Электронная библиотека » Тажис Мынжасар » » онлайн чтение - страница 3

Текст книги "Шежірем сыр шертсе"


  • Текст добавлен: 20 сентября 2017, 12:22


Автор книги: Тажис Мынжасар


Жанр: Жанр неизвестен


Возрастные ограничения: +12

сообщить о неприемлемом содержимом

Текущая страница: 3 (всего у книги 29 страниц) [доступный отрывок для чтения: 10 страниц]

Шрифт:
- 100% +

«Қазақ» сөзінің этимологиясы, яғни шығу төркіні жөнінде әңгімелегенімізде оның түркі тобына жататын Сағай, Қойбол (В. Радлов. «Опыт словаря тюркских наречий. ІІ т. І бөлім. 629 б.) және Хакас («Хак.-рус. словарь». 1953 ж. 284 б.) тілдеріндегі мағынасы «қосу, үстеу, қосымшалау» дегенді білдіретін «козак» және «хозак» сөздерімен дыбысталуы өте ұқсас екендігін айта кету керек. Ал егер тіліміздегі «бірігу, одақтасу, ұлыстасу» сияқты сөздер олардың синонимі болса, онда түрлі ру-тайпалар бірлестігінен, одағынан, ұлысынан тұратын Қазақия тек дыбысталуы жағынан ғана емес ішкі мазмұны, мағынасы бойынша да жоғарыда келтірілген қос сөздің баламасы дерлік. Ендеше, Сағай, Қойбол, Хакас тілдері кезінде Қазақия болып біріккен көне ру-тайпалардың ортақ тілі болуы да ғажап емес. Демек, бұл тайпалар жұртын да түрлі тарихи себептерге байланысты бөлініп кеткен, тілі мен тілегі бір бұрынғы Қазақия ұлысының сынықтары деп топшылауға әбден болады.

Облысымызға ғана емес елімізге кең танымал этнограф, тарихшы ғалым, жазушы, журналист, тараздық жерлесіміз, марқұм Амантай Айзахметов те осы тақырыпты аша түсу үшін көп еңбектенген жан. Ол елбасына ұсынған «Колыбель царей человечества» атты зертеу еңбегінде «Қазақ» этнонимінің қайдан, қалай шыққандығы туралы деректерді осы ұлыстың тарих аренасынан алғаш көріну фактілермен ұтымды ұштастыра отырып, бізге қызғылықты түрде әңгімелеп береді. Ол не дейді екен, енді соған жүгініп көрейік.

Кітабының «О зарождении этнонима «Казах» деген бөлімінде тарихи деректерге сүйене отырып: «Карамзин, основываясь на русских летописцев, утверждает, что Святослав в 968 году где-то к северу от реки Кубани разбил косогов. Писатель Х века, византийский император Константин Порфирородный, местность на востоке от Таматарахи (Тмутаракань), бассейна реки Кубани называет «Казахией». Г.Эверс пологает, что арабский писатель Масуди (умерший в 965 году) именно эту страну называл «Кашеком», купцы коей посещали Трапезунд; и что народ «кашек», упоминаемый и другим арабским писателем Ибн-аль Варди, не что иное как «косоги» или «казахи». Левшин утверждает, что знаменитый персидский поэт Фирдоуси, живший около 1020 года, в своей поэме Рустем упоминает о «казаках и казакских ханах». Русский князь Мстислав Владиморович в 1022 году покорил Тмутарканскому княжеству «косогов», которые еще в 1065 году платили ему дань; Карамзин к этому добавляет, что «убитый Мстиславом в единеборстве богатырь Редега был косожский князь». По Никоновской летописи, монголы при первом нашествии в 1223 году, пришли со стороны Кавказских гор, пройдя через землю «касахов», разбили кыпчаков и южнорусских князей на р. Калке и ушли на восток (Стр.110), – дей келіп, Тарихтағы Қазақия ұлысының қалыптасу кезеңінің қаншалықты көне екендігі туралы мәліметтер береді.

Бұл жерде А.Айзахметов тарихшы А. Левшинге сілтеме жасағанда оның: «Описание киргиз-кайсакских или киргиз-казачих орд и степей» атты еңбегінің 40-бетіндегі: «Достоверно то, что Фирдевси или Фердуси, живший около 1020 года, то есть за два столетия до появления монголо-татар на Западе, в истории Рустема, упоминает о народе казахах и ханах казахских»,-деген тұжырымдары туралы айтып отыр.

