282 000 книг, 71 000 авторов


Электронная библиотека » Леонид Вариченко » » онлайн чтение - страница 16

Читать книгу "Төңкеріс. Пиесалар"


  • Текст добавлен: 4 августа 2017, 13:20


Текущая страница: 16 (всего у книги 26 страниц)

Шрифт:
- 100% +
Үшінші көрініс

Сол бөлме. Келесі күн. Жатын бөлмеден әуелі ұйпа тұйпасы шыққан Сәнижан шығады. Оның шашы қобыраған. Өзі тәнтіректеп жүреді. Жуынатын бөлмеге өтіп кетіп душ қабылдап өзін тәртіпке келтіріп жатқаны естіледі. Жатын бөлмеден Заман шығады. Оның да түрі оңып тұрған жоқ. Ол үстелге жақындап келіп бос шөлмектерді көтереді. Бас жазатын ештеңе табылмаған соң шәйнекті алып шүмегінен су сіміреді.


Заман. Ух! (бөлмеге қайтып оралған Сәнижанға) Кеше тым көп ішіп қойыппын. Есімнен танып қалыппын. Хасендер қашан кеткен?

Сәнижан. (жұбайына тік қарауға даты бармай, дастарханды жинаған болып теріс айналып кете береді) Білмеймін… мен де қатты ұйықтап кетіппін.

Заман. (ол да ванныйға кіріп кетіп соннан сөйлеседі) Қайдағы бір жынды түс көрдім. Түсімде қойнымда Арай жатыр екен деймін, ал сені Хасен аймалап жатыр. Сонда мен сені титтімдей болса да қызғансамшы. (күледі)

Сәнижан. (оған естірпей) Е, ол түс болса жақсы болар еді. Қайдам… (жатын бөлмеге барып бейнекамераны алып келеді де іске қосып қарайды) О, масқара! Бәсе! Мұның бәрі түсімізде емес, өңімізде болыпты ғой. Әлгі Хасен болғанның бәрін камераға түсіріп алыпты. Ұят ай! Мұны енді Заман көрмесін.


Камераға жазылғанды өшіріп әлек болып жатқанда Заман оралады. Ол су болған шашын орамалмен сүртіп, сосын айна алдына барып таранып Сәнижанның не істеп жатқанын байқамайды. Осы тұста уақыт машинасы іске қосылып түрлі түсті шамдары жанып бөлме шимай шимай сәулелердің астында қалады.


Сәнижан. Астапыралла! Бұл не?

Заман. А?! Уақыт машинасы іске қосылды. Кеше өзіміз болашаққа бағдарлама жасап қойдық қой. Он екі сағат өтті.


Жетіп барып машинаның пультын қолына алып үлгіргені сол екен, бөлме тастай қараңғыға батып кетеді. Тек Сәнижанның шыңғырған дауысы ғана естіледі.

Қайтадан жарық жанғанда ол екеуі бір ен далада тұр. Заманның қолында пульт, Сәнижанның қолында бейнекамера. Бір уақытта ырылдаған қырылдаған қорқынышты дыбыстар қаптап кетіп үрей басқан Сәнижан Заманның құшағына тығылады.


Сәнижан. Бұ не ырыл? Біз қайда тұрмыз, Заман?

Заман. (жан жағына алақтай қарайды) Білмеймін…

Сәнижан. Заман, мен қорқамын. Құрысын, керегі жоқ болашақтың, қайтайықшы үйге.

Заман. Қазір… (пульттың кнопкаларын басып жатып) Бірдеңесі дұрыс болмаған ғой. Сондықтан біз болашақтың орнына өткен шаққа кетіп қалғанға ұқсайды. Қазір, қазір…


Сөйткенше болмай бір топ ырылдаған мутант хайуандар жетіп келіп екеуін бір бірінен айырып әкетіп жығып салып апыр топыр қылады. Сәнижан шыңғырып, Заман бақырып жатыр. Оған қарайтын мутанттар жоқ. Осы тұста ысқырықтың дыбысы естіліп бұларға бастарында каска, үстерінде сауыт-сайман асынған инопланетяндардың спецназы кеп тиіседі. Хайуандарды резеңке шоқпарлары мен электр шок аспаптарымен қуып Заман мен Сәнижанды құтқарып қалады. Олардың жанына Альфа мен Центавра жақындайды. Ол екеуінің жүздері ашық, түсі жап-жасыл.


Сәнижан. (орынан тұрып, дір-дір, қалш-қалш етіп Центавраға жақындай түсіп) Алла сақтай гөр! Жаңағы құбыжықтар кім өзі?

Центавра. (Сәнижанның үсті басын қағып соғып жатып) Бұл құбыжық мутанттар. Баяғы жер шарын мекендеген адамзаттың азып-тозып біткен ұрпақтары.

