстан үкіметі Р.А.Дрейманды Қарсақбай мыс зауытын қалпына келтіруге сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттауға ұсынды.


Дрейман Рудольф


Еділбаев Шәйман (1917, Ақмола облысы, Жезді болысы, Қарсақбай ауылы – 1998, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті) – аты өңірге мәлім отызыншы жылдардағы жастар жетекшілерінің бірі. Бастауыш мектепте 2 сыныптық білім алады. Қарсақбай фабрика-зауыт оқуы мектебін бітірген. Металл өңдеу бойынша зауыт жастарының көшбасшысы болды. Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өзі тіленіп от оранған майдан даласында аттанды.


Еділбаев Шәйман


1941 жылы қыркүйек айында әкем ұрыс даласында Коммунистік партияның қатарына кіреді. Алғашқы ұрысқа Ленинград майданында атқыштар дивизиясының сабында қатысқан. Қиян-кескі шайқастар, күші басым жаудың үздіксіз шабуылына тойтарыс беру кеңес әскерлеріне оңай болмады. Кезекті бір ұрыста аяғы мен иығынан ауыр жарақат алып, госпитальда үш ай ем алғаннан кейін Қарсақбайға келді. ФЗО мектебіне сабақ берді. Осы жылы ФЗО мектебінің оқушысы Шәкімар деген қызбен көңіл қосып, отау көтерді. Анамыз оқу бітіргенде 16 жаста екен, құю-механикалық цехына жұмысқа қабылданғанда, шойыннан минаның корпусын құйып, еңбек екпіндісі атанған. Әкем жарақатын толық жазылған соң сұранып қайтадан майданға аттанды. 1944 жылы Литва жерін, Каунас қаласын азат етуге қатынасқан. 13-Вильнюс полкі үш ай бойы Кенигсберг қаласының төңірегінде ірі ұрыстар жүргізіп, 1945 жылы 1 мамырда Германия жеріне өтеді. Қаланың оңтүстік-батысындағы неміс фашистерінің шығыс Пруссиядағы тобын жоюдағы ерлігі үшін әкеміз И.В.Сталиннің алғыс хатымен марапатталған.

Соғыс аяқталғаннан соң Полша, Латвия, Литва, Шығыс Пруссия жерлердегі фашистердің қалдықтарын жоюға қатысты, қираған қалаларды қалпына келтіруде еңбек етті. 1947 жылы елге оралды. Зауытта токарьдаң бастап құю-механикалық цехының бастығына дейін 43 жылдық жолдан өтті. Әкемнің омырауындағы І және ІІ «Отан соғысы» ордендері, «Ерлік үшін», «1941—1945 Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін» медальдары бейбіт еңбекте алған мемлекет марапаттары жарқырап нұрлы жүзіне ерекше көрік беріп тұратын. Біз әке-шешеміздің тағылымды тағдырын мақтан етеміз, ол кісілердей ел игілігіне күш-жігермен еңбек етеміз.

Жанагүл Шайманқызы Еділбаева.