Тараздық тарихшы бұдан кейін: «Когда с севера пришли варяги и образовали на берегу Днепра русское княжество, то южнее его уже стояло Тмутороканьское княжество, именуемое Казахией», – деп жоғарыда айтылған ойын әрі қарай сабақтайды. «Азакэто военно-административная единица асовцарей, или другими словами, их военная гвардия. По поему мнению, военно-административная единица «ас ок» стала современем самостоятельным и не зависимым от асов–царей племенем и термин «ас ок» трансформировался в «азак», а затем и в общеизвестный термин «сак». А термин «казак», то есть «кайсак»–это племенной союз царственных каи и военно-административных единиц асовцарей, ставшими к этому времени самостоятельными племенами и уже носившими название «сак». Этот племенной союз получил название «каисак», который и положил начало этнониму «казак»,-деп «қазақ» сөзінің тіптен әріден, сақтар заманынан бастау алатындығын айтып, осы атауды алғаш иеленген тайпалар одағының атын атап, түсін түстеп түсіндіріп береді. «…союз каи и саков (каисак) среди всех других племен и племенных союзов, входивших в эту конфедерацию, играл главенствующую роль и был преобладающим в численном отношении, то поэтому, я думаю, эта земля и называлась Казахией»,- деп ойын әрі қарай ширата түседі. Ал ендігі бір сөзінде: «Я считаю, что этноним „казах“ зародился намного раньше эпохи возкникновения Казахского ханства Джанибека и Гирея,о чем свидетельствуют византийские, мусульманские и древнерусские источники»,– деп біздің әңгіме басында Керей мен Жәнібек сұлтандар және қазақ атауы жөнінде айтып кеткен жорамал-пікіріміздің шындықтың ауылынан аса алыс кетпегендігін деректерімен растап береді («Колыбель царей человечества». О зарождении этнонима «Казах». Тараз. «Сенім» баспасы. 2001 ж. 98–103 б.б.).

Сол айтпақшы, бұл тұжырымдар филология ғылымдарының докторы Әбілбек Нұрмағанбетовтің 1993 жылы 13 мамырдағы «Ана тілі» газетінің 5-бетінде жариялаған «Қазақ ру, тайпалары атауының төркіні» атты мақаласында келтіретін деректерімен де сабақтасып, жақын қабысып жатыр. «Тағы бір тарихи дерек1979 жылы Өлгейде «Моңғолдың құпия шежіресі» бірінші рет қазақ тіліне аударылып басылып шықты. Бұл «Шежіренің» жазылып біткен жылы1240 жыл. Демек, қазақ халқы қалыптасыпты-мыс деген мерзімнен екі ғасыр әрі. Осы аударманың ішінен біз «қазақ күймесі»(31141-беттер) және «қазақ арба»(141-бет) тіркестерін кездестірдік… Егер де сол кездерде «қазақ» деген халықтың аты болмаса, арбаға қалай қосақталмақ?»,-дейді ол. Ал 1940 жылы Ташкентте басылып шыққан «Древние авторы о Средней Азии (VІ в. до н.э.ІІІ в.н.э.) деген кітаптан: «Нахширустанские надгробные надписи на могиле Дария Гистаспа. Говорит царь Дарий: «Вот области, которые я покорил за границами Персии… коссаки» (34-б.), «Коссакивероятно северо-персидское племя»(153-б.), «Дарий І Гистасп царствовал 521485 г.г. до нашей эры» (169-б.),-деген үзінділер келтіре отырып, «Бұл деректің мәліметі өзінен 4 мың жыл бұрынғы тарихты дастанға кіргізген Фирдауси хабарымен сәйкес келмейді деп кім айта алады. Шындап ден қойған жан Дарий айтқан «коссок» Фирдаусидағы «қазақпен» шендесіп жатқанын байқамасқа лажы жоқ. Дарий І бағындырдым деп отырған Персияның солтүстігіндегі «коссоктар» түрк тектес тайпалар екендігін анықтай түсерлік деректерден де құралақан емеспіз»,-дейді. Сөйтіп тарихшы Н.П.Толльдің: «Впрочем, часть ученых и до сих пор находит некоторые основания утверждать, что скифи были турками. Саками, по словам Геродота, персы называют скифов» деген байламдарын дәлел ретінде ұсынады («Скифы и гунны». Прага.1928 ж. 9 бет).

Қазақтың белгілі ғалымдары Т.И.Сұлтанов пен С.Г.Кляшторный да өздері жазған «Қазақстан: үшмыңжылдық деректемесі» атты кітабында Қазақ тарихын сонау ықылым заманғы сақтар дәуірінен бастап, Қазақ хандығы құрылған кезеңге дейін жеткізе отырып, қазақтың байырғы халқын орыстілді әдебиеттер күні кешегі кеңес дәуірінің 30 жылдарына дейін қайсақтар, қырғыз-қайсақтар деп тегіннен-тегін атамағанын айтып кетеді.

А.Айзахметов сөзінің соңында бүгінгі үлкен бір ұлт атауына айналған «қазақ» этнонимінің этимологиялық сыры дәл осы «қайсақ», «қырғыз-қайсақ», «Қырғыз-Қайсақ ордасы» атауларының астарында жатқаны ешбір талас тудырмайды дейді. Сөз жоқ, орыс үкіметі мен шенеуніктері бұл атауларды қазақтарға кезінде бекерден бекер таңбағаны белгілі. Ол үшін, әлбетте, көне қазақ тарихына қатысты өздерінде бар бұлтартпас ғылыми деректерге, мамандарының пікіріне сүйене отырып, осындай шешім шығарғаны анық. Осы орайда, тек 1925 жылы сәуірдің 15–19 аралығында өткен ҚАССР Советтерінің 5-съезі ғана қазақ халқының қырғыз-қайсақ атауын–қазақтар деп дұрыс өзгерткенін айтып кету керек сияқты. «Съезд шешімдерінің орысша текстінде «казаки», «Казакстан» деп жазылғандықтан, кейінірек, ҚАССР Орталық Атқару комитеті Президиумының 1936 ж. 9 февральдағы қаулысы бойынша, орыс тілі үшін неғұрлым дәлірек «казахи», «Казахстан» деген атау қабылданды»,-дейді бұл жөнінде Қазақ Совет энциклопедиясы (Алматы. 1975 ж. 7 т. 109 б.).