Заман. (бет-ауызын басқан қанды жеңімен сүртіп жатып) Адамзаттың ұрпақтары? Ал сонда… сіздер кім боласыздар?

Альфа. Біз басқа планетадан, Альфа Центавра жұлдызынан келгенбіз. Өздеріңіз қайдан келіп түстіңіздер?

Заман. Біз бе? Біз… біз… (Сәнижанға қарайды)

Сәнижан. Біз… ана… не… біз алыстан келдік. Басқа галактикадан… Андромеда тұмандығынан.

Альфа. О! Шынында да алыстан келіпсіздер. О жақ аман ба?

Заман. Иә, тегіс аман, шүкіршілік.

Альфа. Танысып қояйық. Менің есімім Альфа. (жанындағы әйелді нұсқап) Ал мына менің зайыбым, есімі Центавра. (Заманға) Ал сіз ше?

Заман. (қолын беріп жатып) Менің атым Андро. Ал мынау менің әйелім – Меда.

Альфа. (төртеуі бір бірінің қолдарын алып) Өте қуаныштымын. Андромеда галактикасында бұрын соңды болған емеспін. О жақта өркениет қарқынды дамып келе ме?

Заман. Иә. Міне, Жер шарына барлау мақсатпен да келіп қалдық. Сонда мұнда не болған сонша адамзаты аздыратындай?

Альфа. Жүріңіздер, біздің базаға қарай аяңдайық. Осы аймақты нағыз жыртқыш мутаннтар мекендеген, сондықтан бұл жерде тұру өте қауіпті.


Олар инопланетян спецназының қоршауында жүріп келе жатып сөйлеседі. Заман мен Сәнижан жан жаққа қауіптене көз тастап келеді. Олар негізінде бір орнында «жүріп келеді», тек қана декорациялары жылжып отырады. Декорацияларда бұрынғы қалалардың, онда болған ғимараттардың қирап біткен қалдықтары бейнеленген.


Альфа. Адамзатты аздырған арақ-шарап, есірткі. Мына, біз келе жатқан жерде бұрын Қазақстан деген ел болған екен. Ол ел жиырма бірінші ғасырдың басында өте қарқынды дамып келе жатқан ел болған. Со кездің президентінің халқының алдына қойған жоспарлары жақсы болған екен. Әттең, сол жоспарлар жоспар күйінде қалған, өйткені қоғамдарында сыбайлас жемқорлық деген дерт тым меңдеп бой бермей кеткен. Сол мемлекеттің азаматтары арақ-шарап, есірткі деген жаман нәрселерге үйір болып генетикалық тоқырауға ұшырған. Есірткі мен арақ олардың генофондының тамырына балта шапқандай әсер еткен. Нәтижесін өздерің көріп тұрсыңдар. Қыз-келіншектері, жігіттер мен ерлері жеңіл жүріске әуес болып, кім көрінгенмен кездейсоқтық жыныстық қатынастарға түсіп СПИД сияқты айықпастай дерттерге ұшырап халықтың санын күрт төмендетіп алған. Ал одан аман қалғандары азып-тозып хайуан мен малға айналған.

Центавра. (осы кезде олардың алдында қираған қаланың суреті көрінеді; құлап жатқан ғимараттардың арасында Бәйтеректің қаңқасы ғана тұр) Міне, мына жерде олардың жаңа астанасы болған. Қандай зәулім үйлер, қандай ғимараттар тұрған бұл жерде. Тоқырауға ұшыраған адамдары, хайуанға айналғасын бүкіл қаланың тас-талқанын шығарған. Енді жабайы түрде, бірін бірі азық қылып ен даланы мекендеп жүр.


Есек тәрізді бақырып өкіргендер келеді.


Заман. (Сәнижан оны тасалап мутанттарды бейнекамераға түсіреді) Ал мыналары кім?

Альфа. Бұлар бұрынғы ақымақ топастар. Есек тәрізді мақлұқтарға айналған.

Центавра. (Сәнижанға) Біз де осында көргеніміздің барлығын бейнекамераға түсіріп алғанбыз. Сосын елге оралғанда жастарымызға тәлім тәрбие үшін көрсетеміз. Егер арақ ішіп, есірткі қабылдасаңдар біздің де ұрпақ осындай кеселге ұшырайды деп ескертеміз.

Сәнижан. Иә, иә, мен де сондай мақсатпен түсіріп жатырмын. Біз де елге қайтып оралғасын жастарымызға осындағы жағдайды мәлімдеп жаман қылықтардан тосып тәрбиелейміз.


Олар сапарын жалғастырады. Енді бұлардың жанынан түйе тәрізді мойнын созып басын кекірейткен біреулер бұларға түкіріп өтеді.


Заман. (бет-ауызына шашыраған түкірікті сүртіп жатып) Түү! Бұлары несі-ей!