Елемесов Сұлтан (1924, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Майтөбе ауылы – 2012, Қарағанды обл., Жезқазған қ.) – Ұлытау өңірінің құрметті металлургі. Сұлтекең айтады: «Жасымда анамнан жетім қалдым. „Шешесіз жетім – шерлі жетім“ дегенді көңіліммен сезіндім. Әкең болғаны мен ананың орыны бөлек екен. Бұл аз дегендей екі жыл өтер өтпесте әкем халық жауы атанып ұсталып, он жылға Сібірге айдалып кете барды. Сондағы таққан бар кінәсі – қажының баласы, ескіні көксейді. Атасы Есмағанбет екі рет қажылыққа барған деген желеу. Расында да ол кісі қазан төңкерісінен бұрын елдің қамын ойлап, билікке да, алқалы жиынға қатысқан, сөзі өтімді болған. Өз әкем қолына Құран алып, бес уақыт намаз оқысада оқасы жоқ дер едік, ол мұның бірімен де айналыспаған. Шамасы өзінің бірбеткейлігімен, қайсарлығымен ауылдағы белсенділердің жаманы тисе керек, ақыры Магаданнан бір-ақ шықты. Сол жақта қайтыс болды». Е. бір сөзді, ауырдан қашпайтын табанды, қайратты болып ер жетті. Еңбек жолын (1952) Қарсақбай мыс қорыту зауыты темір жолында паровоз машинистінің көмекшісі болып бастап, балқытушы, аға конверторшы болып еңбек етті. 1969 жылдан бастап Жезқазған мыс қорыту зауытында аға конверторшы болып ұзақ жыл істеген. Осы зауытта 1973 жылы 23 ақпанда ең алғашқы кара мыс балқымасын алуға қатысқандардың бірі. Бұл ел көлеміндегі үлкен оқиға болған. Елемесов алғашқы күннен Жезқазған мыс зауытының конверторында мыс балқытқанда Қарсақбайда қолданған әдістерін пайдаланды. Жұмысы көңілдегідей жүрді. Бұл қалай деп ешкім сұраған жоқ. Ал, Балқаштан, Пышмадан, басқа орталықтағы зауыттардан келгендер мыстан шлакты айыра алмай, балқыма тасып аста-төк төгіліп жатты. Зауыттың тұрып қалу хаупі төнді. Сонда ғана Елемесов тәжірибесіне дем қойды. Мәселенің мәнісі мынада болды. Балқаштың, Пышманың концентраттары мысқа кедей, ал Жезқазғанда 54—55% мыс бар. Ендеше штейн мысқа бай болса, оған қоспаларды дәлдеп қосу керек, сонда ғана жоғары сапалы қара мыс аласын. Содан бастап қара мыс Елемесовтың әдісімен алынатын болды. Жұмыс жүрді. Оның тәжірибесін жас балқытушыларға үйрету мақсатында атақты металлург атындағы озат тәжірибе мектебі ұйымдастырылып, озық әдістердің орталығына айналды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Елемесов Сұлтан


Ермағанбетов Төлеш (1928, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Қарсақбай қалашығы – 1995, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) Жезқазған-Қарсақбай өңірінен шыққан тұңғыш инженер-металлург. 1944 жылы орта мектеп бітірген соң Қарсақбай мыс қорыту зауытына табель жүргізуші болып жұмысқа қабылданды. 1953 жылы Алматыдағы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Металлургиялық цехта шебер, балқытушы болып істеді. 1956 жылы зауыттың бас инженері, 1958 жылы – бас технолог. 1960 жылы жұмысшылар мен инженерлер бірауыздан кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп сайлады. Зауытта өз ісін жетік білетін маман ретінде көрсетті. Жас металлург инженерлердің, жұмысшылардың тәлімгер ұстазы болды, олардың өндіріс технологиясын игеруіне, рационализаторлар қатарына қосылуына қолғабысын жасады. Өзі де Жезқазған кен-металлургия комбинаты бойынша танымал рационализатор болды.


Ермағанбетов Төлеш


Есенберлин Ілияс (10.01.1915, Ақмола облысы, Атбасар қаласы – 1983, Алматы) – қазақ жазушысы. 1930 жылы Арқаны аштық жайлай бастағанда інісі Раунақ екеуі жан сақтап шұбырған елмен бірге 20-күндік жол кешкен түйе керуенге ілесіп, Қарсақбайға келеді. Онда Назым апалары тұратын еді. Жұрттан сұрастырып үйін тауып алады. Жездесі Сейітқали Райымбаев Қарсақбай зауытында дәнекерлеуші екен. Отбасы ағаштан салынған №154 барактың кішкентай екі бөлмесінде тұрып жатты. Онда Есенберлиннің апасы 22 жасар Назым, 5 жасар ұлы Молдағали мен 2 жастағы Жазкен тұратын. Раунақ екеуі сол үйге жетіп, аштықтан аман қалыпты.