Бұл ғылыми деректер Қазақ ұлысының қияли емес, белгілі тарих кезеңдерінде өз ру-тайпалары бар нақтылы мемлекеттік құрылым болғандығын дәлелдейтін құнды мәліметтер. Бұл дереккөздерінде келтірілген көне ру-тайпалар атауларының бүгінгі қазақ рулары атымен толық сай келетіндігіне көңіл бөлмеске болмайды. Мысалы, беріш, шеркеш, шағырай руларын алайық. Бұл ру атауларының бүгінгі қазақ рулары атымен ұқсастығы кездейсоқтық емес, олардың туысқан бір ру екендігін көрсеткендей. Егер бұл байлам басқа да дерек көздерімен қуатталып, дәлелденер болса, онда біз тілге тиек тіп отырған көне Казахия ұлысы бөтен емес, өз мемлекетіміздің байырғы бастау бұлағы екендігінде күмән қалмайды.

Міне, бұл мәселені бізге жоғарыда аты ауызға алынған үлкен ғалымымыз Мұхамеджан Тынышпаев өзінің «Қазақ руларының генологиясы» («Генеалогия казахских родов») атты белгілі, зерттеу еңбегінде шешіп береді. Ол мұнда қазақтар деп аталған черкестер мен кіші жүздің он екі ата байұлына қарайтын тағы бірқатар ру-тайпалары тарихын Алтай баурайынан басталған Ұлы қоныс аудару заманынмен (IV–VII ғ.ғ.) сабақтастыра баяндайды. Ол бұл деректерімен қазақтар мен оның құрамына кірген ру-тайпалар тарихын енді IV ғасырларға бірақ апарып тастайды. Енді сол деректерге көңіл бөліп көрейік.


ҚАЗАҚТАР ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУ ЗАМАНЫНАН КЕЙІН


Ұлы қоныс аудару заманы жайлы айтып қалғасын, ол жөнінде қысқаша болса да мағлұмат бере кеткеніміз жөн сияқты. Халықтардың бұл тарихи көшіп-қону процесі IV–VII ғасырларда Түрік қағанды ыдырап, Алтайдан Орта Азия мен Жетісу жеріне баса көктеп кірген батыс түрік тайпаларының соғыс қимылдарымен байланысты. Әділ (Атилла) батыр бастаған ғұндар мен оларға ілескен қарақұрым өзге тайпалар Сырдария, Арал маңы алқаптары мен Орталық және Батыс Қазақстан жерлерін басып өтіп, Дунай өзеніне дейін жетті. Мадиярларды бағындырып, еуропа елдеріне аяқ басты. Сөйтіп ақыры Ұлы Рим империясының соңғы тірегі Византия мемлекетінің құлауына әкеліп соқты. Әлбетте, осы әрекеттер барысында тұтас бір халықтардың ығысып, қоныс аударуына, ал олардың орнына көші-қонымен екіншілерінің жайғасуына тура келгендігі мәлім.

Осыған орай, Оба өзеніне құятын Катын өзенінің оң жақ жағалауының Черкиш аталуы, сондай-ақ сол маңды мекендеген сақа (якут) жұртына қарасты Татти ұлысының құрамында «сергеччи» руының сақталып қалуы да тегін емес деп ойлаймыз (Э.К.Пекарский. «Словарь якутского языка». 2 т. 274 б.). Бұл деректер Черкестердің Алтайдан бастау алып, жылжыған көш ізінің жұрнақ-белгілері емес пе екен дегіміз келеді.

Мұнымызды кезінде түркі ру-тайпалары тарихын зерттеуге зор үлес қосқан орыстың атақты ғалымы Н.А.Аристовтың: «…черкес атауының өзі Кавказ баурайына түркі руларының сол аттас қауымының атымен жеткен секілді», – деп жазып кеткен тұжырымдары да растай түседі («Заметки об этническом составе тюркских племён и народностей и сведения об их численности». Спб. 1897 ж. 37 б.).

Сонымен Мұхамеджан Тынышпаев айтып отырған Қазахияның Алтайдан көшкен ру-тайпалары тарихына кеңірек тоқталар болсақ, ғалым жоғарыда аты аталған зерттеуінде: «Геродот (в 5 веке до Р.Х.) упоминает об одном народе под именем Алазон, живущем к западу от Днепра, т.е. в тех же местах; об Алазонах говорит и Страбон (1в. Р.Х.)… Алтайские ачын или алчин несколько приближаются к алазонам и все они напоминают наш алчын. Нужно ещё принять во внимание то, что как и в греческом, так и в других древних языках нет буквы «ч», которые могло или выпасть (тогда будет алын, или должно перейти в «с», которое между двумя гласными читается, как «з»). Так как названия берш, черкеш одинаково встречаются на Алтае и в южно-русских степях, надо думать, чтоэто родственные племена; и у киргиз (казахов) они состоят в одной подгруппе–байулы»,дейді.