Альфа. (күледі) Бұлардың қандайын көрмейсіздер әлі. Мыналар – бұрынғы тәкаппар, басқаларға жоғарыдан түкіріп менсінбейтіндерден тараған мутанттар.

Сәнижан. Мутант боп азып кетсе де жаман әдеті қалмапты ғой.

Центавра. Әрине, азған адам жақсы қасиеттерін жоғалтса да жамандықтарын алып қалады. Ол аксиома.


Маймыл тәрізді мутанттар бақ-шақ болып, жүріп келе жатқандарды мазақтап бірсыпыраға шейін соңдарынан қалмай бағады.


Заман. Ал мыналар, мен білсем, бұрынғы қылжақбас немелер.

Альфа. Дәл өздері!


Артына бес-алты төбет ергізген қаншық сияқты бір ұрғашы мутант жүгіріп өтеді. Оның соңына ерген ер мутанттар бір бірімен ырылдасып, арс-арс етіп өтеді. Барлығының қайқайған ит құйрықтары бар.


Центавра. Ал мына бір мутант өзінің жұбайын қанағат қылмай, көрінген еркектермен төсектес болған келіншектерлердің ұрпағы болар.

Сәнижан. (бетін басады) Масқара! Ұят ай!

Центавра. Иә, ұят. Осы елде тұрғандардың ата-бабалары сондай инабатты адамдар болыпты. Олар арақ пен есірткі дегенді білмеген. Салауатты өмір сүрген. Ешкімнің ала жібін аттамаған. Ал жиырмасыншы, әсіресе жиырма бірінші ғасырларда өмір сүрген солардың ұрпақтары ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді тәрк етіп, батыстың өркениетті елдерінің тұрғындарына еліктеп, ар-ұят деген ұғымды өткен заманның қажетсіз қалдықтары деп жариялап, еркін және кездейсоқтық жыныстық қатынастарды әдет қылған. Соның нәтижесінде осындай мүшкіл халға душар болған.


Доңыз сияқты қорс-қорс еткен мутанттар бұларды айналып шошқа тұмсықтарымен түрткілей береді. Спецназ қуып жібереді.


Альфа. Ал мына доңызға айналғандар не болса соны азық еткен, харам мен халалды айыра алмаған мешкейлер еді. Бұл елдің тұрғындарының оп-оңды хақ діндері болыпты. Өкінішке орай олар діндерінен безіп, Алла жоқ деп шатасып, дінсіздіктің дертіне ұшырапты. Ал дінсіз адам, әрине, халал – харамның не екенін білмейді. Және дінге берілген шағын бөлігі бірлік пен ынтымақты ұмытып, сан түрлі діни ағымдарға бөлініп, бір бірімен қырылысып, нәтижесінде қалған халықты соңынан ертудің орнына, мүлдем діннен безулеріне себепкер болған.

Центавра. Міне, бұл елдің, жалпы адамзаттың қасіретінің басты себебі осыда. Дінсіздік жайылып кеткен қоғамда рухани тоқырау орын алады. Енді біз, осылардың кебін кимеу үшін өзіміздің дінімізге берік болуымыз тиіс.


Бұлар енді инопланетяндарың базасына жетеді.


Альфа. Міне, біздің базамыздың шебіне де жеттік. Бұл жерде ешқандай қауіп жоқ. (спецназына) Сіздер боссыздар. Тынығыңдар. (Заман мен Сәнижанға) Ал сіздер енді біздің қонағымыз боласыздар.

Сәнижан. Бізге үйге оралу керек еді.

Заман. Иә, рұқсат болса біз үйімізге аттансақ. Тезірек жеткеніміз дұрыс болар.

Центавра. Неге сонша асықтыңыздар? Бір күн қонақ болып кетіңдер.

Сәнижан. Рахмет. Бірақ бізге шынында да үйге тезірек жету керек.

Альфа. Онда сіздерді бөгемейміз. Сау болыңыздар. (Альфа мен Центавра кетуге ыңғайланады)

Сәнижан. Рұқсат болса бір сұрағым бар.

Альфа. Сұрақ? Айтыңыз.

Сәнижан. Сіздер енді не істейсіздер? Елдеріңізге қайтасыздар ма?

Альфа. Жоқ. Біз енді осында қаламыз. Мүлдем қаламыз.

Заман. Сонда осындағы мутант құбыжықтармен өмір бақи алысып өтпексіздер ме?

Центавра. (жымияды) Неге? Олармен алысып қайтеміз.

Сәнижан. Сонда осы базаларыңызда қамалып отырмақсыңдар ма? Бұл не өмір?

Альфа. Жоқ. Керісінше – біз енді бүкіл жер шарын мекендейтін боламыз. Біздің планетамыздың тұрғындары өніп-өсіп ендігі уақытта планетамызға симайтын болады. Солардың бір бөлігін осында көшіріп әкелеміз.