Есенберлин Қарсақбай жұмысшы балаларына арнайы ашылған мектепте оқуын жалғастырды. Шамалы айдан соң Қызылорда тәжірибелі-көрсеткіш тоғыз жылдық мектеп-интернатқа аттанды. 1933 жылы мектепті үздік бітіріп, Қарсақбайға қайта оралады. Басты мақсаты – апасы Назымға көмектесу. Қарсақбайға келісімен ауатком оны нысқаушы қызметіне қабылдады.

Жергілікті атқару комитеті аштықтан зардап шегіп, Қарсақбайға ағылған қазақтарды мүмкіндігінше жұмысқа орналастырып, басқаларына көмек көрсету кестелері бойынша азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Бәрін аштықтан сақтап қалу мүмкін емес болғандықтан, ауаткомның тапсырмасымен Есенберлин Қарсақбайда шоғырланған аш халықты Жосалыға жөнелтумен айналысты.

Қарсақбайда өткен еңбек жолы Есенберлиннің қаламынан туындаған тарихи романдарына үлкен әсер етті. Ондағы жазылған біраз оқиғалар қазақ ұлтының ұясы, ер бірлігінің ұйытқысы Ұлы даланың Ұлытауында өрбиді. «Көшпенділер» трилогиясының кейіпкерлері тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар.

Дереккөз: Жезқазған қалалық МА қоры. М. Бақытұлы


Есенов Бодық (1902, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қумола ауылы – 1960) – соғыс ардагері. Еңбек жолын 1913 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының атқорасында бақташы болып бастады. 1929 жылы темір жол жұмыскері, от жағушы, ауысым шебері, Қарсақбай темір жолы депосының бастығы. 1937 жылы Қарсақбай теміржол партбюросының хатшылығына сайланған. 1938 жылдың мамырынан 1941 жылдың қарашасына дейін еңбекшілер депутаттары Жезқазған ауатком төрағасы болды. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1945 жылы ІІ дәрежелі Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған. Соғыс біткесін екі жыл Берлин қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан.


Есенов Бодық


Есімбаев Мұқыш (1906, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Қарсақбай ауылы – ө.ж.б.) Қарсақбай мыс қорыту зауытының орталық электр станциясында 1928 жылдан бастап жұмыс істейді. Әуелі 5 жыл 3 ай шуровшы болған, кейін турбина машинисінің көмекшісі, 1938 жылдың наурызынан турбина машинисі, 1951 жылдың наурызынан турбинаның аға машинисі. 7 санаттағы турбина машинисі сол уақытта біліктінің ең жоғарғы көрсеткіші еді. Есімбаев байсалды, ой-толғамы кең, аса ұқыпты жұмыскер болды. Міндетіне жауапкершілікпен қарады. Жұмыс істеген жылдарында еңбек тәртібін бұзу болмаған, турбинада апатқа жол бермеген. Есімбаев станцияның көп жылдар бойы стахановшысы болып табылады. Ленин орденімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен (1946) марапатталған.


Есімбаев Мұқыш


Есімбаев Мұса (1910, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Терісаққан болысы – 2002) Қарсақбай мыс комбинатының нан зауытында нан пісіруші болған. 1942 жылы 5 мамырда Жезқазған аудандық әскери комиссариаты 32 жастағы Есімбаевты әскер қатарына шақырған. 1942—1945 жылдары жаумен талай айқасты, небір қанқасап соғысты басынан кешірген. 1945 жылы 24 ақпанда ауылға ІІ топтағы мүгедек болып оралған. Айқас даласындағы жанқиярлығы, батырлығы үшін ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «1941—45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқа медальдармен марапатталған. Бейбіт еңбекте де социалистік жарыстың талай рет жеңімпазы болған.