Ол бұл пікірін аталмыш мақаласында әрі қарай дамыта келіп, бүгінгі Алшын атауымен аталатын Кіші жүз руларының дені өз бастауын Алтай баурайынан алатындығына тың деректер келтіреді. Олары екіұшты ойлауға келтірмейтін, күні бүгінге дейін сақталып келген жағрафиялық топонимдерге негізделген бұлтартпас дәлелдер. Мәселен, Оба өзеніне шығысынан Шұлым, ал батысынан Том өзеншелері құятын болса, сол Шұлымға құятын саланың бірі әлімсақтан Берш деп, ал оның батысынан 40 шақырымдай жердегі көл Бершікөл деп аталады. Бұлардан 70-80 шақырымдай қашықтықтағы Том өзеніндегі кеме, қайықтардың жүзуіне қауіпті тастақты келген суасты қайраңдары Бүріш деген атпен белгілі.

Ал, жоғарыда айтпақшы, Обаға құятын Катын өзенінің оң жақ саласы қартаға Черкиш деген атаумен түсірілген. Оның солтүстігінде, 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан Ачинск қаласының тұсынан бастау алатын қос өзен Үлкен Кет және Кіші Кет деп аталады. Бұларды Кіші жүздің Әлім одағындағы кетелердің үлкен, кіші болып бөлінген жұрты мекендеген өзен алқаптары деуге болады.

Ежелден осы аталған өзен, көл алқаптарын мекендеген түркілік Қызыл деп аталатын тайпалар одағының құрамында Үлкен ачын және Кіші ачын рулары бар. Бұлардың да Кіші жүздің үлкен, кіші болып сараланған алшындары екендігі дау туғызбайды. Бұлай дейтін себебіміз, М.Тынышпаев Ачинск қаласының атауы осы рулардың атынан туындаған деген пікірді айта келіп, былай дейді: «Наименование Берш, Берчикуль, Буриш напоминают название многочисленного рода берш в составе нашего алчын; роды большой и малой ачин тоже напоминают наш алчын с пропуском буквы «л». Такие пропуски замечаются и в киргизском языке, например, говорят «ачы» вместо «алчы» (возьми), «аккель» вместо «алып кель» (принеси) и т.д… Черкеш напоминает род черкеш в составе нашего алчына. Кеть напоминает род кететоже в составе алчын.

В указанных районах несколько раз встречается слово алтын, которые возможно переводить «золото»; но так как несколько географических названий напоминают наши роды, то и тут можно бы отождествить с алчинским родом алтын. Замечательно ещё то, что в этих местах названий, напоминающих роды Большой и Средней Орды (кроме одного аргына), совсем нет, тогда как все перечисленные названия сходы с родами одной только Малой орды». Айтқандарының бәрі көңілге қонымды, ойға сиымды. Ғалым Алтайдан қоныс аударғандар қазақтың өзге ру-тайпалары емес, арғындарды қоспағанда дені бүгінгі алшын–кіші жүз ру-тайпалары екендігін тағы баса айтып кетіп отыр.

Сондай-ақ, Тула қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан уездік Одоев және Харьков–Пенза темір жолы бойындағы уездік Бирюч қалалары, Азов теңізі мен Азов қаласының кезінде Тана деп аталуы, 14 ғасырға дейін Дон өзенінің атауы да Танаис (бұл жерде «ис» грек тілінен қосылған жалғау) болуы, теңізге Кубань өзені құятын жердегі түбектің Тамань аталуы, Киев–Полтава темір жолы бойындағы қалаға Ромодан, осы темір жолы бойындағы Сула өзенінің бір саласына Ұдай деп, ал Пенза губерниясының шекарасындағы қалаға тағы Рамадан деп ат тағылуы және басқа да осы сияқты көптеген жағрафиялық деректер Алшын руларының Ұлы қоныс аудару заманында (IV–VІI ғ.ғ.). Алтай баурайынан шығып, бүгінгі қоныс тепкен мекендеріне жол-жөнекей орыс жерін басып өтіп жеткендіктерін көрсетсе керек. Жоғарыда аталған атаулар Алшынның бүгінгі Байұлы құрамындағы Адай, Беріш, Тана, Жетіру құрамындағы Тама, Рамадан руларынан қалған жұрнақ атаулар екендігі күмән туғызбайды.