Заман. Ал сонда осындағы адамзаттың ұрпақтары не болмақ?

Альфа. Оларды енді қырып тастаймыз. Жер шарын бұл азғындардан босатып тазартпасақ болмайды. Біз осында болған жылдардың ішінде бұларды зерттеп қайтадан адам қалыпына келтіретін ем іздедік. Бірақ таппадық. Тым кеш келіппіз. Тым кеш қалыппыз. Адамзаттық генофонд қайтарылмастай жойылып кетіпті. Ендігі тек жаппай қырып тастағаннан басқа амал қалмады.

Сәнижан. М-м… өкінішті-ақ болған екен.

Заман. Мен бір амалды білем.

Альфа мен Центавра. (таңырқай) Ол қандай амал?

Заман. (қолындағы пультты көрсетіп) Мына аспап – уақыт машинасының пульты. Осының көмегімен өткен шаққа аттанып, сол жиырма бірінші ғасырдың басындағы адамзатқа, қазақстандықтарға барып, болашақтағы ұрпақтарының жағдайын айтып, мына бейнекамераға түсірген адам шошырлық азғындарды көрсетіп, түзу жолға шақырсақ деймін. Сөйтіп оларға үгіт-насихат жүргізіп, дінсіздіктен, арақ-шараптан, есірткіден, жеңіл жүрістен, және тағы да басқа толып жатқан жамандық атаулыдан бас тартып, салауатты өмір салтына көшулеріне шақырамыз. Одан басқа амал жоқ.

Сәнижан. Иә, сөйтпесек болмайды.

Альфа. Онда сіздерге сәтті сапар тілеймін. Мүмкін сол заманның адамдары сіздердің насихаттарыңызға құлақ салар. Естерін жияр. Болашағы жөнінде ойланар.

Центавра. Иә, оларға қатты ойлануға қажет. Сапарларыңыз сәтті болсын!


Сәнижанды құшақтап қоштасады. Альфа Заманға қолын беріп ол екеуі де қош айтысады. Заман пультының кнопкаларын басып-басып қалады. Тағы да түрлі-түсті шамдар жанып, қызыл-жасыл сәулелер шимақталып, музыка ойнап сахна қараңғылыққа батады.


Альфа мен Центавраның дауыстары. Хош! Хош! Сапарларың сәтті болсын!

Заман мен Сәнижанның дауыстары. Рахмет! Сау-саламат кездескенше!

Төртінші көрініс

Заман мен Сәнижан өздерінің бөлмелерінде.


Сәнижан. Уф! Оралдық па үйге, оралмадық па?

Заман. Иә, мына болашаққа сапар адамды шаршатты. Қарын да ашты. Шай қойсаң қайтеді, Сәнижан.

Сәнижан. Жақсы, қояйын. Сосын, шай ішіп әлденіп алып қалаға барайық. Халықты жинайық. Болашақта не көріп, не білгеніміздІ айтайық. Мына бейнекамераға түсіргенімізді көрсетейік.

Заман. Иә. Телеарналарға барып пресс-конференция ашайық. Өйткені бұл ескертуді, үгіт-насихатты бүкіл адамзатқа бағыттау керек.

Сәнижан. Иә. Алайда өзіміздің халқымыздан, өзіміздің елімізден бастасақ деймін. Егер біздің қазақстандықтар салауатты өмір салтына көшсе, басқа елдерге үлгі болып, басқа халықтарды соңынан ерте алар еді.


Сәнижан шәйнекті алып шығып кетеді. Сол кезде Хасен мен Арай келеді.


Хасен. О! Келіпсіңдер ғой. Қайда жоғалып кеттіңдер? Мана бас жазуға келсем бірің де жоқсыңдар.

Арай. Өткен кештің қызуымен бүкіл жатақханаға, басқа бөлмелердегі жора-жолдастарға қыдырып кеткен шығар дедік. (екеуі де күледі)

Заман. Хасен! Арай! Мен… біз…

Хасен. Не болып қалды, достым? Тыныштық па?

Заман. Тыныштық қой… әзірше. Бірақ…

Хасен. Айтпақшы, әлгі кеше айтқан болашаққа сапарың қайда? Саудамның келешектегі жағдайын білмейміз бе?

Сәнижан. (кіріп келіп) Хасен! Сенің сол саудаң құрысын.


Хасен оған бұрылады. Оны ойнайтын актер бетіне құбыжықтың маскасын кие қояды да тістерін ақситып арс етеді. Сәнижан шыңғырып жібереді.


Сәнижан. Ай! Заман! Заман!

Заман. (жүгіріп оның жанына келіп құшақтай алады) Не болды, жаным?

Сәнижан. Заман, қуып шық мына шайтанның сапалағын!

Заман. Кімді айтасың, Сәнижан? Қайдағы шайтан? Саған не болды?