Есімбаев Мұса


Жазықсыз құрбан болғандар. БК (б) П Орталық Комитетінің 1937 жылы ақпан-наурыз Пленумында И. Сталин ұсынған социализм өз позициясын нығайтқан сайын таптық күрес шиеленісіп, күшейе түседі деген тезисі елімізде жаппай жазалау науканының басталуына негіз болды. Ол социализм iciнe берілген, оны саяси-идеялық және экономикалық жағынан нығайтуға үлес косып жүрген алдыңғы катардағы жұмысшыларға, инженер-техниктерге, ғылым, онер, партия және мемлекет қайраткерлеріне оқтай тиді. Бұдан Қарсақбай да шет қалмады. Біз төменде жазықсыз жазалағандардың тізімін беріп отырмыз. Олардың ішінде Жоғары сот орындарына ізденіп, майдан даласында айып батальондарға адал қызмет етіп, бірен-саран ақталғандар да бар.

Аменов Ерғали, 1908 жылы Қарағандыда туған, Қарсақбай мыс фабрикасының флотаторы. Ішкi Істер Халық Комиссариатының (бұдан әpi IIXK) Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштiгi 1937 жылы 31 қазанда ату жазасына кескен.

Беласқанов Смайыл 1885 жылы Қарсақбай ауданында туған, комбинаттың «Ұлытау» кеңшарының моторисі. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1937 жылы 11 қарашада ату жазасына кескен.

Баржаксынов Хакім 1896 жылы Қарсақбай ауданының 9-ауылында туған. Байкоңыр көмір ошағының десятнигі. IIXK Қарағанды облысы басқармасыныц үштігіi 1937 жылы 1 қазанда ату жазасына кескен.

Бірәлинов Ағайдар 1929 жылы Қарсақбай ауданының 9-ауылында туған. Қарсақбай комбинаты №18 шахтасының откатчигі. IIXK Қарағанды облысы басқармасының үштігі 1937 жылы 1 қазанда ату жазасына кескен.

Федчук Юстаниан Викторович 1904 жылы Польшада туған, Жезқазған кентіндегі кірпіш зауытының нормалаушысы, IIXK №599 хаттамасы бойынша 1937 жылы 22 желтоқсанда ату жазасына кесілген.

Кетебаев Әлібай Қарсақбай ауданының 8-ауылында туған, Карсакбай мыс зауыты электр (силовой) орталығының қазан тазалаушысы, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1937 жылы ату жазасына кескен.

Ахметбеков Бақберген 1907 жылы Қарсақбай ауданының 6-ауылында туған. «Жезқазған» кенішінің партком хатшысы. ІІХК Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1938 жылы ату жазасына кескен.

Батырбеков Шахілияс 1904 жылы Қарсақбай ауданында туған. Қарсақбай кентіндегі орта мектеп мұғалімі. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Баймағанбетов Құрмансейіт 1897 жылы Қарсақбай ауданында туған. Қарсақбай ауаткомының төрағасы. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 28 қазанда ату жазасына кескен.

Бауман Александр Августович 1891 жылы Волын облысында туған. Латыш. Қарсақбай мыс комбинаты механикалық цехының токapi. IIXK Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1938 жылы 5 қазанда ату жазасына кескен.

Горбенко Иван Данилович 1886 жылы туған, Қарсақбай кентінің тұрғыны, Қарсақбай мыс комбинатының бухгалтері, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 7 шілдеде ату жазасына кескен.

Жаманбаев Әбдунағым 1908 жылы Қостанай облысы Жетіқара ауданында туған. «Байқоңыр» кенішінің партком секретары. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 14 ақпанда ату жазасына кескен.

Волошин Дмитрий Антонович 1888 жылы Киев губерниясында туған, Қарсақбай мыс комбинаты механикалық цехының бастығы, КСРО Жогары Соты Әскери Коллегиясы 1938 жылы 8 наурызда ату жазасына кескен.

Егистаев Асанхан 1895 жылы туған, Қарсақбай кентінің тұрғыны, Жезқазған кентіндегі электр станциясының слесарі, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 21 ақпанда ату жазасына кескен.

Иванов Прокопий Сергеевич 1909 жылы Новосибирск облысында туған. Қарсақбай аудандық ОСОВИАХИМ кеңесінің төрағасы. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 16 акпанда ату жазасына кескен.

Қарсақбаев Төкен 1896 жылы туған. Қарсақбай кентінде жумыскер. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Кравченко Николай Юлианович 1897 жылы Ақмола қаласында туған, Қарсақбай мыс комбинатының бас бухгалтері. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 13 қазанда ату жазасына кескен.