Саратов қаласының оңтүстік-батысындағы таудың Алтынтау (орыстардың түркі тіліндегі «у» дыбысын «в» деп оқитынын ескерсек, Саратовтың өзі Сарытау сөзінен туындайтын термин екендігі шүбәсіз), мағынасы тіліміздегі сұра, бер ұғымдарына сай келетін Симбирск губерниясындағы Сура (Сұра) және оған құятын Барыш (Беріш) өзендерінің, кейінгісін басып өтетін жердегі Барыш теміржол стансасының атаулары, ұлы Еділ өзенінің бойынан менмұндалап көрінетін Алтынтөбе қыраты, өзеннің Астрахан аймағына қарама-қарсы оң жақ жағалауында жатқан Төріалтын шатқал-сайының атаулары да, профессор Хвольсон айтпақшы, көне Хозар елінде болған Бараиш қаласы жөніндегі және де басқа осындай толып жатқан көне деректер ертеректе бұл өңірді қалың алшын жұрты басып өтіп, тұрақтағандарының тағы бір дәлелі. Алшындармен қоянқолтық көрші тұрған славян тайпалары олар қойған жер, су, қала аттарын тілдері келгенше бұрап сөйлегендерімен, құдайға шүкір, оларды түпкілікті өзгертпегендерін көріп отырмыз. Осы орайда ғалым: «Если есть некоторая разница в произношении имён на наших подродов и перечисленных наименований, то известно, что тюркские слова точно передовать невозможно и особенно в летописах: так, например, пишется бусурман или даже бесерян вместо мусульман. Авзяк или Изябякузбек; Джелебек, Зенебек–Джаныбек; Зеледин–Джалалэдин; Ючи–Джочы; Бахмет–Махмуд; БузулукБузаулык, СаратовСарытау, ЕрусланЯнарслан и т.д.»,-дейді.

Ғалым кавказдық Черкештерде Қылыш атасының бар екендігін және олардың өздерін алшындармыз яғни қазақпыз деп атайтындығын, сол сияқты қазақтың Байұлы тайпалар бірлестігінде де осыған ұқсас Шеркеш руының және оның Қылыш аталығының бар екендігіне тоқтала келіп, мұның әсте кездейсоқтық емес екендігін айтады.

Черкештер Кавказдың ежелгі тұрғындары емес, оған өте ертеде Алтайдан қоныс аударған ру-тайпалар қауымдастығы екендігі жөнінде өз еңбектерінде тіл ғылымын зерттеуші С.Аманжолов та («Қазақ тіліндегі диалектология және тарих мәселелері». 41 б. Алматы. 1959 ж.), тарихшы И.Е.Фишер де («Сібірдің ашылуынан бастап бұл жерді орыс қаруымен жаулап алғанға дейінгі орыс тарихы», Спб. 1774 ж. 57–58 б.б.) егжей-тегжей айтып кетеді. Өзіміздің кешегі өткен белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы, кең танымал ақын, жазушымыз Сәкен Сейфуллин де шығармаларында черкестер тақырыбын қозғап, олар өздерін «қазақпыз» деп атағанын баяндайды (Шығармалар. VI том 19 б. Алматы. 1964 ж.).      Қазақ Совет энциклопедиясында құрамына черкештер де кіретін алшындықтарға мынадай анықтама беріледі: «Алшын–Кіші жүз құрамындағы Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты үлкен рулардың негізі болған тайпа. Алшын туралы деректер ертеден бар. Ежелгі мекені–Алтай. 10 ғ-да А-дардың бір бөлігі қыпшақтармен бірге (Қаңлы құрамында) батысқа қарай аттанып, Египетке дейін барған; онда Мысыр билеушілерінің қызметінде болып, мамлюктер әулетінің үстемдігін орнатуда айтарлықтай роль атқарған. 10–12 ғ-да Қырымдағы қыпшақ, комон, печенег арасында А-дар көп болған. 1214 ғ-да А-ның кейбір рулары Ноғай ордасының негізін қаласқан. Кейініректе олар қазақ халқының негізгі құрамы есебінде белгілі болған. А.Ұрпақтары татар, башқұрт және Орта Азия халықтарының құрамында да бар» (Қазақ Совет энциклопедиясы. 1 т. 311 б. Алматы. 1972 ж.). Бұл дегеніңіз, алшындарға қатысты жоғарыда келтірген деректемелеріміздің растығын қуаттайтын энциклопедиялық ғылыми тұжырымдама.

Шежіре зерттеуші Алшын Серік өзінің «Ұланақ» атты Кіші жүз қаракесектері шежіресінде «Алшын» атауының шығу тегін төмендегіше түсіндіреді: «Жолайы «Алшын» атауына келсек, ол «Алтай» сөзінің диалекті түріндегі синонимдік нұсқасы болуы ғажап емес. АлтайАлтау, қазіргіше Ал тауы деген тіркес екенін ескерсек, АлшынАл шыңыАлтай екені ешбір қарсылықсыз мойындатар шындық. Негізін топонимнен алатын бұл этномин, Алшын тайпасына бірігіп жүрген (Жетіру тайпасы кірмейтінін ескерген жөн) қазіргі Кіші жүздік рулар бір кездері Алтайдан ауған рулар екенін әйгілеп-ақ тұр.