Сәнижан. Мына адам бейнесіндегі лағынет келгірді.

Заман. Бұл Хасен емес пе. Менің досым Хасен мен Арай, сенің құрбың.

Сәнижан. Жоқ, Заман. Бұлар дос емес. Бұлар біздің қасымыз. Азғырушы шайтанның сапалақтары.


Ол алып келген швабрамен Хасен мен Арайды қуа бастайды. Қолына орындық алған Заман Сәнижанға көмекке келеді. Хасен мен Арай құбыжықтардай арсылдап, ырылдап қарсылық білдіреді. Бірақ шегіншектеп бөлмеден шығуға мәжбүр болады.


Заман. (залға бұрылып) Адамдар! Отандастар! Жастар! Осындай адам бейнесінде арамызда жүрген шайтанның сапалақтарын маңайларыңа жолатпаңдар. Олардың азғыруына көніп арақ-шарап пен есірткіге әуес болмаңдар. Салауатты өмір сүруге дағдыланып, жан мен тәндеріңді таза ұстауға ұмтылыңдар. Жеңіл жүріске, жезөкшелік пен неше түрлі – еркек пен еркек, әйел мен әйел, топ тобымен бірге болатын, азғындықтың шегі саналатын жыныстық қатынастарға жол бермеңдер. Бұлардың барлығы қайда апарып соғатынын жаңа өздерің көрдіңдер. Болашақ ұрпағымыздың жағдайын қазір, бүгін ойлайық. Ертең тым кеш қалуымыз мүмкін.

Сәнижан. Қыздар! Келіншектер! Құрбылар! Салауатты өмір салтын насихаттаушы болыңдар. Қоғамымыздың, бүкіл адамзаттың ар-ұятын сақтайтын, иә сақтамайтын біздің қолымызда. Азғындықа жол бермейік. Адал жар мен салихалы ана болуға ұмтылайық. Отбасының рухани денсаулығы бізге байланысты. Келешек ұрпақтың да жағдайы біздің қолымызда. Олар біздің құрсағымызда басталып жетіледі – соны ұмытпайық. Біздің жанымыз бен тәніміз қандай жағдайда болса, келешек адамзаттың да жағдайы сондай болмақ. Сондықтан өзімізді мұқият таза ұстай білейік.


Шымылдық

Реалити-шоу
КОМЕДИЯ

Кейіпкерлер:


Мұрат – нағыз мұсылман, салафит, бес мезгіл намаз оқиды. Алтынайға ғашық.

Алтынай – ол да мұсылман боламын деп хиджап киіп жүр. Алайда, Мұратты жақтырмай, ауылынан бірге келген Шоқанды жақсы көреді.

Шоқан — ауылдан келгендігін мойындағысы келмейді, өзін қаланың тұрғынымын дейді, өйткені, шын мәнінде, оның ауылының қалалық типті поселке деген атағы болған. Сәнияны ұнатады.

Сәния – келешек ағылшын тілі маманы. Келіссін – келіспесін ағылшын сөздерін айтып жүреді. Оның ұнататыны Дарын.

Дарын – бәрі оны жалқау дейді, өйткені оның бар бітіретіні – төсекте жатып агенттен шықпайды. Сөйтіп жүріп оның тілі ащы. Майгүлді ұнатады.

Майгүл – фотомодель. Өз-өзімен әлек. Бірақ Тоқтарға ұнағысы келеді.

Тоқтар – ауыр атлетикамен айналысады, качок. Штанга, гиря, гантель – бұлардан басқаны білмейді. Тойжанға ғашық.

Тойжан – қазақтың қарапайым қараторы қызы. Мұратты ұнатады.


Психолог – оның идеясы: берік отбасының негізін махаббат емес, бірін бірі күйіп-сүйіп қосылған емес, кездейсоқтық әдіспен қалыптасқан жұптар құрайды-мыс.

Бастық – сәл дөрекілеу адам.

Жатақханаға кейін келген үш жігіт пен бір қыз

Бірінші көрініс

Төрт жігіт тұратын жатақхана бөлмесі. Төрт төсек. Арғы жақта ашық тұрған терезе. Терезенің жанында үлкен айна ілулі тұр. Бір бұрышта ыдыс-аяқ пен азық-түлік сақтайтын шкаф, оның жанында шағын үстел. Үстелдің екі жағында төрт орындық. Есік жақ бұрышта бір штанга, екі гиря, екі гантель. Дарын жалғыз, ол төсекте жатыр, қолында сотка. Ол агентте, соткасының кнопкаларын пипылдатуда. Мұрат келеді. Оның үстінде шапан, басында сәлде, аяғында мәсі, шалбарының балағы шорт кесілген.


Мұрат. Ассаламу ғаләйкүм!

Дарын. (оған қарамастан) Қал жақсы ма.