Оспанов Әбділман 1895 жылы Қарсақбай ауданында туған. Қарсақбай кентіндегі жер өңдеу серіктестігінің төрағасы, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 22 ақпанда ату жазасына кескен.

Пурвин Павел Андреевич, 1892 жылы Витебск губерниясында туған, Қарсақбай темір жолының машинисі, КСРО IIXK қаулысымен 1938 жылғы 4 ақпанда ату жазасына кескен.

Ребров Иван Сидорович 1878 жылы Самара губерниясында туған, Қарсақбай Kipпіш зауытының шебері. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 2 қыркүйекте ату жазасына кескен.

Рыженко Иван Федорович 1905 жылы Атбасарда туған. Қарсақбай комбинаты байыту фабрикасының слесарі, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 9 қазанда ату жазасына кескен.

Самодинов Иван Иванович 1881 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шортанды станциясында туған. Қарсақбай комбинатының қуюшы-шебері. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасыныц үштігi 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Суницкий Иосиф Никифорович 1885 жылы Чернигов губерниясында туған, Қарсақбай теміржолы зауыт ішіндегі депосының шебepi, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 26 қазанда ату жазасына кескен.

Соколов Александр Иванович 1888 жылы Калинин облысында туған, Жезқазған кентінде жұмысшы, жабдықтау бөлімінің бухгалтері, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 28 қарашада ату жазасына кескен.

Өміртаев Айман Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған, Қарсақбай кентінде орта мектеп мұғалімі, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Өтжанов Кәрібек 1909 жылы Қарсақбай ауданының 5-ауылында туған, аудандық атқару комитеті жанындағы сауатсыздықты жою жөніндегі инспектор, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 22 қазанда ату жазасына кескен.

Юмашев Павел Яковлевич 1884 жылы Ақмола қаласында туған, Қарсақбай мыс комбинаты металлургиялық цехының шебері, IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігi 1938 жылы 5 қазанда ату жазасына кескен.

Вишняков Илья Иванович 1906 жылы туған, Қарсақбай мыс қорыту зауытының бақылау-өлшеу жүйесінің шебері, Қарағанды облыстық сотының 1941 жылғы 23 қарашадағы үкімімен ату жазасына кесілген.

Кирюшенко Константин Гурьевич 1896 жылы Томскі облысында туған. Байқоңыр көмір ошағындағы №19 шахтаның проходкалаушысы, Қарағанды облыстык сотының 1941 жылғы 24 тамыздағы үкімімен ату жазасына кесілген.

Майер Иван Андреевич 1914 жылы Чкалов облысында туған, Қарсақбай кентінде тракторшы, Қарағанды облыстық сотының 1941 жылғы 20 желтоқсандағы үкімімен ату жазасына кесілген.

Суницкий Дмитрий Иосифович 1913 жылы Cпaccкi зауытында туған, Қарсақбай мыс қорыту зауытының телім бастығы, Қарағанды облыстық сотының 1941 жылғы 23 қарашадағы үкімімен ату жазасына кесілген.

Фризен Генрих Исакович 1900 жылы Днепропетровск облысында туған, Қарағанды облыстық сотының Қарсақбайдағы бөлімінің бухгалтері, Қазақ КСР IIXK әскери трибуналы 1941 жылы 8 желтоқсанда ату жазасына үкім еткен.

Дүйсембеков Қияс 1986 жылы Қарсақбай ауданында туған, Жезқазған кенттік кеңесінің төрағасы. IIXK Қарағанды облысы бойынша баскармасының үштігі 1937 жылы 20 тамызда ату жазасына кескен.

Қайтанов Балмұқан 1911 жылы Қарсақбай ауданында туған. Жезқазған кенішінің асханасында жұмыскер. IIXK Қарағанды облысы бойынша басқармасының үштігі 1937 жылы 20 тамызда ату жазасына кескен.