Бұған М.Тынышпаевтың «История казахского народа» еңбегінің (1993 жыл. Қазақ университеті) «Материалы к истории киргиз-казахского народа» мақаласының «В. «Младшая Орда» тарауының «10. Алчыны» бөліміндегі топонимикалық мысалдар толық дәлел. Біздің ойымызша алшындардың ауу мезгіліТүркі қағанатының құлауымен тұс па тұс уақыт. Ал, әңгімені тереңдетсек «л-ға» тілі келмейтін Қытайдың «ашын» («аш-ин») деп жүрген жұрты да осы АлшындарАлтайды мекендеген жұрттарАлшындар болатын» (Ақтөбе. «Арсенал» баспа үйі. 1990 ж. «Рух» газеті. «Рушежіре»). Олай болса жоғарыда келтіріп отырған деректеріміз құрамында кіші жүз ру-тайпалары бар қазақтар тарихының IV ғасырға жататындығын тағы бір растап кетеді. Сондықтан черкештердің таулықтар емес, біздің он екі ата байұлына кіретін шеркештермен туыс, түбі түркі қандас бауырларымыз екендігін баса айтып кеткіміз келеді. Әйтпесе, олармен қоғамдық тіршілігі, салт-дәстүрі ортақ Қазақия қауымдастығында кезінде бірлесе өмір сүруіміз неғыйбыл емес пе еді.

Сөздің реті келіп тұрғасын айтқымыз келеді, атақты Бейбарс өзі мен Ибн Халдун жазған «Қыпшақтар шежіресінде», мәселен, өзін қыпшақтың брж-оғлы руынан шыққанмын дейді. Араб зерттеушісі Аль-Айни де өз жазбаларында осыны құптайды. М. Тынышпаев жоғарыда аталған мақаласында зерттеуші Л.Будаговтың «берж»(«брж») сөзі тобыл татарларының тілінде қайыспас, берік деген мағынаны, ал «бурудж» сөзі «қорған» деген ұғымды береді дейтінін, ал қазақ тілінде «берш» деп дененің қатқылданған жерін айтатынымызды жазады. Ғалым зерттеуші Леп-Пуль-Стенлидің египеттік мәмлүк сұлтандарының екі әулеті болды, 1250–1390 жылдар аралығында «бах-ри»(«өзен»әулеті) және 1390–1517 жылдар аралығында «бурджи»(«қорған» әулеті) әулеттері билік жүргізді деген деректеріне сүйене отырып, «Выше мы видели, что подводная скала на р. Томи названа «буриш». Кстати заметим, буква «ш» в словах восточных тюрок обычно переходит в «дж» у западных тюрок (например, у осмнлисов). Из сопоставления указанных слов надо думать, что наименование династии «буруджи» произошло не от слова «башня», а от рода «бердж» или «берш». Это вполне потверждается вышеуказанным показанием султана, что он «происходит от «брж» или «берш», тюркского народа», -дейді. Ұзын сөздің қысқасы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні–аты аңызға айналған әйгілі мәмлүктік Мысыр билеушісі Бейбарстың (1223–1277ж.ж.) да осы Алтайдан қоныс аударған аты алты алашқа мәшһүр болған атақты алшынның тілге тиек етіп отырған беріш руынан екендігін еске сала кету.

Шежіре зерттеушісі Жарылқап Бейсенбайұлы жоғарыда аталып кеткен өз шежіресінде араб жазушысы Аль-Айнидің деректеріне сүйене отырып, жасы 57-ге келген Бейбарсты улап өлтірген Қалауын сұлтанның да қыпшақтардың Берж руынан екендігін айтып кетеді. «Зерттеушілердің айтуынша Бейбарстың ата-тегі де сол Қазақия өңіріндегі Дербент маңынан, Үстірт, Еділ, Қаратеңіз аралығын жайлаған қыпшақтардан. Ол он жасқа келгенде елі шапқыншылыққа ұшырап, өзін моңғолдар итальян көпестеріне сатыпты, олар оны әрі қарай Мысырға жөнелткен. Сол жерде мәмлүктер жасағында тәрбиеленіп, өзінің әскери дарыны, қолбасшылық қабілеті арқасында мемлекет әміршісіне дейін өседі. Осы ретте Берж әулетінің билігінен кейін Египетті олармен туыс черкестерден (шеркештерден) шыққан мәмлүктер биледі),-дейді ол әрі қарай. Бұл Бейбарстың: «Мен қыпшақтың Брж-оғлы (берш-ұлы) руынанмын»,– деген жоғарыда айтылған дерегіне сай келеді. «Осы орайда алшындар, оның ішінде беріш атасы Қыпшақтың бір сынығы деген дәйектердің де түп-төркіні қылаң бергендей болады»,– дейді шежіреші, жазушы. Егер Алтай айналасы мен Дешті Қыпшақ жерінің бір шеті кезінде Еділ, Жайық, Қара теңіз аралығын жайлаған бұрынғы Қазақияның құрамына қараған болса, алшынның беріші қыпшақ жұртының ортасына қалыңырақ, тереңірек еніп, қоныс аударғанда өздерін олардың бірі деп санап кетуі, біздіңше, таңқаларлық жайт емес, заңды құбылыс. Көп қашанда көптігін жасаған да, ал азшылық өзін олардың құрамында әрқашан солардың бірі деп санап отырған.

Қазақия мен оның құрамына кірген ру-тайпалар жөніндегі деректерді ауыз әдебиеті үлгілерінен де табуға болады. Мәселен, халқымыздың Қазтуған, Доспамбет, Шәлгез сынды айтулы жампоз ақын-жырауларының аузынан төгілген төмендегі жыр жолдары соның айқын айғағы дерлік.


«Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір,

Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір» , – деген, сондай-ақ,


«Алаштан қазақ тараған,

Ноғайлыға қараған.

Жауға алдырмай ноғайлар

Бір-біріне жараған.

Ноғайдан қазақ бөлініп,

Үш жүз болып тараған»,– деген


өлең тармақтары қазақ пен ноғайлының кезінде бір одаққа бірігіп, бір қауымдастықта болғанын, бірақ түрлі себептермен бұл одақтың кейін ыдыраған кезін сипаттайды. Осы орайда, шежіре зерттеушісі Жарылқап Бейсенбайұлының кіші жүздің ішінде сақталып қалған «Ноғайлы-қазақ» («Ноғайты») руы сол Ноғайлы мен қазақ ұлыстары ажыраған шақта қазақтардың арасында қалып қойған ноғайлының бір атасы деген болжам, байламымен де келіспеске болмайды.

Сондай-ақ Әбілбек Нұрмағанбетовтің жоғарыда аталған мақаласында 1963 жылы Мәскеуде шыққан «Ноғай-орыс сөздігіне» сүйене отырып берген, қазақ атты ру-тайпаның ноғайларда да бар екендігін растайтын мәліметтері олардың шындығында да Қазақияның құрамында болып, бір кездері қазақ деп аталғанын дәлелдей түскендей. Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Рахманқұл Бердібаев өзінің зерттеу еңбегінде:«Қазақ пен ноғай ауыз әдебиетіндегі ортақ сарындас тарихи-генетикалық заңдылыққа жатады. Бұл екі халықтың фольклорындағы ұқсастық сол байлықты жаратушылар мен айтып таратушылардың әуел баста бір түбірден шыққан туыстығына байланысты»,-деп бұл екі халықты тонның ішкі бауындай тіпті жақын туысқан қылып қояды («Қарайдар мен Қызылгүл». 7 б. Алматы. Жалын. 1989 ж.).

Сондай-ақ, оқысаңыз да болады, белгілі ақын, жазушымыз Байбота Серікбайұлының «Шежіре шерткен сыр» («Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы, 7 қаңтар) деген еңбегінде Қоңырат пен Ноғай, ал жоғарыда аталған ғалым Әбілбек Нұрмағанбетовтің сілтеме жасай отырып («Ног.-рус.сл.». М. 1963 ж. 491 б.) жариялаған аталмыш еңбегіндегі Ноғайлар мен Қаңлы жұрттарының арасындағы туыстық қатынастарды ашып берер мәліметтер–түптеп келгенде бәріміздің түбі бір туысқан тайпалар екендігімізді, бәріміздің тілге тиек етіп отырған көне Қазақияның құрамында кезінде бірге болғандығымызды, өткен тарихымыздың тікелей осы ұлыспен байланысты екендігін дәлелдейтін деректер.

Тарихшы, зерттеушілеріміз айтпақшы, Ноғайлының құрамында жоғарыда аты аталған ру, тайпалардан басқа алшын, қыпшақ, үйсін руларынан тарайтын тағы да басқа аталардың бар екендігін ескерер болсақ, төскейде малы, төсекте басы қосылған, жақын, көрші қоныстанған бұл екі жұрттың (ноғайты мен қазақ рулары) тұрмыс-тіршіліктерінде қыз беріп, қыз алысып, құдандал, жекжат болып, қаншалықты туыстасып кірігіп, бірігіп кеткендіктерін көрер едік. Сондықтан да, біздің пайымдауымызша, бұлар бірі бөлініп көшкенде екіншісі олармен жақындығын білдіріп, бірге ірге ауыстырған жұрттар. Жоғарыдағы жыраулардың:


«Ей, байтағым, байтағым,

Бастырып сені алдырдым.

Ал, аман бол, менен соң,

Байтағымның ішінде

сан елім ноғайлым,

Сені тағы да алдырдым.

Он сан ноғай ішінде

Үш алпыс отау қазағым,

Сені тағы алдырдым», -деген


қасіретті жыр шумақтары да ақ патшаның отарлау саясаты мен басқыншылық әрекетінің нәтижесінде бір халық боп қалыптасудың аз-ақ алдында тұрған ноғайлы–қазақ ру-тайпалары одағының қайта күйреген кезеңі туралы баяндайды (Жарылқап Бейсенбайұлы. «Кіші жүз. Жанарыс» «Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы, 4 наурыз, 4 б.).

Жазушы Әнес Сарай 2010 жылы «Ана тілі» газетінің бірнеше нөмірінде жариялаған «Ноғайлы» атты көлемді зерттеу еңбегінде ноғай елі Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша Моғол ханы Тұғлық Темір кезінде Сырдария мен Шу, Ыстықкөл мен Жетісу жерінде болғандығын хабарлайды (Валиханов Ч. Собр. Сочинения. І том. Алма-Ата, 1961, 358–359 стр.). Бұл турасында тағы мынандай мәліметтер береді: «Муин ад-дин Натанзи олардың қонысын «Ұлытау, Сеңгірағаш, Қаратал, Жент, Баршын кент» деп, ноғайлының осы тарапта жасаған бір кезеңінен хабар береді (Трепавлов В.В. 56-б.).