Мұрат. Дарын! Осы сен сәлем қайтаруды білмеймісің?

Дарын. Басымды қатырмашы, салафит!

Мұрат. Иә, мен салафитпын. Өйткені пайғамбарымыз, саллаллаһу ғаләйһи уассалам, салафит болған.

Дарын. Миды шірітпеші, ваххабит!

Мұрат. Иә, мен ваххабитпын. Өйткені, ваххаб, дұрысы уаһһаб – ол Аллаһтың көркем есімдерінің бірі.

Дарын. Құлақты сасытпашы, Мұрат!


Мұрат бірдеңе айтқысы келеді, бірақ бөлмеге хиджап киген Алтынай кіреді.


Алтынай. Ассаламу ғаләйкүм!

Мұрат. (күлімдеп) Уа ғаләйкүм ассалам! Кайфа халуки, Алтынай?

Алтынай. Әлхамду лиллаһи, би хайр.

Мұрат. Машалла! (Дарынға) Міне, Дарын, қалай сәлем қайтару керек!

Дарын. Машалла, иншалла! Сендердің бұл сөздерің тоты құстың жаттап алғанына ұқсайды.

Алтынай. Олай деме, Дарын. Мен не деп тұрғанымды білемін. Ал тоты құс айтып тұрған сөздерінің мағынасын түсінбейді.

Дарын. Ал айтшы онда – не дедің жаңа?

Алтынай. «Аллаға шүкір, қайырлымын» дедім.

Дарын. Ал түсініксіз шүлдірлегенше, осылай жөніңді айтсаң қайтер еді?

Алтынай. Дарын, менің сенімен айтысатын уақытым жоқ. (Мұратқа бұрылып) Мұрат, Шоқан қашан келеді?

Мұрат. (өңі бұзылып кетеді) Оны менен несіне сұрайсың? Маған оның бес тиынға да қажеті жоқ.

Алтынай. Олай деме, Мұрат. Нағыз мұсылманға әр адам қажет.

Мұрат. Нағыз мұсылманға тек нағыз мұсылман қажет. Мәселен, сен қажетсің. Ал әлгі Шоқаның нағыз мәңгүрт. Жахиль неме!

Алтынай. Ал маған әр адам асыл және қымбат. Және де Шоқан жахиль емес. Сендер оны түсінбейсіңдер. Оның жаны нәзік. (шығып кетеді)

Дарын. Осы қызды да мұсылман дейді-ау! Ұялмай, қызармай жігіттің артынан жүгіреді де жүреді.

Мұрат. Әй, Алтынайға тіл тигізбе!

Дарын. Керек еді сенің Алтынайың! Сонша елпілдегеніңмен ол сені пысқырмайды да. «Шоқан қайда?» мен «Шоқанды көрмедің бе?» деп жүргені таң атқаннан күн батқанша.


Мұрат оның сөзін естімегенсіп жайнамаз төсейді де намазға тұрады. Спорттық костюм киген Тоқтар келеді. Ол штанганы алып жаттығу бастайды.


Тоқтар. Не жатыс бұл, Дарын? Осылай уақытыңды сарп еткенше, дене шынықтырсаңшы.

Дарын. Оны қайтейін, Тоқтар?

Тоқтар. Дене шынықтырсаң бұлшық еттерің жетіліп мықты боласың.

Дарын. Мықты болып қайтейін? Мен болашақ информатика ұстазымын. Жұмысшы не құрылысшы емеспін. Информатика мұғаліміне жетілген бұлшық ет қажет пе, өзің ойлашы?


Тоқтар сөз таба алмай үнсіз қалады. Сәния, оның соңынан сәл кешігіп Майгүл келеді. Майгүл ақырғы модамен киінген. Ал Сәнияның үстінде киім мүлдем жоқ деуге болады. Бұтында қып-қысқа шорты мен денесінде кеудесін ғана жауып тұрған топик. Сәния бірден Дарынға жақындап төсегіне отыра кетеді, ал Майгүл штанга көтеріп жатқан Тоқтардың жанында гантель көтере бастайды.


Сәния. Хелло, Дарел! (Дарынды солай атайды)

Дарын. Сәния, менің атым Дарын! Дарел емес, Дарын! (Майгүлды көріп, орынан тұрып қызға жақындайды) Майгүл! Майгүл!

Майгүл. (Дарынды естімегенсіп) Амансың ба, Тоқтар?

Тоқтар. (жаттығуын тоқтатпастан) Аманбыз ғой. Көріп тұрған шығарсың.

Дарын. (Майгүлдің жанына келіп гиря көтермекші болады, бірін де көтере алмай тастайды да, қыздың қолындағы гантельдерге жармасады, оның мақсаты гантельдерді тастатып Майгүлді осы жерден алып кету) Майгүл! Қайтесің бұл топасты. Оған өзінің бұлшық еттерінен басқа ештеңенің керегі жоқ. (қолдарындағы гантельдерді бір-бірлеп алып жерге қояды да қызды төсегіне қарай тартады) Жүрші, оңаша отырып сырласайық.