Осылай коммунизм идеясына, кеңес үкіметіне шындап берілген азаматтар әкімшілік жүйенің қанды шеңгеліне ілікті. Өмip өз заңымен өтіп жатты.

«Азалы кітап». Қарағанды және Қарағанды облысы. Алматы. 1957.


Жақыпов Құлмұханбет Кіртайұлы (15.04.1963, Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай кенті) 2003 жылы Қарсақбай металлургиялық зауыттың тұрғын үй шаруашылық теліміне тасқалаушы болып жұмысқа қабылданды. 2012—2016 жылдары сол телімде пеш салушы болып еңбек етті. 2016 жылдан бастап зауыттың жылы су қызметінде слесарь-сантехник болып істейді. Жақыпов еңбекте адал, зауыттың қоғамдық жұмысында белсенді, ел арасында беделді. Зауыт әкімдігі мен кәсіподақ комитетінің шешімімен талай рет ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталған.


Жалпы білім беру ісі өткір тұрды. Өйткені Қарсақбай мыс комбинаты үшін кадр дайындау ең алдымен жалпы білім беруді ұйымдастыру, сауатсыздықты жою, кәсіптік-техникалық білім жүйесін қалыптастыру болды. Алғашқыда Атбасар уезі халық-ағарту бөлімінің бюджетінің тапшылығы сондай, Қарсақбайдағы жалғыз мектепті мыс кәсіпшілігі зауыт басқармасының қарамағына берген. (Ақмола облысының мемлекеттік архиві, қ-115, т.1. Іс-130а, 3 бет). 1926—1927 оқу жылында Қарсақбай ауданында мектеп жасындағы балалардың 14 пайызы, сауатсыз ересектердің 9 пайызы оқуға тартылған.


Қарсақбай орта мектебінің бірінші түлектері – Х. Сатбаева, А. Филипович, Г. Волошина, т.б.


1926—1927 оқу жылында он бастауыш мектеп жұмысістеді. Олардағы 15 мұғалімнің тек екеуінде ғана арнаулы білім бар еді.

Барлығы 413 бала оқыды. Қарсақбайда панасыз балалар үйі, бір оқу қосы, екі сауатсыздықты жою нысаны болды. Комбинаттың өзінде 15 оқытушы өндірісте істейтін сауатсыздарды оқытумен шұғылданды.

1927 жылы 19 қаңтарда Қазақ АКСР-інің Комиссарлар Кеңесі Қарсақбайдағы мектептердің барлығын 1927—1928 оқу жылынан бастап мемлекеттің бюджетіне алу жөнінде шешім қабылдады. 2 мектеп ғимаратын салып, оның біреуіне мектеп-интернатты орналастыру белгіленген. Қарсақбай болыстық атқару комитеті жергілікті бюджеттен №4 мектеп ғимаратын тұрғызуғы, мешітті мектеп ашуға лайықтауға, №12 ауылда мектеп үйін сатып алуға қаржы бөлді.

1931—1932 жылдары ауданда мектеп саны 81-ге жетті, Қарсақбайда интернат, бала бақшасы, Ұлытауда панасыз балалар үйі жұмыс істеді. Балалар үйінде 120 панасыз жеткіншектер тәрбиеленді.

93 сауатсызды жою нысандары, 8 шала сауаттылар мектебі, 3 қазақ тілін үйрететін курстар, бірнеше ағылшын тілін үйрететін топтар, 9 әйелдер курстар жұмыс істеді.

Қарсақбай қалашығының дамып, білім беру ісінің кені қанат жайған кезеңі өткен ғасырдың алпысыншы жылдарына тура келеді. 2 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 сегізжылдық мектеп, 1 жұмысшы жастар орта мектебі жұмыс істеді. Мектепке дейін балалар мекемелері, мектептен тыс мекемелер саны оннан асты.

Қарсақбай мектептерін бітірген түлектер ішінен Зәуре Сәдуақасова, Жәлел Қалмағанбетов, Оразай Батырбеков, Ошақбай Асылбеков, Мәкен Төрегельдин, Шерниязден Әбішев, Қазкен Базылов, Белгібай Қапанов, т.б. танымал дарынды ұйымдастырушылар, өндіріс, ғылым, мәдениет қайраткерлері шықты.