Бұл орайда сан-саққа салған әңгіме жеткілікті. Ноғайлы шекарасы әр кезде әртүрлі болған: бірде кеңіп, бірде тарылып отырған. Олардың өзгермеген тиянақты аш өзек, алтын діңгегі–Жайық өзенінің ұзына бойы…

Ноғайлы жұртына алғашқы тиянақты ғылыми барлау жасаған М.Г.Сафаргалиев оның ұйытқы тобы деп 18 тайпаны атаған. Олар: алшын, ас, байғұр, борган, борлақ, гублаг, канглы, кенегес, керей, қыпшақ, қытай, қият, колгин, қоңырат, маңғыт, найман, тайджут,тангучин, түрікмен (Сафаргалиев, 1960, 230-б.)…

Р.Х.Керейтов Ноғайлының ұйытқы тобына бай, қаңлы, қатаған, керейт, қыпшақ, қоңырат, мажар, маңғыт, найман, сильджджгут, үйсін тайпаларын жатқызады (Керейтов Р.Х. Ногайская Орда и вопросы ее этнического состава //ИТАРНО,19–28 стр.). Ірге көтеріп, дәуірлеген XV ғасырда Ноғайлы 64 тайпадан құралып, ал XVI–XVII ғасырларда олар өздерін «140 таңбалы ноғай» атаған (Трепалов В.В., 440-б.). Түрік саяхатшысы Эвил Челеби де «140 рулы ноғай жұрты» деп көрсетеді.

Біртұтас Ноғайлыда ыдыраушылықтың алғашқы нышандары шаң бергенде-ақ Ұлы Ноғай, Кіші Ноғай, Едисан, Едишкөл, Тоғыз, Жембойлық, Буджак ұлыстары көрініс тапты…

Еуропа саяхатшылары Еуразия кеңістігіндегі жері кең, халқы көп бірден-бір құрылым Ноғайлы жұрты деп білді. Бірақ саны қанша екенін кесіп-пішіп атамайды. Бұл орайда Ноғайлы жырларында «теңіздей толқыған Ноғайлы», «теңіздің құмындай сансыз Ноғайлы», «он сан», «отыз сан», «қырық сан» тіркестері жиі кезігеді. Бірақ бұл меңзеулерден халық мөлшерін шамалағанмен, анықтау мүмкін емес. Ноғай зерттеушісі А.И.-М.Сикалиев Ноғайлының санын 2 миллионға жеткізеді. Ал А.А.Тортика, В.К.Михеев, Р.Н.Кортиевтер Еділ мен Есіл, Кама мен Сырдария аралығында 1 млн. 700 мың халық тұрды, ал Ноғайлының атақонысы Еділ, Жем, төменгі Сырдарияда 750 мың деп көрсетіп, Ноғайлының санын осы мөлшермен шектейді…

Ноғайлы жеке шаңырақ көтерерде Дешті-Қыпшақта болып, Едіге туралы құнды деректер қалдырған Клавихо Едігенің ләшкері 200 мың деп көрсеткен. Ал «Қазан жылнамасы» Едігенің ұлдарының әрқайсысында 10 мың жасақ барын атаған. Ендеше, Ибн Арабшахтың Едігенің 20 ұлы туралы мәліметі шындық десек, Ноғайлы ләшкерінің саны 400 мыңнан кем болмаған. Ал ләшкерді жалпы халықтың төрттен бірі деп есептесек, Ноғайлы өтеніндегі халық саны 1 млн. 600 мың болып шығады» (Әнес Сарай. Ноғайлы. Ана тілі газеті. №47. 11-б. 2010 ж.). Бұл келтірген деректеріміз білсем деушілерге Қазақия құрамында болған «Ноғайлы» елі жөнінде құнды мәлімет беретін ақпар көздері.

Ал Әзірбайжан Республикасында бүгінге дейін Қазақ ауданы мен қаласының болуы (Әбілбек Нұрмағанбетов. «Қазақ ру, тайпалары атауының төркіні». «Ана тілі» газеті. 13.05. 1993 ж. 5 бет) біріншіден, олардың да баяғыда Қазақияның құрамында болғандығын, екіншіден, кезінде бірлі-жарымды қазақ руларының оларға ілесіп бірге көшкендігін, сөйтіп олардың қазірге дейін осы аталмыш мекендерде байырғы аттарын сақтап тұрып жатқандықтарын аңғартса керек.

Кезінде бәріміз май шам жарығымен жастанып жатып оқыған айтулы «Қобыланды батыр» жырының бір нұсқасында кездесетін:


Страницы книги >> Предыдущая | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | Следующая
  • 0 Оценок: 0

Правообладателям!

Данное произведение размещено по согласованию с ООО "ЛитРес" (20% исходного текста). Если размещение книги нарушает чьи-либо права, то сообщите об этом.

Читателям!

Оплатили, но не знаете что делать дальше?


Популярные книги за неделю


Рекомендации