Майгүл. (қолын жұлып алып) Менің уақытым жоқ, маған кастингке кету керек. (жаттығып жатқан Тоқтарқа көз тастап қойып шығып кетеді)

Дарын. Майгүл! Майгүл! (оның соңынан есікке шейін барып, есік жабылысымен тұрып қалады да, сосын желкесін қасып бөлмедегілерге бұрылады) М-м…

Сәния. (оған жақындай түсіп) Хау ду ю ду, Дарел? Бүгін кешке не істейсің?

Дарын. (қызды айналып өтіп төсегіне беттейді) Ештеңе істемеймін. (төсегіне жата кетеді де соткасының кнопкаларын пипылдата жөнеледі)

Сәния. (тағы да Дарынның жанына отыра кетеді) О, май лав! Лас Вегаста бүгін дискотека болады.

Дарын. Бола берсін. Менің дискотекаға уақытым жоқ. Және мен сенің лавың емеспін.

Мұрат. (намазын аяқтап тұрады) Сәния, мына сиқың не? Масқара ғой!

Сәния. О, щщет! Менің не – бір жерім ашық тұр ма?

Мұрат. Ендігі со жерің ғана қалды ашылмаған. Және де үш жігіттің арасында отыруға ұялсаңшы.

Сәния. (атып түрегеледі де жұдырықтарын түйіп сілкінеді) О, щщет, щщет! Отырсам не? Жатқан жоқпын ғой. Әлде бөлмелеріңе кіргізбейін деп пе едің?

Мұрат. Иә, дәл айттың. Бұл жігіттер бөлмесі. Қыздар мұнда кірмеуге тиісті.

Сәния. (қайтадан отыра кетеді) О, кей! Осы сөзіңді Алтынайға да айтсаңшы. Ол да осы бөлмені айналшықтап шықпайды.


Мұрат сөзден тосылып қалады. Жәйнамазын жинаған болып теріс айналады да бөлмеден шығып кетеді. Шоқан кіреді.


Шоқан. (Сәнияға ұмтылады) Сәния! Мен сені іздеп жүрсем сен осында екенсің ғой.

Сәния. (оны жақтырмай) О, май гоот! Шоқан, бойыңнан тезектің иісі мүңкіп тұр, сондықтан маған жұғыспай әрмен жұрші.

Дарын. (төсекте жатқан бойы) Ол қалай жұғыспай жүрсін, Сәния! Шоқан саған ғашық емес пе? (мысқылдай күледі)

Шоқан. (Дарынға төнеді) Әй, сен! Сен!

Дарын. Иә, мен, мен! Не қылайын деп едің, малшының малшы баласы?

Шоқан. Мен малшының баласы емеспін! Менің әкем инженер.

Дарын. Ин-же-нер! Мүмкін итжегер шығар? (күледі, оған Тоқтар мен Сәния қосылады) Сен өзі Чукоткадан келген жоқпысың?

Шоқан. Менің келген жерім қалалық типті поселок. Яғни, кішігірім қала.

Тоқтар. (енді оның қолында гантель) Ауылды типті поселке десеңші.

Шоқан. (жұдырықтарын түйіп Тоқтардың жанына жетіп барады) Әй, качок! Кімнің сиыры мөңіресе де сенікі үндемесе екен. Шаруа қожалығының қара өгізі!

Тоқтар. (Шоқанды кеудесімен итеріп жібереді) Кім өгіз?! Кім өгіз! Сен байқап сөйле, жігітім!

Шоқан. Ал байқамасам ше? Не қылайын деп едің?


Тоқтар оны гантель ұстап тұрған қолының білегімен қойып қалады. Шоқан ұшып түседі. Атып тұрып және ұмтылады. Тоқтар оны тағы да ұрып құлатады. Осы жерде Тойжан кіріп келеді.


Тойжан. Мұрат! Мұрат бар ма?

Тоқтар. (гантельдерін тастай сала қызға жақындайды) Тойжан! Мынадай жігіт тұрғанда сол молданы қайтесің?

Тойжан. (оның сөзін естемегендей Сәнияға) Сәния, Мұратты көрдің бе? (көзін алақанымен басып тұрған Шоқанды көріп) Жігіттер! Төбелесіп қалдыңдар ма? Сәния, не ғып отырсың араға түспей?

Сәния. Ол райт! Ендігі жігіттердің арасына түскенім қалыпты. Әлін білмеген әлек демекші, Шоқан өзі килігіп, өзі таяқ жеді.