Жамбыл Жабаев атындағы Қарсақбай орта мектебінің негізі 1925 жылы ашылған бастауыш мектеп болды. Қарсақбай мыс комбинатының құрылысшылары, инженер-техниктері, төңіректегі шаруалардың балалары оқуға құштарлық танытты. Бастауыш сынып саны бірден онға жетті, қыста мектептерде екі мезгіл от жағуға рұқсат етілді, сабақ төрт ауысыммен жүрді, 1930 жылы жетіжылдық мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. 1939 жылы Қарсақбай орта мектебі шаңырақ көтерді. Бұл – Ұлытау өңіріндегі тұңғыш орта мектеп. Қазір мектепте 32 мұғалім сабақ береді, олардың 8 – жоғары санатты, 11 – бірінші санатты. Мектеп ауданның батыс бөлігіндегі ауыл мектептері үшін ресурстық оқу орталығы. Елімізге мәлім Оразай Батырбеков, Мейіз Сәтбаева, Қоңыратбек Құрманбаев, Асқар Маткенов, Қыдырәлі Болманов, т.б. тұлғалар осы мектептің түлегі.


Жамбыл Жабаев атындағы Қарсақбай орта мектебі


Жанасов Жәңгір (1920, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – 1999) – экономист. Қазақстан Компартия орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін (1951), Алматы халық шаруашылығы институтын (1965) бітірген. 19 жасында Қарсақбай аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. ҰОС бастан-аяқ қатысқан. 1946 жылы Қарсақбай мыс зауыты партбюросының, 1947—1955 жылдары Жезқазған, Жаңаарқа аудпартком хатшысы, екінші хатшы, 1955 жылы Қоңырат аудандық Сталин атындағы ұжымшардың төрағасы, 1958—1965 жылдары Жезқазған қаласы аткомының төрағасы, 1965—1973 жылдары Жезқазған кен-металлургиялық комбинаты директорының орынбасары, 1973 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Жезқазған облатком төрағасының орынбасары, Жезқазған – Ұлытау өңірінің экономикасын, халықтың тұрмысы мен мәдениетін көтеруге үлкен үлес қосқан. Қазақ КСР Жоғары кеңесі депутаты (1963), І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», екі мәрте Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет Белгіс»і ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» және т.б. медальдармен марапатталған.



Жанбосынов Жүсіп – Қарсақбай зауытын ұлттандыруға қатысқан жергілікті коммунистік топ мүшесі. Ұшы-қиыры жоқ меңіреу далада қаңтардың қақаған үскірігі мен аласапыран дүлей боранына кезіккен фельдшер Деев пен оның жолбасшысы Жұмабай қанды ауыз аш бөрілердің қамауында қалады, бір түйесінен айырылып, ажал тұзағынан әрең дегенде құтылады. Деевті ажал аузынан, дала қорқауларының қанды шеңгелінен құтқарып қалушы қарапайым қазақ жігіті Жанбосынов болатын. Ұяла езу тартып, сенімді шыраймен сәлемдескен қазақтың қолын қатты қысып тұрып Деев оның жүзінен ізет – бауырластықтың, кіршіксіз достықтың нышанын таниды. Жүсіптің лашық үйіне келген Деевті ауылдың меймандос кәрі-жасы таза көңіл, жылы шыраймен қарсы алады. Сөйтіп, орыс пролетариатының өкілі Иван Васильевич пен қазақ еңбекшілерінің достасуы дәл осылай басталады.


Страницы книги >> Предыдущая | 1 2 3 4 5 6 7 8 | Следующая
  • 0 Оценок: 0

Правообладателям!

Данное произведение размещено по согласованию с ООО "ЛитРес" (20% исходного текста). Если размещение книги нарушает чьи-либо права, то сообщите об этом.

Читателям!

Оплатили, но не знаете что делать дальше?


Популярные книги за неделю


Рекомендации