Шоқан. (сүйікті қызының алдында таяқ жегеніне, сол қыздың мына сөзіне шыдай алмай қалш-қалш етіп бірер секунд тұрады да ашық тұрған терезеге ұмтылады) А! Мұндай қорлық көргенше өлгенім артық! (сыртқа бір-ақ секіреді)

Тойжан. Ой-бу!


Тойжан терезеге жетіп барып сыртқа қарайды. Сәния мен Тоқтар оның жанына барып аулаға көз тастайды. Шоқанның ауырсынған дауысы естіледі. Дарын сол жатқан жерінен қозғалмайды.


Тойжан. Неге секірдің енді! Әне, аяғыңды ауыртып алдың. Шыққан-сынғаннан аман ба?

Дарын. (қарқылдап күледі) Әй, мынаның жаны тәтті екен. Әйтпесе, өлгісі келсе, тым құрығанда екінші қабаттан секірмес пе еді?

Тойжан. (есікке беттей бере) Дарын! Қандай тас жүрек едің. Аясаңшы адам баласын.

Дарын. Оның несін аяйын? Өлем деп бірінші қабаттан секіріп аяғын ауыртып алғанына ма? (тағы да күледі, оған Сәния қосылады)

Тоқтар. (Тойжанның соңынан кетіп бара жатып) Дарын, шынында да жүрегің тас екен. (шығып кетеді)

Дарын. Пішту! Шоқанды сабағанда өзінің жүрегі қайда болды екен? Бұл сөзін Тойжанға жағыну үшін айтып тұр.

Сәния. О, йес, йес! Әрине, солай. Дарел, бүгін кешке не істейсің? Лас Вегаста…

Дарын. Ештеңе істемеймін. Маған оқуға дайындалу керек. Және мен Дарел емеспін. (басқа бүйіріне аунап теріс қарап жатады да соткасының кнопкаларын пипылдата жөнеледі)


Ақсаңдаған Шоқанды бір жағынан Тойжан, екінші жағынан Тоқтар демем, үшеуі бөлмеге кіреді. Шоқанды орындыққа отырғызады. Сосын Мұрат, Майгүл және Алтынай келеді. Барлығы дабдырласып жатыр.


Алтынай. Не боп қалды, Шоқан? (Шоқанға жетіп барып тізерлей кете аяғын бассалады) Аяғың қатты ауырып тұр ма?

Шоқан. (оны өзінен итереді) Жоқ, ештеңе емес.

Дарын. (жатқан орнынан) Алтынай, не бағып жүрсің? Жерлесің бір ажалдан аман қалды ғой. (күледі, оған Сәния ғана қосылады)

Алтынай. (орнынан тұрып соларға бұрылады) Дарын! Бір мезгіл тіліңді тартсаң ет. Ал сенің, Сәния, ұятың жоқ екен. Білдей бір жігітті өлтіре жаздап отырғаның мынау. Бетің бір бүлк етсе, шіркін!

Сәния. (орнынан тұрып Алтынайға қарсы шығады) О, май гоот! Сонда мен екем ғой бәріне кінәлі.

Алтынай. Сен емегенде кім? Шоқан: «Сәния, Сәния!» деген сайын бір жерің шелектей болады.

Сәния. О, щщет! Сен өзі не деп тұрсың!


Екі қыз ұстаса кетеді де олардың арасына Тойжан түседі. Осының үстіне бастық келеді. Ол келісімен бәрі жым болады.


Бастық. Бұл не ЧП?! Не болды, балалар?


Барлығы төмен қарап үндемейді.


Бастық. (аяғын сипалап отырған Шоқанға) Аяғыңды неғып ауыртып алдың? (көгеріп кеткен көзін көріп) Өзің не, біреумен төбелескенбісің? Көзің көгеріп кетіпті ғой.


Шоқан төмен қарап үндемейді. Бастық жігіттер мен қыздарға бұрылады.


Бастық. Балалар, не болды бұ жерде? Алтынай, Мұрат?

Алтынай. Мен мұнда болғам жоқ бастық, жаңа ғана кірдім.

Мұрат. Мен де мана шығып кеткем.

Бастық. Майгүл, Тоқтар! Сендер не айтасыңдар?

Майгүл. Мен жаңа ғана кастингтен оралдым.

Тоқтар. Ал, мен штангамен жаттығып жаттым.

Бастық. Сәния, Дарын! Сендер не көрдіңдер?

Сәния. Айм сорри, босс! Мен Дарынмен әңгімелесіп тұрғам.

Дарын. Ал мен… мен агентте отырғам.

Бастық. Сендердің психологиялық ахуалдарың нашар екен. Жолдастарыңның көзі көгеріп, аяғы сынып жатқанда түк көрмейсіңдер, түк естімейсіңдер. Ертең психологты шақыруға тура келеді. (шығып кетеді)


Страницы книги >> Предыдущая | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | Следующая
  • 0 Оценок: 0


Популярные книги за неделю


Рекомендации